КҮРШІМ АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Үшбұлақ ауылында жаңа мектеп ашылды. Мереке қарсаңында қолданысқа берілген 80 орындық мектеп заманауи техникамен жабдықталып, оқушыға барлық жағдай жасалған.
Әсіресе биология, химия, физика пәндеріне арналған сыныптар мен зертханаларда зерттеу жұмыстарына арналған құралдар орнатылған. Сондай-ақ, интерактивті тақта және компьютер сыныбымен жабдықталған мектептің құрылысына 240 млн. теңгеге жуық қаражат жұмсалған.
Үшбұлақ ауылының тұрғындарын мерекесімен құттықтаған ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов мектеп ұжымына тілегін білдірді.
Айта кетсек, Тәуелсіздік жылдарында Шығыс Қазақстанда 170 білім, соның ішінде 138 мектеп пен 32 балабақша мекемелері ашылған.
Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметі.