ЗЫРЯН АУДАНЫНДА ЖАҢА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында әлеуметтік нысандардың саны тағы біреуге артты. Зырян ауданында ашылған 80 орындық оңалту орталығы аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға медициналық қызмет көрсетіп, психофизикалық тұрақтылық қалыптастыруда қолайлы жағдай туғызбақ.

 

Айта кетсек, осы уақытқа дейін Зырян ауданының тұрғындары ем-дом алу үшін облыс орталығы Өскемен қаласындағы оңалту орталығы келетін. Енді жаңа техника және заманауи құрылғы орнатылған 80 орындық орталық зыряндықтарға қызмет көрсетпек. Психологиялық қолдау көрсету, физиоемдеу және емдік дене шынықтыру бөлмелерімен қатар, оңалту нысаны вакуумдық емдеу, аспалы емдеу жүйесі аппараттарымен және жаттығу құрылғыларының түр-түрімен жабдықталған.

Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова аудан тұрғындарын құттықтай отырып, жылы лебізін білдірді. Құрылысы ұзақ уақытқа созылған оңалту орталығы облыс әкімі Даниал Ахметовтың бақылауына алынғаннан кейін, мекеме құрылысы жанданып, уақытында тапсырылады. Жаңа әлеуметтік нысан үшін  республикалық бюджеттен 409,9 млн, облыстық бюджеттен 22,8 млн теңге бөлінген.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған жылдары Шығыс Қазақстанда тек 7 емдеу-әлеуметтік нысаны болған. Қазір олардың саны 15-ке жетіп отыр.

 

Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметі. 

 

 

 

Пікір   

0 #2 Сialis 22.08.2018 18:44
I really like your blog.. very nice colors & theme.
Did you design this website yourself or did you hire someone to do it for you?
Plz respond as I'm looking to construct my own blog and would like to find out
where u got this from. kudos
0 #1 GerQuinly 23.02.2018 00:21
Cialis 5 Mg Indicazioni Cialis Et Autres cialis Acheter Finasteride Biogaran Propecia Drug Interactions

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту

Меншік иесі: «Семей таңы – Вести Семей газеттері» ЖШС

Техникалық директор:Қайрат Жолобаев

Бас редактор: Ерзат Жанатұлы

           

Ескерту! Кез келген

материалды көшіру және жариялау

үшін редакцияның арнайы

рұқсатын алу қажет!

 

Телефон: 8-775-746-46-70,

8-707-372-57-00

Кеңсе тел.: 8-7222-52-36-57