Аталған екі көшенің атауын өзгерту жайындағы сіздің пікіріңіздің  маңызды екенін ұмытпаңыз!

БҰЛ КЕШ БҰРЫНҒЫДАН ӨЗГЕШЕAdministrator

Бүгінгі күнге дейін 40 мыңға жуық түлектің алтын ұясына айналып, қанат қақтырған Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің құрылғанына 20 жыл толды. Осыған орай жоспарланған бірқатар ауқымды іс-шаралар шеңберінде 21 мамыр күні 706 бітіруші түлекке диплом табыстау кеші өзгеше сипатта Семейдің Орталық алаңында өтті. «КазГЮИУ mega party» мерейтойлық концерті ұйымдастырылып, Қазақстан эстрадасының бір топ әншілері өнер көрсетті. Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов пен университет ректоры Шырын Құрманбаева үздік бітірген түлектерге дипломдар табыс етті.

ҚазИГЗУ-дің тарихы 1998 жылдан, Қазақ мемлекеттік заң академиясының филиалынан бастау алады. Жоғары оқу орындарын оңтайландыру және нығайту үрдісіне байланысты Семей қаласының заң институты мен Мұхтар Әуезов атындағы университеттің бірігуі нәтижесінде Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті болып қайта құрылды. Қазіргі таңда университетте 5 мыңнан астам студент 28 бакалавриат, 9 магистратура және 6 PhD докторы мамандықтары бойынша білім алуда. Оқу ордасында заң, гуманитарлық, ақпараттық технология және экономика сынды үш факультет бар, 12 кафедра жұмыс істейді. 

«Елу жылда ел жаңа» дейді дана халқымыз. Біз сөз етіп отырған білім ордасы 20 жылдың ішінде талай білімді шәкіртті түлетіп ұшырды. Бүгінде олардың барлығы дерлік республиканың түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етуде.
- Құрылғанына көп уақыт болмаса да, университет білім беру жүйесінде ойып тұрып орын алды. Жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам, заман талабына сай оқыту жүйесі – бұл ҚазИГЗУ-дің жетістігі. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Жастардың болашағына жолдама беру – абыройлы іс. Осы орайда жастардың рухани жаңғырып, білім алуына зор үлес қосып жатқан ордалы оқу орнының ұжымына зор алғыс айтқым келеді. Елорданың 20 жылдығымен қатар келген мерейтойларыңыз құтты болсын! Білімді болуға ұмтылу – қанымызда бар қасиет. Бәсекеге қабілетті маман болудың басты факторы – білім. Білім мен ғылым қуған жастарға Семейдің есігі қашанда ашық. Білім алып, топтан озып, табысты болыңдар! Ел аман, жұрт тыныш, болашақ жарқын болсын! - деді өзінің құттықтау сөзінде шаһар басшысы Ермак Сәлімов.
Әкімнің құттықтау тілегінен кейін сөз алған университет ректоры, саяси ғылымдар докторы Шырын Құрманбаева биылғы жылдың 21-ші мамыры тарихи айтулы күн екенін, жиырма жылда тындырылған ілкімді істердің көп екенін айтып, бітіруші түлектерге ақ жол, сәт сапар тіледі.
Оқуда озат болып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан бітірушілерге қала әкімі мен университет ректоры қызыл дипломдарды тапсырды. Кеш қонақтары ретінде шақырылған «Семей таңы - Вести Семей газеттері» ЖШС директоры Риза Молдашева, филология ғылымдарының докторы Арап Еспенбетов, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ержан Жұмабек сынды танымал азаматтар түлектерге диплом тапсыру құрметіне ие болды.
Думан Кенжеғазин - қолына диплом алып, үлкен өмірге қадам басқан түлектердің бірі. Ақпараттық технологиялар және экономика факультетін үздік тамамдаған ол төрт жыл бойы, оқумен қатар, қоғамдық жұмыстарға да атсалысты. Қазір «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Семей қалалық бөлімшесінің қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып жүр. Келешегінен зор үміт күттіретін Думан өз университеті жайында мақтанышпен айтып, болашақ жоспарларымен бөлісті.
- ҚазИГЗУ маған сапалы білім берді. Қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігімнің арқасында жан-жақты тәжірибе жинақтадым. Университет басшылығы үнемі қолдау білдірді. Ұстаздарым ақыл-кеңесін аямады. Соның нәтижесінде көкейіме біраз дүниелерді түйдім. Осы орайда оқытушыларыма алғыс білдіргім келеді. Алда жоспарлар көп. Ел дамуының даңғыл жолында өз үлесімді қоса бермекпін,- дейді жас маман Думан Кенжеғазин.
Белгілі тележурналист Нұрсұлтан Құрманның тізгіндеуімен өткен кеш соңы Айбек Бекбосынов, Маржан Арапбаева, Ерболат Құдайберген, Әли Оқапов сияқты өнер жұлдыздарының орындауындағы ән мен күйге ұласты.

Жібек СЕРҒАЗЫ

 

(6)

6News

ПАРАДАН АЛҒАН ТҮЙЕДЕН АДАЛДАН ЖИҒАН ЕШКІ АРТЫҚ...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау мен бағалауды іске асыру жөніндегі республикалық

ОТҚА ОРАНҒАН ОРМАН

21 мамыр күні Семейдің қарағайлы орманында шыққан қалың өрт 300 гектар аумақты шарпыған. Мамандар өрттің себебін адам факторымен байланыстыруда. Сейсенбі, 22 мамыр күні «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты

БҰЛ КЕШ БҰРЫНҒЫДАН ӨЗГЕШЕ

Бүгінгі күнге дейін 40 мыңға жуық түлектің алтын ұясына айналып, қанат қақтырған Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің құрылғанына 20 жыл толды. Осыған орай жоспарланған бірқатар ауқымды іс-шаралар шеңб

ШАҒЫН ҚАЛАЛАР БИЗНЕСІНЕ ҚОЛДАУ

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов әкімдік отырысында мемлекеттік гранттарды бірінші кезекте 5 шағын қалаға беруді тапсырды. Айта кету керек, өңірге бизнес бастамаларды жүзеге асыруға 64,5 миллион теңге қ

ЗЫРЯН АУДАНЫНДА ЖАҢА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ЗЫРЯН АУДАНЫНДА ЖАҢА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Шығыс Қазақстан облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында әлеуметтік нысандардың саны тағы біреуге артты. Зырян ауданында ашылған 80 орындық оңалту орталығы аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға медициналық қызмет көрсетіп, психофизикалық тұрақтылық қалыптастыруда...

КҮРШІМ АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

КҮРШІМ АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Үшбұлақ ауылында жаңа мектеп ашылды. Мереке қарсаңында қолданысқа берілген 80 орындық мектеп заманауи техникамен жабдықталып, оқушыға барлық жағдай жасалған. Әсіресе биология, химия, физика пәндеріне арналған...

СЕМЕЙДЕГІ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

СЕМЕЙДЕГІ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Семей қаласындағы Көлік көлледжінің абыройы асқақ. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 88 жылдық тарихы бар колледждің 2 курс студенті Мирас Тынысбеков самбодан жасөспірімдер арасында Кипр мемлекетінің Лимоссол қаласында өткен Әлем чемпионатында қола...

«АЙЫМ» БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ЕСІК АШТЫ

«АЙЫМ» БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ЕСІК АШТЫ

Семей қаласында соңғы жылдары мемлекеттік – жекеменшік әріптестік негізінде салынған балабақшалардың көптеп ашылып жатқанын анық аңғаруға болады. Тәуелсіздік мерекесінен бері шаһарда үшінші балабақша есігін айқара ашты. Заманауи үлгідегі балабақшалардың бірі...

ҚЫЗ ЗОРЛАМАҚ БОЛҒАН - ҚЫТАЙ ЕМЕС, ҚАНДАСЫҢ

ҚЫЗ ЗОРЛАМАҚ БОЛҒАН - ҚЫТАЙ ЕМЕС, ҚАНДАСЫҢ

Осыдан бір аптадай уақыт бұрын Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданы Мақаншы ауылында 11 жасар қыз баланы зорламақ болды деген күдікпен Қытай Халық Республикасының азаматы ұсталды деген ақпарат ғаламторда тез тарады....

ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА 32 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА 32 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Семей қаласындағы перинаталдық орталық пен сол жағалаудағы бөлімшесінде 31 желтоқсан түні мен 1 қаңтар аралығында 32 сәби дүниеге келген. Ақ халаттылардың айтуынша, Жаңа жыл түнінде дүние есігін ашқан сәбилер мен...

СЕМЕЙДЕ МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ 80-НЕН АСТАМ ҚЫЛМЫСТЫҢ  ІЗІ СУЫМАЙ АШЫЛДЫ

СЕМЕЙДЕ МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ 80-НЕН АСТАМ ҚЫЛМЫСТЫҢ ІЗІ СУЫМАЙ АШЫЛДЫ

Семей қаласында тәртіп сақшылары мереке күндері күшейтілген режімде жұмыс істеді. Демалыс күндері тәртіп сақшылары үш ауысымда қызмет атқарып, қоғамдық қауіпсіздікті жіті қадағалады. «Күн сайын көңіл көтеретін орындарда кезекшілік ұйымдастырылды. Мереке...

УНИВЕРСИАДАҒА СЕМЕЙДЕН 3 СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

УНИВЕРСИАДАҒА СЕМЕЙДЕН 3 СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Алматыда 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтетін 28-ші қысқы студенттік Универсиадаға Семей қаласынан биатлон, конькимен жүгіру және шаңғы жарысы бойынша үш спортшы қатысады. Семей қалалық дене шынықтыру және спорт...

ИІС ТИІП УЛАНҒАН ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ИІС ТИІП УЛАНҒАН ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Семейден 90 шақырым жердегі Знаменка ауылының тұрғындары, бүтіндей бір отбасы, түтіннен уланып қалды. Жедел жәрдем стансасының ақпаратына сәйкес, 8 қаңтар күні Знаменка ауылының тұрғындары ауылдан 10 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа...

Меншік иесі: «Семей таңы – Вести Семей газеттері» ЖШС

Техникалық директор:Қайрат Жолобаев

Бас редактор: Ерзат Жанатұлы

           

Ескерту! Кез келген

материалды көшіру және жариялау

үшін редакцияның арнайы

рұқсатын алу қажет!

 

Телефон: 8-775-746-46-70,

8-707-372-57-00

Кеңсе тел.: 8-7222-52-36-57