«НҰР ОТАН» СТУДЕНТТЕР ТАҒДЫРЫНА АРАША ТҮСТІ

Семей мемлекеттік медицина университетінде компьютерлік тінтуірлерді рұқсатсыз алғаны үшін оқудан шығарылған екі студент оқу орнына қайта қабылданды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов, қала әкімі Ермак Сәлімов, мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов пен университет ректоры Ерлан Жүнісовтің қатысуымен өткізілген арнайы баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Медициналық университеттің мұндай қатаң жаза қолдануы апта бойы әлеуметтік желі қолданушылардың арасында қызу талқыға түскен болатын. Аталған оқу орнының студенттері қоғамнан көмек сұрап, бұл шешімге қарсылықтарын білдірген еді. Туындаған мәселенің анық-қанығын біліп, бір жақты шешімін табу үшін облыс басшысы Даниал Ахметовтің тікелей тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы құрылған еді.
- Семей қаласындағы екі студенттің оқудан шығып қалғандығы туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарағанын жақсы білесіздер. Осыған байланысты аймақ басшысы, «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалының төрағасы Даниал Ахметов арнайы жұмыс тобын құрып, жағдайды шешуге тапсырма берді. Аталған мәселені шешу үшін жұмыс тобының құрамындағы Семей қаласының әкімі, қалалық мәслихаттың хатшысы, ішкі саясат бөлімі, прокуратура бөлімінің өкілдері, ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы өкілдері оқу орнына келіп баспасөз мәслихатын өткізіп отырмыз. Студенттерге қатысты қолданылған шара тым қатал болған деп ойлаймын. Арнайы құрылған жұмыс тобы мен ректораттың екі жақты келісімі негізінде оларды университетке қайта қабылдауға шешім шығарылды,- деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов.
Оқырмандарға түсінікті болу үшін айта кетейік, қаңтар айының басында екі студент оқудан шығарылған болатын. Университет басшылығы мұны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шара қолдандық деп түсіндірді.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту

Меншік иесі: «Семей таңы – Вести Семей газеттері» ЖШС

Техникалық директор:Қайрат Жолобаев

Бас редактор: Ерзат Жанатұлы

           

Ескерту! Кез келген

материалды көшіру және жариялау

үшін редакцияның арнайы

рұқсатын алу қажет!

 

Телефон: 8-775-746-46-70,

8-707-372-57-00

Кеңсе тел.: 8-7222-52-36-57