БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ЖАРИЯЛАДЫ

Шығыс Қазақстанда «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының аймақтық кезеңі қорытындыланды. Бағын сынап, бағытын бағдарлауға жүрексінбеген азаматтардан түскен 32 жоба қазылар таразысына салынды. Облыстың үздік әлеуметтік жобасы 1 миллион теңгенің сертификатын иеленді.   

Өткен аптада салтанатты жиында ақтық мәреге жеткен 9 жоба арнайы көрмеде өз жетістіктерін көрсетті. Сайыста топ жарған жүлдегерлердің бірі - «Біз бірге мықтымыз!» жобасын ұсынған «Алтын-Ай» қоғамдық бірлестігі. Бұл ұйым бүгінде төсек жабдықтарын, сондай-ақ сәбилерге арналған киім-кешек пен сан алуан жиһаздар түрлерін де шығарады. Кембағал жандардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасап, ақпараттық-құқықтық тұрғыда көмек көрсетеді. Қазіргі таңда тек бірлестіктің өзі 27 мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмыспен қамтып отыр.

- Біз барлық байқауларға қатысуға тырысамыз. Атқаратын ісіміз, жобаларымыз туралы халық білсе екен дейміз. Себебі қоғамның белсенді мүшелері ретінде еліміздің дамуына өз үлесімізді қосып келеміз. Ал алған жүлдені өндірісті өркендетуге жұмсайтын шығармыз,- дейді «Алтын -Ай» ҚБ тігін өндірісінің жетекшісі Татьяна Веляева.  

Айта кету керек, Өскемендегі «инватакси» қызметін  көрсететін де осы ұйым. Байқауға жіберілген бейнероликте бұл қызмет түрінің кембағал жандар үшін аса қажет екендігі көрсетілген. Көрмеге әкелінген тігін өнімдері де қазіргі таңда өскемендіктер арасында жоғары сұранысқа ие. Себебі өнім сапасы қайбір шетелдікінен кем түспейді. Айта кету керек, көрмеге ұсынылған қуыршаққа жоғары бағасын берген ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова да баласына арнап біреуін сатып алды.

Аймақтық байқауда ІІІ орынды, яғни 500 мың теңгенің сертификатын иеленген ұжым енді республикалық байқауда топ жаруды мақсат етіп отыр.  

Жалпы, сәуірдің 20-да басталған байқау өңірде екі кезеңде өтті. Қатысушылар алдымен аумақтық сайыста, іріктелгендері аймақтық сайыста бақ сынады. Бас жүлдені, яғни 1 миллион теңгені қанжығаға байлаған - «Авангард плюс» жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы. Жоба авторы Елена Березинская-Абилова өңірдегі кәсіпкер әйелдер ұйымын басқарады. Оның айтуынша, кәсіп иелерімен тығыз жұмыс істей келе, қазіргі таңда өз ісін ашуға ниетті азаматтарға, әсіресе жастарға, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдаудың ауадай қажет екенін түсінген. Соның арқасында бүгінде 300-ден артық адамды оқытып, оның 20-дан астамына кәсібін ашуға қолдау көрсеткен екен.

- Менің «Нұр Отан» партиясына айтар алғысым шексіз. Биылғы байқаудың ақпараттық-насихаттық жұмысының арқасында ұйымдар тарапынан жоғары белсенділікті байқадым. Біздің жоба азаматтардың өз кәсібін ашуына, қоғамда өз орнын табуына қолдау көрсетуге, жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған. Үмітті ақтаймыз деген ойдамыз,- дейді Елена Березинская-Абилова.

Ал екінші орынды Ұлан ауданының «Қамқор» жобасы иеленді. Жиһаз цехы, қолөнершілер үйірмесі,  қызығушылықтарына қарай тағы бірқатар бағытты бірге алып отырған ұландық еріктілер ұйымы басты мақсат бір-бірімізге қамқор болу дейді.

- Биыл бұл байқау бірінші рет «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өтіп отыр. Айта кету керек, өткен жылы тіркелген жобалар саны небәрі 5-еу ғана болса, биыл бұл көрсеткіш 32-ге жетті. Өте жақсы нәтиже деп есептейміз. Себебі ел ішінде көш бастап, үздік атандық,- дейді «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов.

Ақтық мәреге өткен өзге жобалар да марапаттау рәсімінен құр қол қайтпады. Арнайы тағайындалған ынталандыру сыйлығына сай, оларға 400, 200 және 100 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді. Атап айтқанда: «Инклюзивті театр» зертханасы», «Шуақты қала», «Халықтың осал топтарын жұмыспен қамтуға арналған қосалқы шаруашылықты дамыту», «Үміт нұры», сондай-ақ «Өскемен қаласы халқының әлеуметтік қорғалмаған тобы үшін ОКЖ кітапханаларында ақпараттық қызмет түрлерін дамыту» және «Өскемен қаласының әлеуметтік осал топтарына төмен бағамен көмір алуда және жеткізуде көмек көрсету және қолдау» жобалары. Айта кету керек, жүлде қоры өңір демеушілерінің қолдауымен құрылды.

«Нұр Отан» партиясының ШҚОФ баспасөз қызметі.

АҚСУАТТА АЛАМАН АЙТЫС ӨТТІ

28 шілде күні Ақсуат ауылындағы Ырғызбай Досқанаұлы атындағы орталық стадионда Екпін ауылының тумасы, елімізге танымал меценат Дулат Тастекеевтің демеушілігімен «Туған жерге туыңды тік» деген тақырыпта халықаралық ақындар айтысы өтті. Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында алға қойылған міндеттермен үндес айтулы шара биыл Ақсуатта үшінші мәрте ұйымдастырылды.

Айтысқа дайындық жұмыстарының шеңберінде ағайынды Тастекеевтер Екпін ауылының орталық көшелеріне асфальт төсетіп, ауылдың кіреберіс тұсындағы жол бойына қақпа орнатып, Кәбеков атындағы орта мектепте Құлбай Тастекейұлы атындағы мектеп мұражайын және Айдарбек би атындағы тарих кабинетін жабдықтаған болатын. Айтыс басталардан бірер сағат бұрын салтанатты жағдайда қақпаның ашылуы өтті. Мектеп мұражайы мен тарих кабинетінің ашылуы да әлеуметтік маңызы зор игілікті іс ретінде бағаланып, құттықтау тілектер айтылып, лентасы қиылды, шашуы шашылып, көпшілікті қуанышқа бөледі.

Межелі мерзімінде айтыс та басталды. ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енген айтысты өнер бәсекесі, сөз өнерінің сайысы, қазақ ауыз әдебиетінің эстетикалық ләззат алатын, рухани дүниені байытатын, халқымыздың тәрбиелік мәні зор ең асыл құндылығы деп білетін жұртшылық бұл жолы да көп жиналып, айтыстың ақтангерлерін асыға күткен еді. Айтыстың басталғанын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман хабарлап, тапқырлық пен шешендік қабілеттері арқылы айтыс өнерінің әлеуетін арттырған ақындармен таныстырды.

Сахна төріне шыққан Аспанбек Шұғатаев, Жансая Мусина, Тілеген Әділов, Мейірбек Сұлтанхан, Нұржан Өмірбаев, Шұғайып Сезімхан, Оңғар Қабденов, Нұрлыбек Мейірманов, Мөлдір Айтбай, Қырғызстаннан келген Баян Ахметов пен Моңғолиядан келген Серік Қуанғанды жырқұмар қауым қол шапалақтап қарсы алды.

Ақындардың өнерін саралап, көркемдік дәрежесін анықтап, төрелік ету Досxан Жолжақсынов, Алтынбек Қоразбаев, Нәдірбек Әпсәләмұлы, Еркін Жаппасұлы, Серік Қалиев, Ғалым Қалибекұлы, Берік Уәли, Дәулеткерей Кәпұлы сынды еліміздің таңдаулы тұлғаларына тапсырылды.

Айтыс басталарда Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп, мәдени шараның маңыздылығына тоқтала келіп, үшінші рет айтыс ұйымдастырған Дулат Тастекеевке алғыс хат тапсырды. Одан соң Досхан Жолжақсынов пен Дулат Тастекеевке сөз кезегі тиді.

- Туған елім,- деп бастады сөзін Дулат Тұрсынұлы,- өздеріңіздің перзенттеріңіз ретінде туған жерге, халықтың алдына тағы да осы киелі де төл өнеріміз айтысты сый етіп әкелдік. Мұның екі түрлі себебі бар. Біздің Тарбағатай халқы айтыс десе ішкен асын жерге қояды. Екіншіден, біздің төл өнеріміз айтыс - туған тіліміздің, қазақ тілінің сақталып қалуының бір діңгегі. Айтыс дамыса, тіліміздің деңгейі көтеріледі. Тіліміздің деңгейі өссе, халқымыз болады. Халқымыз болса, ұлан-ғайыр жері бар Қазақстан елі мәңгі болады. Сондықтан да айтысты қолдауға бел будық. Айтыспен қоса елге арнаған сыйымыз бар. Оны жыл сайын ұйымдастыру үшін биыл «Асыл тас» деген қоғамдық қор құрдық. Оның мақсаты - туған жерді, қазақ елін көркейтуге, өркениетті ел етуге еңбек еткен ағаларымызға алғыс ретінде төсбелгі тақсақ деген ниет. «Асыл тас» қоғамдық қоры атынан үш азаматқа – Бәделхан Камалханұлына, Ділдабек Оразбаевқа және Талғат Мәзібаевқа «Тарбағатай тарланы» медалін ұсынып отырмыз,- деген Дулат Тұрсынұлы салтанатты түрде Ділдабек Оразбаев пен Талғат Мәзібаевқа «Тарбағатай тарланы» медалін өз қолымен тапсырды.

Айтыс алаңына алғашқы болып осы жердің тумасы Оңғар Қабденов пен «Сыр сүлейлерінің сарқыты» атанып кеткен Мейірбек Сұлтанхан шықты:

Ауылдың алты ауызын айту үшін

Қабденов Оңғар ұлың жыр бастайды.

Ақсуатта болып жатқан бұл айтысты,

Ағайын, мен бастамай, кім бастайды?–

 деп жыр кестесін төгілдірген ол,-

Кеше ғана табылған Алтын адам,

Қойнынан құт кетпеген Тарбағатай,- деп әуелете жөнелді.

Оңғардың онысына жауап ретінде Мейірбек елі сүйген азаматтардың жарқын істерін жырға қоса келіп:

Алтынды жер үстінде бағалайық,

Жер астынан қазып ап мәз болғанша,-

деп термелетті.

Келесі бір сөз кезегі келгенде Мейірбек:

Дулаттай азаматтар көп болса екен,

Мақтан үшін жасамас марапатты.

Құнанбайдың жолымен мешіт салып,

Тапқанын тарыққанға жарататын

Қара термен жинаған қаражатын.

Ынтымақ пен тілерім бақ-береке,

Ырғызбай атам туған елге қонған.

Түркістанды облыс жасап жатыр,

Ақсуатты одан қалай кем көресің,

Облыс орталығы Семей болып,

Семейдің орталығы сенде болсын,-

деп бір қайырды.

Жырқұмар қауымды елең еткізген қыз бен жігіт айтысы болды. Нұрлыбек Мейірманов пен әрі ақын, әрі әлемді шарлаған спортшы, Азия чемпионы Мөлдір Айтбайдың сөз сайысы көптің көңілінен шықты.

«Жиырма жетіге келгенше күйеуге неге шықпай жүрсің?»- деп соқтыққан Нұрлыбекке Мөлдір:

Қабанбайдың кеп тұрса бір ұрпағы,

Әуелі қалыңмалын санатамын.

Күйеуіме ілесіп әлем шарлап,

Жиһангез деген ұрпақ таратамын,-

деп салды.

Оған қуанған Нұрлыбек:

Қысқасы, құртайын деп отырсың ғой,

Қабанбайдың ұрпағын қаңғыбас қып,-

 дей келіп,-

Айтысып қырды да астық, тауды да астық,

Қалжыңдасып, кішкене салғыластық.

Ақыры, Ақсуатқа келін қылып,

Мөлдірдің басындағы дауды бастық,-

 деді.

Нұрлыбекпен әзілі жарасқан Мөлдір ең соңында:

Елге айтатын сырым бар,

«Нәмөгімді» ұғыңдар.

Қайтар билет алмап ем,

Қайдасыңдар, Мұрындар?!–

 деп әзілдеді.

Айтыс мәресіне жетіп, жүлде тарату басталды. Тастекеевтің жүйрік ақынға бір жыл бойы ай сайын екі жүз мың теңгеден тағайындаған стипендиясы Жансая Мусинаға тиесілі болды. Үшінші орынды Мейірбек Сұлтанхан, екінші орынды Нұржан Өмірбаев, бірінші орынды Аспанбек Шұғатаев алса, бас бәйгені Серік Қуанған қанжығасына байлады. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы атынан Бәделхен Камалханұлы белгілеген сыйлықты Талғат Мәзібаев жас ақын Нұржан Өмірбаевқа тапсырды.

Айтыс шымылдығының жабылар сәтінде Жүрсін Ерман:

- Моңғолиядан келген ақын Серік Қуанғанның шын қуанғандағы сөзін тыңдайық,- деп Серікті ортаға шақырды. Сонда Серік:

Алдыңда айтыс қылдым, тектілерім,

Өр Алтайда туылған өткір едім.

Алтайдың ар жағынан атқа қонып,

Ат басын ауылыңа кеп тіредім,

Ақсуаттық ағайын, берген жүлдең

Қарт Алтайға тартуың деп білемін,- деп көпшілікке алғыс сезімін білдірді.

Айтыс аяқталған соң, сахнаға Дәулеткерей Кәпұлы мен Серік Қалиев шығып, өлең оқыды. Айтыстың соңы еліміздегі ең таңдаулы өнер шеберлерінің гала- концертіне ұласты.

Хамза СӘТИЕВ

ПЕРСПЕКТИВНАЯ И ЗНАЧИМАЯ ОТРАСЛЬ

В течение двух дней – с 13 по 14 июля - в поселке Ауэзов отметили День металлурга. В свой профессиональный праздник металлурги принимали поздравления от руководства области, чествовали ветеранов, открыли Центр истории и краеведения в Бакырчикской средней школе подарили сельчанам настоящий праздник со всевозможными конкурсами, викториной и яркой концертной программой.

День металлурга – особенный для жителей Жарминского района и сотрудников Бакырчикского горнодобывающего предприятия. В этом году компания «Полиметалл» отмечает 20-летний юбилей, и в этом же году, в июне, состоялся долгожданный торжественный запуск обогатительной фабрики.

13 июля на площадке вахтового поселка наградили лучших работников, которые внесли особый вклад в развитие предприятия.

- В прежние годы мы могли только условно называть себя металлургами, - сказал генеральный директор БГП Юрий Овчинников. - Зато теперь, после запуска фабрики, с полным правом отмечаем наш профессиональный праздник. Мы достигли поставленных перед нами целей, и я благодарю всех, кто к этому причастен.

- Эта прекрасная новая фабрика – свидетельство того, что мы можем совершить, когда действуем как единая команда, когда работаем как металлурги, - отметил генеральный директор компании «Полиметалл» Виталий Несис.

14 июля  большой праздник для сотрудников и жителей начался с открытия Центра истории и краеведения в Бакырчикской средней школе. Для него выделили целый класс, в котором теперь будут проводить научно-практические конференции, занятия по экологии и профориентации. Бакырчикское горнодобывающее предприятие отремонтировало помещение и оснастило его всем необходимым. Теперь здесь собраны архивные документы, фотографии и материалы, рассказывающие об истории края, о золотодобыче и жителях, внесших достойный вклад в развитие поселка. О значимости Центра в сохранении культурного наследия края, а также воспитании подрастающего поколения, рассказала Алия Шаяхметова.

- Мы давно ждали такого события, поскольку информации о районе и Бакырчике на самом деле не так уж и мало, но она разрозненна, и ее нужно собирать по крупицам. Теперь у нас появился такой Центр, где будет собираться интересная информация о крае, о золотодобыче, о жителях поселка, внесших свой вклад в развитие Бакырчика.  В Центре истории и краеведения каждый найдет для себя много интересного, например, о том, как в старину добывали и перерабатывали руду, как вручную промывали золотоносный песок. Здесь собраны архивные материалы об истории освоения месторождения «Бакырчик» еще в советский период. Если говорить о новейшей истории – золотыми буквами в историю поселка да и вообще в развитие металлургии вписан проект «Кызыл». Он начинает свой отсчет с 2014 года, когда компания «Полиметалл» приобрела два месторождения – «Бакырчик» и «Большевик». С завершением разведывательных работ буквально на пустом месте всего за несколько лет была построена современная обогатительная фабрика, оснащенная передовым оборудованием и техникой. 25 июня этого года состоялось торжественное открытие данного объекта. Примечательно, что в Центре истории и краеведения хранится колба с первым золотосодержащим концентратом, полученным в результате переработки добытой руды на новой обогатительной фабрике. Открытие этого объекта  стало особым, знаковым событием для поселка и всей Восточно-Казахстанской области, ведь столь мощное производство придало новый импульс социально-экономическому развитию всего региона. Теперь подробнее о самом проекте.

Новый этап развития

25 июня на промышленной карте Республики Казахстан появилось новое современное производство золота: в Жарминском районе Восточно-Казахстанской области теперь запущена обогатительная фабрика Бакырчикского горнодобывающего предприятия с производительностью десять тонн золота в год. В открытии фабрики приняли участие заместитель акима Восточно-Казахстанской области Серик Актанов и генеральный директор АО «Полиметалл» Виталий Несис.

Проект «Кызыл» (включает месторождения «Бакырчик» и «Большевик») относится к активам мирового уровня: его запасы оцениваются в 280 тонн золота при среднем содержании 7,7 грамма золота на тонну. Руды «Кызыла» отличаются крайне сложной технологией извлечения золота. Именно из-за их особенностей за 50 лет истории эксплуатации месторождений никому не удавалось наладить здесь масштабную промышленную добычу драгоценного металла.

Предприятие выйдет на проектную мощность в 2019 году, и ежегодное производство золота составит более десяти тонн в год. Первые десять лет месторождение будет отрабатываться открытым способом, далее запланирован переход на подземную добычу - еще более 20-ти лет. 

В настоящее время на предприятии работают 990 человек. Из них 40% сотрудников - жители близлежащих населенных пунктов. До конца года планируется увеличить число рабочих мест до 1 031 чел. 63 студента прошли производственную практику на предприятии, шестеро из них по окончании вузов были трудоустроены на предприятие. С 2016 года на предприятии разработана и внедрена система подготовки персонала по программе «Наставничество». На сегодня 32 человека прошли подготовку по этой программе. С 2018 года на предприятии работает программа подготовки кадрового резерва.

По словам акима Жарминского района Нурлана Сыдыкова, открытие данного предприятия важно не только для поселка Ауэзов, но и для Жарминского района и области в целом. В течение четырех лет налоговые поступления компании в бюджет составили 4,5 миллиарда тенге, сумма инвестиций в проект «Кызыл» составила 133,8 миллиарда тенге.

Праздник для детей и взрослых

Тройное событие - 20-летний юбилей компании «Полиметалл», запуск перерабатывающей фабрики и профессиональный праздник - металлурги отметили не только открытием Центра истории и краеведения, но и многими другими торжественными мероприятиями. Например, в продолжение дня для детей поселка  была предусмотрена обширная программа: встреча с анимированными героями современных мультфильмов, всевозможные игры, конкурсы, викторины, вкусные угощения и подарки. Все это подарило юным гостям праздника хорошие настроение и незабываемые впечатления. Вечером того же дня на только что построенной предприятием открытой площадке была представлена масштабная развлекательная программа с интерактивными конкурсами, например, такими как «Мистер Бауырсак» под слоганом «Время побед». Участниками этого конкурса стали жители села Бакырчик – по замыслу организаторов, победу мог одержать тот, кто испечет самый большой, но в то же время самый симпатичный и вкусный бауырсак. Как оказалось, желающих проявить кулинарное мастерство немало. Хозяйки удивляли гостей своей выпечкой, кулинарными талантами, а также необычным подходом в приготовлении национального угощения. Одна из конкурсанток – Гульнара Букенова - представила на суд жюри и зрителей бауырсак весом в шесть килограммов 350 граммов. Такой гигант наверняка мог бы занять достойное место в Книге рекордов Гиннесса. 

- Рецепт бауырсака очень прост –  яйца, молоко, мука и около 20 литров масла. Для его приготовления мне понадобился 80-литровый казан, сделала тесто, ждала много времени,  пока оно поднимется, потом пекла чуть меньше получаса. Шесть килограммов – это не предел, в следующем году хочу порадовать гостей выпечкой больше десяти килограммов. Это подарок для моих односельчан, сотрудников компании «Полиметалл», металлургов, тех, кто работает в этой нелегкой, но так необходимой отрасли, - говорит Г. Букенова.

Логическим продолжением конкурса, конечно, стало скоростное поедание бауырсаков. И в каждых из этапов победители конкурсов не только получали хорошее настроение, но и памятные подарки от организаторов. Помимо этого, на площадке под слоганом «Время продолжать традиции» каждый мог сфотографироваться с легендарными батырами, полюбоваться на настоящего степного беркута, помериться силами на аттракционе «Силомер», проверить свою информированность о мире актеров в интерактивной игре «Технофан» и многое другое. Стоит особо выделить павильон, посвященный чеканке монет. Здесь каждый желающий мог не просто узнать, но и своими глазами увидеть, как металл превращается в монету.  Аверс и реверс монеты металлурги украсили фирменным логотипом компании «Полиметалл».

Гости праздника принимали активное участие во всех конкурсах, высказывали поздравления и пожелания металлургам.

- Для нашего поселка День металлурга – особый праздник, который каждый год отмечается с теплотой и радостью. Вообще, профессиональный праздник металлурги отмечают еще с советских лет. Но с приходом компании «Полиметалл», особенно в этом году, торжество проходит с особым размахом. Бакырчикское горнодобывающее предприятие является градообразующим. С развитием предприятия крепнет поселок, улучшается благосостояние граждан, к нам едет молодежь, появляются перспективы. Поэтому поздравляю коллег с праздником, желаю здоровья и благополучия, - сказал главный эколог Бакырчикского горнодобывающего предприятия Денис Некрылов. 

Впечатлениями  о празднике поделился энергетик сетей и подстанций Бакырчикского горнодобывающего предприятия Нуржан Бурумбаев.

- Вот уже 12 лет работаю на этом предприятии, и все эти годы мы уверенными шагами шли вперед, развивались, расширялись. И сегодня можем  убежденно сказать, что у предприятия начинается новый этап, об этом можно судить по размаху праздника, по настроению людей, по отношению жителей к профессии металлурга. Здорово, что помимо работы мы можем собраться, рассказать о наших достижениях, поздравить друг друга и просто хорошо провести время.

Аскарбек Иманкулов – металлург с многолетним опытом. На предприятии он работает растворщиком реагентов. Постигать азы металлургии начинал еще в 1995 году, и с этого времени ему ни разу не пришлось пожалеть о выбранной специальности.

- Посмотрите: поселок Ауэзов – живой и развивающийся, здесь очень много молодежи. Все это говорит о перспективности этого месторождения, профессии металлурга. Каждый, кто здесь занят на добыче или переработке, в других отраслях, гордится своей работой, ведь своим трудом мы поднимаем наше село, развиваем в стране металлургию, укрепляем экономику государства. Желаю коллегам, компании «Полиметалл» успехов и процветания, - сказал Аскарбек Иманкулов.

И без того насыщенная развлекательная программа к вечеру  вновь удивила гостей –  на открытой площадке участников праздника ожидала концертная программа с участием казахстанских и российских звезд. Лазерное шоу, праздничный салют и молодежная дискотека стали отличным дополнением к празднику. 

«Локомотив» поселка

У жителей поселка Ауэзов всегда было особое отношение к профессии металлурга, а также к Бакырчикскому горнодобывающему предприятию, ведь именно оно является одним из главных двигателей жизни. Предприятие берет на себя ряд важных социальных задач, которые из года в год не только улучшают благосостояние граждан, но и укрепляют инфраструктуру села, помогают решать различные социальные проблемы. С приходом компании «Полиметалл» это стало еще ощутимее. С 2014 г. «Полиметалл» инвестировал 1,9 млрд тенге в социальные проекты области и Жарминского района. В развитие инфраструктуры поселка Ауэзов, где расположено предприятие, вложено уже более двух миллиардов тенге. В 2018 году планируется инвестировать в развитие инфраструктуры области и района 851 миллион тенге.

Среди основных социальных проектов можно выделить несколько направлений, например, капитально отремонтировано и восстановлено здание детского сада «Акку» на 180 мест. Детский сад оснащен всем необходимым оборудованием и передан на баланс акимата Жарминского района для дальнейшего использования. Капитально отремонтированы здание молодежного центра «Арман», актовый зал акимата, кабинет Совета ветеранов и аксакалов поселка, борцовский зал и заменена система тепло-, водоснабжения средней школы. Капитально отремонтировано здание врачебной амбулатории п. Ауэзов, приобретено медицинское оборудование и машина «Скорой помощи». Построена объездная автодорога общего пользования «Ауэзов – Бурсак». Сумма инвестиций -  895 млн тенге. Построена новая подстанция, обновлены электрические сети поселка Ауэзов. Сумма инвестиций - 279 млн тенге. Построена и введена в эксплуатацию новая современная котельная для поселка Ауэзов. Сумма инвестиций - более 629 млн тенге

Обновлены сети водоснабжения п. Ауэзов и построен новый водовод «Кызыл су». Решен вопрос с обеспечением жителей холодной водой, было затрачено более 295 млн тенге. Казалось бы, сделано немало, но и это не все - ежегодно предприятие выделяет четыре гранта выпускникам средней школы пп. Ауэзов и Шалабай на обучение в вузах РК.   На сегодняшний день за счет предприятия обучаются 27 выпускников.  Предприятие на постоянной основе выделяет значительные средства на содержание дорог (полив и очистку от снега).  Предприятие оказало финансовую поддержку районному отделу культуры на проведение республиканского айтыса и на установку памятника писателю и поэту К.К. Алтынбаеву в с. Калбатау.

Во многом новый этап развития предприятия жители п. Ауэзов связывают с приходом компании «Полиметалл». Именно она вдохнула новую жизнь в горнодобывающее предприятие и металлургию региона. Не случайно Polymetal International  - одна из ведущих золотодобывающих компаний в России, Казахстане и Армении. Портфель активов включает восемь действующих предприятий. Весь комплекс работ от геологоразведки до эксплуатации Polymetal проводит самостоятельно, являясь при этом значимым работодателем и налогоплательщиком в регионах присутствия. В Казахстане Polymetal работает с 2009 года, когда компания приобрела золотомедное месторождение Варваринское (Костанайская обл.). ТОО «Бакырчикское горнодобывающее предприятие» (проект «Кызыл») Polymetal приобрел в 2014 г. С 2015 г. Polymetal входит в состав Совета иностранных инвесторов РК.

Жандос КАСЕНОВ

«БАҚЫРШЫҚ» КӘСІПОРНЫ МЕТАЛЛУРГТЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ

Әуезов кенті маңында орналасқан ресейлік «Полиметалл» компаниясының еншілес құрамы «Бақыршық» тау-кен кәсіпорны компанияның 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отырған Металлургтер күнін кең көлемде атап өтті. Осы күні Әуезов кентіндегі Бақыршық орта мектебінде тау-кен орнының Өлкетану және тарих орталығы ашылып, аталмыш кент пен Шалабай ауылы командалары арасында кіші футбол турнирі өтті. Сондай-ақ кәсіпорынның ардагер жұмысшылары ардақталып, мерекелік түскі ас ұйымдастырылды. Түстен кейін жұмысын бастаған балалар мен кент тұрғындарына арналған ойын-сауық бағдарламалары мерекенің көрігін қыздырса, Ресей және Қазақстан жұлдыздарының қатысуымен өткен концерт халыққа естен кетпес кеш сыйлады.

АЛТЫН ӨНДІРУДЕГІ ЖЕТЕКШІ КОМПАНИЯ

Алтын мен күміс өндіруден Ресей, Қазақстан және Армения мемлекеттеріндегі жетекші компаниялардың бірі саналатын «Полиметалл» биыл 20 жылдық мерейлі мерейтойын атап өтуде. Қазақстандағы жұмысын алғаш рет 2009 жылы Қостанайдағы Варваринское елді мекенінен алтын мен жез өндіруден бастаған кәсіпорын Шығыс Қазақстан облысындағы Жарма ауданына қарасты Әуезов кентіндегі «Қызыл» жобасын 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап қолға алған еді. Жоспарланған межеге сәйкес, небәрі төрт жылдың ішінде «Қызыл» алтын өндіру жобасы іске қосылып, 25 маусымда фабриканың салтанатты түрде ашылуы болғанын газетіміздің өткен сандарында жазғанбыз. Қуатты компания 2015 жылы Қазақстан Республикасының Шетелдік Инвесторлар кеңесі құрамына да енді. 

Шығыс Қазақстандағы Бақыршық өлкесінде тау-кен өндірісі ертеден бастау алғаны мәлім. Кәсіпорын демеушілігімен Бақыршық мектебінде ашылған Өлкетану және тарих орталығы мамандарының деректеріне сүйенер болсақ, бұл өлкеде пайдалы қазбалар 1953 жылдан бастап игерілген. 1956 -1997 жылдар аралығында елді мекенде 3,8 млн. тонна руда және 28,6 тонна алтын өндіріліпті.

Пайдалы қазбалардың қоры жөнінен дүние жүзінде алғашқы ондыққа кіретін Қазақстан территориясында алтын қорының 4 пайызы шоғырланғанын есепке алған «Полиметалл» компаниясы ШҚО-ның Жарма ауданы аумағында орналасқан Бақыршық және Большевик кен орындары мен «Қызыл» алтын өндіру жобасын, жоғарыда айтып кеткеніміздей, 2014 жылы қолға алады. Алдымен барлау және бұрғылау жұмыстарын бастаған мамандар алдыңғы кезекте осыған дейін геологтер айтып кеткен мәліметтердің анық-қанығына көз жеткізуді мақсат тұтқан. «Қызылдан» алынған сынамалар кенді концентратта флотациялау мүмкіндігін дәлелдегеннен кейін-ақ ескі ғимараттарды жөндеу және электр, су, жылу желілерін тарту жұмыстары басталған. 2015 жылы Ұлыбританияның «Wardell Armstrong International» компаниясы кәсіпорынның қоршаған ортаға және әлеуметке әсерін зерттеп, қорытынды бойынша халықпен қоғамдық тыңдау өткізеді. Нәтижесінде Әуезов, Шалабай, Солнечный ауылдарының тұрғындары кәсіпорын жобасына қолдау білдірген. 2016 жылы болашақ карьердің орнында жинақталған шахта үйінділері қайта экскавацияланып, кен байыту фабрикасының және өзге объектілердің құрылысы бой көтере бастайды, фабрикаға қайта өңдеу құрылғылары жеткізіледі. 2017 жылы фабрикаға флотациялық машиналар әкелініп, бу қазандықтары қойылды. Жұмысшыларға арналған асхана да осы жылы салынған. 2018 жылдың І жарты жылдығында ұсақтағыш қондырғылар мен байыту фабрикаларының өзге де негізгі құрылғылары орнатылып, талдау лабораториялары іске қосылған. Осылайша, 25 маусым күні «Полиметалл» АҚ бас директоры Виталий Несис пен ШҚО әкімінің орынбасары Серік Ақтанов фабриканың лентасын қиған болатын.

Аумағы 7,5 мың шаршы метрді құрайтын байыту фабрикасының биіктігі 23 метр, яғни 10 қабатты үймен тең. Оның құрылысына 1,3 мың тонна металл конструкциялар қолданылыпты. Фабрика жылына 2 млн. тонна кенді қайта өңдеуге және 130 мың тонна дайын концентрат алуға қабілетті. Ал тереңдігі 80 метрге жуықтайтын карьерде 44 бірлік көлік кен өндірумен айналысады. Оның ішінде бір ретте 4 346 тоннаға дейін жүк көтере алатын 35 самосвал көліктері де бар. Сондай-ақ кәсіпорынның өзге де белсенді аймақтары 925 000 шаршы метр аумақты алып жатыр.

Мұнда таза алтынды өзге қоспалардан айырып алу екі сатыда жүзеге асырылады. Пирин, арсенопирт сияқты сульфидті минералдармен кристалдық торда біріккен алтынның өте ұсақ бөлшектері флотациялық байыту әдісімен алтынның концентраттарына айналады. Бұл үшін кәсіпорында автоклав құрылғысы (сұйық затты қысымның күшімен жылытуға арналған жабық қазан) пайдаланылады. Бақыршық кен орнындағы алтынның қоры бір тоннасына 7,7 грамм алтын келетін 280 тонна алтынмен бағаланады. Осылайша, флотациялық байыту әдісімен алынған алтын концентраттары Хабаров өлкесіне – «Полиметаллдың» тағы бір еншілес кәсіпорны «Амур» гидрометаллургиялық комбинатына жіберіледі. Содан кейін балқытылған алтын Қазақстанның аффинажды, яғни алтынды өзге металдардың қоспасынан бөліп алатын кәсіпорындарына алтын мен күмістің қоспасы күйінде жіберіледі. Жалпы, «Қызыл» жобасына 133, 8 млрд. теңге инвестиция салынған.

Алтын өндіру технологиясының қиындығына байланысты жарты ғасыр бойы мұндағы алтынды ешбір кәсіпорын өндіре алмаған. Компания бұл орыннан жылына 10 тоннадан астам алтын алуды көздеп отыр. Ал жоба 2019 жылы толығымен іске асады деп жоспарланған. Алғашқы он жылда кенішті игеру ашық әдіспен жүзеге асырылатын болса, одан кейін жиырма жыл уақытқа созылатын жер асты игеру жұмыстары басталмақ.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖОҒАРЫ КӘСІПОРЫН

Кентке жақын орналасқан әрбір үшінші ауыл тұрғыны, яғни 327 адам, кәсіпорын жұмысшысы. Қазіргі күні мұнда 831 ер және 172 әйел адам жұмыс істеуде. Жыл соңына дейін тағы 1 031 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. 988 кәсіпорын қызметкерлерінің 496-сы жоғары және орта білімді болса, өзгелері қысқа мерзімді курстарда оқып, сертификат алған. Бұл бағытта кәсіпорын 2016 жылдан бастап «Тәлімгерлік» бағдарламасымен мамандар даярлауды бастады. Бүгінгі күнге дейін 32 адам осы курста білім алса, 63 студент өндірістік тәжірибеден өтіп, оның 10 пайызы кәсіпорынға жұмысқа орналасқан.

2014 жылдан бастап «Бақыршық» тау-кен кәсіпорны бюджетке 4,5 млрд. теңге салық төлеген. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында облыстың және Жарма ауданының әлеуметтік жобаларына 1,9 млрд. теңге, 2 млрд. теңгеден астам Әуезов кентінің инфрақұрылымын дамытуға жұмсалған. Биыл да аталмыш кәсіпорын облыс және ауданның инфрақұрылымына 851 млн. теңге бөлуді жоспарлап отыр.

Кәсіпорын соңғы төрт жыл ішінде Әуезов, Шалабай аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосты. Мәселен, Әуезов кентінде 20 жыл бойы бос тұрған екі қабатты балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, оған 240 млн. теңге инвестициялаған. Бүгінде 180 балаға арналған «Аққу» балабақшасы кенттегі балалардың балабақшаға деген қажеттілігін өтеп, 40-қа жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Музыка кабинеті және спорт залы да жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ кәсіпорын ауыл ішіндегі жолдарды жөндеуден өткізуге тұрақты көңіл бөліп келеді. Мәселен, Әуезов - Бұрсақ айналмалы жолын салу үшін 895 млн. теңге жұмсалған. Кәсіпорын демеушілігімен «Арман» жастар орталығының ғимараты, жергілікті әкімдіктің акт залы, ауылдың ақсақалдар мен ардагерлер кеңесі кабинеті күрделі жөндеуден өтіп, Шалабай орта мектебіне музыкалық аппарат алынған. Қалбатауда ақын, жазушы Қалихан Алтынбаевқа ескерткіш ашылып, республикалық айтысты өткізуге қаржы бөлген. Әуезов кентінде шағын станция мен 279 млн. теңгеге жаңа жылу қазандығы салынып, электр желілері жаңартылған.

Сондай-ақ аталған кентте су желілері ауыстырылып, «Қызыл су» су таратқышы салынған, суық су мәселесі жолға қойылған. Бұл бағытта 629 млн. теңге жұмсалыпты.

Сонымен қатар кәсіпорын қаражатына Әуезов ауылының дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының сырты, бірінші қабаты жөнделіп, жаңа медициналық аппараттар мен жедел жәрдем көлігі, Шалабай ауылының балаларына шағын автобус тарту етілген. Бұдан бөлек меморандум аясында Бақыршық орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттарды дайындауға 6 млн. теңге қаржы бөлінген, сондай-ақ 2016 жылы кәсіпорын демеушілігімен мектептің оң қанат жылу жүйесі ауыстырылып, еркін күрестен спорт залы ашылған. Сонымен қатар компания әр жыл сайын Әуезов және Шалабай ауылдарының мектеп түлектеріне Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алулары үшін 4 білім грантын бөліп келеді. Осы күнге дейін кәсіпорын демеушілігімен 27 түлек еліміздің жоғары оқу орындарында білім алған. Ауылдағы тұрмыс деңгейі төмен отбасыларға да ұдайы жәрдемдесіп тұратын «Бақыршық» тау-кен кәсіпорнының басшыларына тұрғындар алғысын білдіріп келеді.

Әуезов кентінде «Бақыршық» тау-кен өндіру кәсіпорнының жүлдесіне арналған қыздар арасындағы волейбол және Әуезов кенті мен Шалабай ауыл командалары арасында, Металлургтер күніне орай, кіші футбол турнирлері, сондай-ақ шайбалы хоккей жарыстары тұрақты ұйымдастырылып келеді. «Бақыршық таза ауланы қолдайды» сенбілігі де ауыл тазалығына өз үлесін қосуда.

ӨЛКЕТАНУ ЖӘНЕ ТАРИХ ОРТАЛЫҒЫ

Хош. Сонымен, сенбі, 14 маусым күні Бақыршық орта мектебінде тау-кен орнының Өлкетану және тарих орталығы ашылып, кәсіпорын басшысы Юрий Овчинников пен «Полиметалл Евразия» компаниясының бас директоры Қанат Досмұқаметов құттықтау сөз сөйледі:

- Бақыршық - пайдалы қазбаларға бай өлке. Тау-кен орнының тарихын, осы жолда маңдай терін төккен адамдардың өмір жолын білу жас ұрпақтың бойында білімге деген құштарлықты, туған жерге деген сүйіспеншілікті оятары хақ. Сондықтан бұл өлкетану және тарих орталығының оқушыларға берері көп деп ойлаймын. Жастар – ел болашағы. Сол себепті инвестицияны ең алдымен балалардың келешегіне құйған дұрыс,- деді «Полиметалл Евразия» компаниясының бас директоры Қанат Досмұқаметов.

- Әркім өзінің туып-өскен жерінің тарихын біліп, осы өлкеде туғанын мақтанышпен айта алуы керек. Бұл бағытта «Бақыршық» тау-кен өндіру кәсіпорны жастарды еңбекке, білімге, спортқа баулуда барынша қолдау көрсетіп келеді. Жақында ғана «Қызыл» жобасы өз жұмысын бастады. Бұл пилоттық жоба емес. Сондықтан біз әлі ұзақ жылдар бойы ШҚО әкімдігімен, Жарма ауданымен, сондай-ақ Әуезов кентімен тығыз әріптестік қарым-қатынаста жұмыс істей береміз. Төрт жылдың ішінде облыстың және Жарма ауданының әлеуметтік жобаларына 1,9 млрд. теңге, Әуезов кентіне 2 млрд. теңге қаржы бөлдік. Биыл тағы 851 млн. теңге жоспарланған,- деді Ю. Овчинников.

- «Полиметалл» компаниясының еншілес кәсіпорны – «Бақыршық» тау-кен кәсіпорны Жарма ауданы мен Әуезов, Шалабай ауылдары үшін ауыз толтырып айтарлықтай игілікті істер атқаруда. Жарты ғасырдай уақыт ешкімнің қолынан келмеген ауқымды жұмысты компания игеріп отыр. Кәсіпорын ауылымызда жұмысын бастаған 2014 жылдан бастап кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуына баса көңіл бөлуде. Содан бері ауылымыздың тіршілігі жандана бастады. Жаңа жұмыс орындары пайда болып, халықтың еңбекақысы көтерілді. Су, жылу жүйелері жаңартылып, жолдар жөнделді. Жаңа балабақша салынып, мектеп, Жастар үйі сынды бірқатар әлеуметтік мекемелер күрделі жөндеуден өтті. Қазір ауылымызда 3000-ға тарта тұрғын бар. Тұрақты жұмыс болғандықтан, мұнда жастар мен жас отбасылар қатары көбейіп келеді. Кәсіпорын демеушілігімен спорттық сайыстар мен мерекелік жиындар да жиі өтіп тұрады. Компания өкілдері жәрдем сұрап барған ауыл тұрғындарын құр қол қайтарған емес. Сондықтан біздің оларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Істеріңіз өркендей берсін. Ал бүгін ашылып отырған Тарих және өлкетану орталығы оқушылар үшін пайдалы болары сөзсіз. Кабинет сабақ өткізуге ғана емес, тәлім-тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруға да өте қолайлы,- деді еңбек ардагері, Әуезов кентінің тұрғыны Базарбек Жақбеков.

МЕТАЛЛУРГТЕР КҮНІ АЯСЫНДА

Металургтер күнін биыл Жарма ауданы халқы мен «Бақыршық» тау-кен кәсіпорнының қызметкерлері ерекше көңіл-күйде атап өтті. Себебі биыл «Полиметалл» компаниясының 20 жылдық мерейтойы, оған қоса биылғы маусым айында көптен күткен байыту фабрикасының ашылу салтанаты да болды. Міне, осы қос мерекеге орай, кәсіпорын үздік қызметкерлерін марапаттады.

- Бұрындары біз өзімізді жай ғана металлургтер деп атайтынбыз,- деді «Бақыршық» тау-кен өндіру кәсіпорнының бас директоры Юрий Овчинников.- Енді, фабрика жұмысын бастаған соң, кәсіби мерекемізді атап өтуге толық құқымыз бар. Біз алдымызға қойған мақсаттарымызға табандылықпен қол жеткізе алдық. Және осыған үлес қосқан барлық жандарға алғыс айтамын,- деді Ю.Овчинников.

Ал түстен кейін кәсіпорынның ардагер жұмысшыларына мерекелік түскі ас ұйымдастырылды.

- Мен «Бақыршық» тау-кен өндіру кәсіпорнында 1979 жылдан бері машинист-оператор болып жұмыс істедім. Ал соңғы үш жылда «Полиметалл» АҚ-да қызмет еттім. Бүгінде балаларым да осы компаниядан нан тауып отыр. Кәсіпорынның ардагер қызметкерлерін еңбек демалысына құрметтеп шығарып салған кәсіпорын басшысы Юрий Овчинниковқа рақметімді жеткізгім келеді. Бақыршық – кенге бай өлке. Сондықтан «Полиметалл» компаниясы ауданда әлі ұзақ жыл жұмыс істейді деп ойлаймын. Әуезов кенті гүлденіп, өркендей берсін,- дейді Бикамал Мұхамедиева есімді ауыл тұрғыны.

Жылдағы дәстүрге сай, бұл күні Әуезов кенті мен Шалабай ауылы командалары арасында кіші футбол турнирі өтті. Кәсіпорынның балаларға арнаған ойын-сауық алаңдары да көпшіліктің көңілінен шықты. Әуезов кентінің орталық алаңында ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, қазақы дастарқан жайылды. Тұрғындар арасында «Ең үлкен бауырсақ» атты сайыс ұйымдастырылып, қыз-келіншектер қазақтың ұлттық тағамын дайындаудан сынға түсті. Барлық қатысушылардың арасынан дәмді әрі үлкен бауырсағымен әділ қазылар алқасының көңілінен шыққан Гүлсім Айтымова есімді кент тұрғыны жеңімпаз атанып, қысқа толқынды пешті жеңіп алды. Өзге де жеңімпаздар тұрмысқа қажетті бағалы сыйлықтармен марапатталды.

- Металлургтер күні сонау Кеңес Одағы кезінен аталып келе жатқанымен, Әуезов кентіне «Полиметалл» компаниясы келген жылдан бастап басымдық беріле бастады. Оның үстіне биыл «Полиметалл» АҚ жиырма жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Компания жұмысын бастағалы, Әуезов кентіне жан-жақтан жұмыс іздеп келушілердің қарасы көбейгенін байқауға болады. Ал бұрын жағдай керісінше болған еді,- дейді Бақыршық тау-кен өндіру өнеркәсібінің бас экологі Денис Некрылов.

- Мен осы ауылдың тұрғынымын. «Бақыршық» тау-кен өндіру кәсіпорнында, аралық станция желілерінде, энергетик болып 12 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Дегенмен «Полиметалл» келгелі жұмысымыздың алға басып, ауылымыздың өркендеп келе жатқаны рас. Компания өкілдері аудан көлемінде әр жыл сайын Металлургтер күнін кең көлемде атап өтеді. Мереке ауқымы да жылдан-жылға кеңеюде. Бүгінде кентте құрылыс қарқыны да үдеп келеді. Халық көкейінде ауыл келешегіне деген зор сенім пайда болды. Жастар оқу орнын бітірген соң туған ауылдарына қайта оралып жатыр. Мұның бәрі, әрине, «Полиметалдың» жемісті жұмысының нәтижесі. Компанияның металлургтерге құрмет көрсетіп, мәртебесін көтеріп жатқаны қуантады,- дейді Нұржан Нұрымбаев.

Бұл күні әсіресе Алматы қаласынан арнайы шақырылған батыр бейнесіндегі екі азамат көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Бойлары қарапайым адамнан екі есе ұзын, кесек тұлғалы батырлармен естелік фотосуретке түсу үшін тұрғындар қалың кезекке тұрды. Томағасын киген қыранын ұстаған бүркітшіні де халық назарынан тыс қалдырмай, құрмет көрсетті. Бір шетте теңге соғушы «Полиметалдың» 20 жылдық мерейтойына арналған монеталарды соғып, балаларға таратып жатты. Ал кешке қарай ауыл тұрғындары мерекелік палаудан дәм татқан соң Ресей және Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік кешті тамашалады. Осылайша, Жарма ауданы Әуезов кентінің халқы Металлургтер күнін жоғары деңгейде атап өтті. Таңертең ертемен Бақыршыққа жол тартқан редакциямыздың қызметтік көлігі күн ұясына батқан соң ғана Семейге жетті.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

10 КӨШЕНІҢ АТАУЫ ӨЗГЕРУІ МҮМКІН

Көп ұзамай Комсомол, Колхозная, Социалистік, Лениногорск, Декабристер, Первомай сынды идеологиялық тұрғыда атауы ескірген көшелер Наурыз, Жібек жолы, Берел, Сонар, Самал, Алтай, Нұрсая сынды атаулармен алмастырылмақ. Бұл туралы 29 маусым күні өткен қалалық Қоғамдық кеңестің отырысында мәлім болды. Сонымен қоса кеңес жұмысында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері, көшпелі сауда орындарын белгілеу мәселелері де қозғалды.

Жанна Жибраеваның төрағалығымен өткен отырысқа зиялы қауым өкілдері, ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, ардагерлер, халық қалаулылары мен жастар қатысты. 

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе - тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы Семей қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Азамат Құрманғалиев ақпараттандырды.
- Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтерді, газ, қатты отын, телефон байланысы үшін қордаланып қалған қарыздарды және т.б. өтеу үшін аз қамтылған отбасыларға халықты әлеуметтік қорғау, кедейлік деңгейін төмендету мақсатында беріледі.
«Тұрғын үй көмегін көрсету» бағдарламасы бойынша 2018 жылы жергілікті бюджеттен 62000,0 мың теңге бөлінді. Алғашқы жарты жылдықта 1390 отбасыға жиыны 30000,0 теңге болатын көмек көрсетілген,- деген Азамат Аманкелдіұлы мұндай көмекті алушылардың басым бөлігі зейнеткерлер, мүгедектер, 50 жастан асқан жұмыссыздар екенін атап өтті.
Екінші сауал - көшпелі сауданы ұйымдастыру жөнінде қалалық кәсіпкерлік бөлімінің сауданы дамыту секторының меңгерушісі Айжан Хасенова баяндады. Ол қала әкімдігі тарапынан бекітілген көшпелі сауда орындарын атап өтті.
Ал күн тәртібіндегі соңғы, көше атауларын өзгеру мәселесі қызу талқыға түсті. Жалпы, өзгертуге 10 көше ұсынылған. Бұл туралы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Маржан Бахатова:
- Елбасының тапсырмасына сәйкес, идеологиялық тұрғыдан көмескіленген атауларды кезең-кезең бойынша қазақы дәстүрге сәйкес тарихи жер-су атауларымен немесе дәстүрлі қазақи танымға жақын атаулармен ауыстырып жатырмыз. Бүгінгі күні идеологиялық тұрғыда ескірген 9 көше атауын ауыстыруға қатысты жұмыстар жүріп жатыр. Кеңесте Комсомольская көшесін Жібек жолы, Кутузов көшесін Алтай, Фрунзе көшесін Дәлелхен Сабуров, Колхозная көшесін Берел, Первомайская көшесін Зарықбек Күзетаев, 1 Декабря көшесін Самал, Лениногорская көшесін Мұқатай Әбеулов, Социалистическая көшесін Наурыз, Декабристов көшесін Нұрсая, Тоқтабаев көшесін Сонар деп қайта атауды талқыға салып отырмыз,- деді.
Қаламызда екі Тоқтабаев көшесі болғандықтан, бірінің атауын өзгерту көзделіп отыр. Ал Сонар атауы жайлы:
- Тоқтабаев көшесінің тұрғындары бұл көше болашақта ұзын-сонар, ауқымды көшеге айналсын, тұрғындар саны артсын деген тілекпен Сонар атауын беруді сұрады,- деп түсінік бере кетті Маржан Аманбердіқызы.
Атауы өзгеретін көшелердің 8-і жалпы мағынаға ие болса, үшеуіне Зарықбек Күзетаев, Мұқатай Әбеулов, Дәлелхан Сабуров сынды тұлғалардың есімін беру ұсынылды. Бұл ұсыныс кеңес мүшелері тарапынан қолдау тапты. Тек Күзетаевқа көше берілгенде, Н.Ульянов есімі неге шет қалады, немесе Фрунзені Сабуров тегімен емес, Төкен Жұманов есімімен неге атамасқа деген сынды сауалдардың қылаң бергені рас. Бұл ойға зиялы қауым өкілі Арап Еспенбетовтің пікірі нүкте қойғандай:
- Күзетаев есімі аталғанда біз неге міндетті түрде Ульянов мәселесін қозғауымыз керек, немесе Сабуровқа көше берілерде неге Жұмановты еске аламыз? Аталған тұлғалардың барлығын да құрметтейміз, бірақ халықты шатастырмай, ұсынылған ұсынысқа қатысты пікір білдіруіміз керек деп ойлаймын әрі ұсынысты қолдаймын.
Тәртіпке сай, Қоғамдық кеңес құптаған соң, ұсыныс әрі қарай мәслихаттың көпшілік тыңдалымында талқыға түседі. Көпшілік қолдау білдірсе, облыстық ономастикалық комиссияда қаралып, республикалық ономастикалық комиссия шешімі мәселеге нүкте қояды. Бір айта кетерлігі, мекенжай анықтамасы немесе көшеге қатысты өзге құжаттар электронды түрде өзгеретіндіктен, аталған көшелердің тұрғындарына құжатқа байланысты қиындық тумайды. Сондай-ақ атауларды қазақшалауға, бірізділендіруге қыруар қаржы жұмсалады деген ойдан да аулақ болған жөн. Үйдің тақтайшасын өзгертуге бір көшеге шамамен 250-300 мыңнан - жиыны шамамен 2 млн. 600 мыңнан астам қаржы жұмсалады деп жоспарлануда.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ

Меншік иесі: «Семей таңы – Вести Семей газеттері» ЖШС

Техникалық директор:Қайрат Жолобаев

Бас редактор: Ерзат Жанатұлы

           

Ескерту! Кез келген

материалды көшіру және жариялау

үшін редакцияның арнайы

рұқсатын алу қажет!

 

Телефон: 8-775-746-46-70,

8-707-372-57-00

Кеңсе тел.: 8-7222-52-36-57