ҚАЛА ӘКІМІ ЖАҢА ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жексенбі, 30 желтоқсан күні Семей  қаласының әкімі Ермак Сәлімов шаһардағы бірқатар балаларға арналған мекемелерді аралап, Жаңа жылмен құттықтады. Оның ішінде ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы да бар.

Орталықтағы 349 балаға денсаулығына байланысты үйде көмек көрсетілсе, 35 бүлдіршін күндіз келіп оқып, тәлім алады. Орталықтың жай-күйін сұраған қала әкімі балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті.

Бұдан кейін шаһар басшысы Ермак Сәлімов ШҚО Білім басқармасына қарасты кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына барып, өмірдің қиындығына тап болған балалардың жағдайын көрді. Мұнда үй-күйсіз жүрген әрі ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдер орналастырылған. Кездесу барысында балалар қала әкіміне өздерінің арман-тілектерін айтып, емін-еркін әңгімелесті. Мұндағы жасөспірімдер де сыйлықтарға ие болды.

Осы күні шаһар басшысы Ермак Бидахметұлы қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова және білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенкомен бірге ШҚО Білім басқармасына қарасты №8 балалар үйінде болды. Мекеме директоры С.Оқасовтың айтуынша, мұнда 70 балаға білім мен тәрбие берілуде.  Жас жеткіншектермен кездесіп, мекеменің тыныс-тіршілігімен танысқан Ермак Бидахметұлы келесі кезекте ШҚО Қызыл жарты Ай қоғамы мейірбикелік күтім ауруханасына ат басын бұрып, мұндағы жүріп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты, ауруханаға не қажеттігін есепке алды. Науқастармен жүздескен қала басшысы олардың талап-тілектеріне назар аударып, жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті.

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту

Меншік иесі: «Семей таңы – Вести Семей газеттері» ЖШС

Техникалық директор:Қайрат Жолобаев

Бас редактор: Ерзат Жанатұлы

           

Ескерту! Кез келген

материалды көшіру және жариялау

үшін редакцияның арнайы

рұқсатын алу қажет!

 

Телефон: 8-775-746-46-70,

8-707-372-57-00

Кеңсе тел.: 8-7222-52-36-57