ҚЫЗ ЗОРЛАМАҚ БОЛҒАН - ҚЫТАЙ ЕМЕС, ҚАНДАСЫҢ

Осыдан бір аптадай уақыт бұрын Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданы Мақаншы ауылында 11 жасар қыз баланы зорламақ болды деген күдікпен Қытай Халық Республикасының азаматы ұсталды деген ақпарат ғаламторда тез тарады. Аталған оқиғаның анық – қанығын білу мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне хабарластық. Ақпараттағы қытай азаматы деп жүргеніміз өзіміздің қаракөз қандасымыз екен. 1961 жылы туған азамат бірнеше жыл бұрын атажұртқа қоныс аударған. Алайда азаматтық алмаған. Тек ықтиярхатпен жүрген.  Ал күдіктінің құрбаны бола жаздаған өрімдей жасөспірім де атажұртқа оралған қандасымыздың қызы. Айта кетейік, күдікті ретінде ұсталған азамат қыз баланың отбасымен жақын қарым – қатынаста болған. Ол сол күні қызды дүкеннен киім алып беруге ертіп шыққан. Сосын такси ұстап, саябақ жаққа апаруын өтінген. Жүргізуші саябақтың маңына тоқтағанға күдік алып, жергілікті құқық қорғау органдарына хабарласқан. Полицейлер оқиға орнына жеткенде, ер адам баланы шешіндіріп үлгерген. Абырой болғанда, тәртіп сақшылары күдіктіні дер кезінде ұстап, қыз аман қалыпты. Қазір күдікті ретінде ұсталған азамат тергеу абақтысында.  

www.burkit.kz

Пікір   

0 #1 Мариям 10.01.2017 16:12
Ату керек осындай арсыздарды, билик кайда карап отыр, парламенттеги зан шыгаргыштар уйкыдан оянсашы

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту

Меншік иесі: «Семей таңы – Вести Семей газеттері» ЖШС

Техникалық директор:Қайрат Жолобаев

Бас редактор: Ерзат Жанатұлы

           

Ескерту! Кез келген

материалды көшіру және жариялау

үшін редакцияның арнайы

рұқсатын алу қажет!

 

Телефон: 8-775-746-46-70,

8-707-372-57-00

Кеңсе тел.: 8-7222-52-36-57