СЕМЕЙДЕ МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ 80-НЕН АСТАМ ҚЫЛМЫСТЫҢ ІЗІ СУЫМАЙ АШЫЛДЫ

 

 

 

Семей қаласында тәртіп сақшылары мереке күндері күшейтілген режімде жұмыс істеді. Демалыс күндері тәртіп сақшылары үш ауысымда қызмет атқарып, қоғамдық қауіпсіздікті жіті қадағалады.

«Күн сайын көңіл көтеретін орындарда кезекшілік ұйымдастырылды. Мереке күндері ауыр және аса ауыр қылмыстар орын алған жоқ. 139 әртүрлі құқық бұзушылықтар тіркеліп, оның 81-і жедел жүргізілген тергеу жұмыстарының нәтижесінде ізі суымай ашылып отыр»,- дейді қалалық  ІІБ мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспанов.

Қылмыстың дені өзгенің мүлкін иемденуге қатысты болған. Айталық, осы аралықта жеке адамның мүлкін ұрлаудың 60 оқиғасы орын алса, 29 бұзақылық, 2 алаяқтық және түрлі дәрежедегі адам денесіне жарақат салудың 7 фактісі орын алған. Сонымен қатар осы мереке күндері 37 жол - көлік оқиғасы тіркеліп, 36 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Ал Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы әртүрлі 81 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып отыр. Оның 45-і ұсақ бұзақылық болса, 17-сі қоғамдық орындарда ішімдік ішу және 49-ы - жол ережесін бұзу фактілері.

Бүркіт.кз

 

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту

Меншік иесі: «Семей таңы – Вести Семей газеттері» ЖШС

Техникалық директор:Қайрат Жолобаев

Бас редактор: Ерзат Жанатұлы

           

Ескерту! Кез келген

материалды көшіру және жариялау

үшін редакцияның арнайы

рұқсатын алу қажет!

 

Телефон: 8-775-746-46-70,

8-707-372-57-00

Кеңсе тел.: 8-7222-52-36-57