БІРЛЕСЕ ШЕШЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР БАР

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов саяжай серіктестіктерінің жетекшілерімен кездесті.  Қазіргі уақытта қала маңында 11 саяжай ұйымдары заң шеңберінде құрылып, өз жұмыстарын атқарып жатқанымен, қаланың атқарушы билігімен бірлесе шешетін әлеуметтік мәселелер жеткілікті.

- Қаланың іргесіндегі саяжайлардағы қоғамдық көліктердің жүруі, қоғамдық қауіпсіздік, санитарлық жағдай, жеке тұрғын үйлер салу, электр желілері, жол және басқа да инфрақұрлым мәселелерін бірлесе қарастыруымыз керек. Бүгін сол үшін жиналып отырмыз. Себебі жыл сайын саяжайларда тұрақты тұратын халық саны көбейіп келеді. Қазір барлық саяжайларға қоғамдық көліктер жүреді және біз олардың уақытында жүруін қадағалап отырмыз. Жолдарды жөндедік. Жарықты тұтыну бағасы бойынша тұрғындар арасында келіспеушіліктер бар. Сіздердің өтініштеріңізді жазып алдым, бірлесе жұмыс жасау керек, - деді қала әкімі Ермак Сәлімов жиын барысында.

Халық көп шоғырланған Шығыс, Бобровка, Мұрат және басқа да саяжайларға қоғамдық көліктердің жүруі реттеліп, жолдар жөнделді. Әлеуметтік нысандар бар. Бобровка саяжайында 4 200 тұрғын болса, оның 2 мыңға жуығы сол жерді тұрақты түрде мекендейді. Сондықтан  мектеп пен балабақша халық игілігіне беріліп, қазіргі уақытта емхана салу мәселесі қарастырылып жатыр.

Бобровка саяжай кооперативінің төрағасы Владимир Рульков көктемгі су тасқыны кезінде бүлінген үйлерді жөндеп берген қала басшылығына тұрғындар атынан ризашылығын айтты.

Саяжайларда тұратын тұрғындар қыстық және жаздық деп екіге бөлініп, соған сәйкес  олардың арасындағы  келіспеушіліктер  кейбір мәселелерді шешуге кедергі келтіріп отыр. Әсіресе электр желілерін күтіп ұстауға келгенде саяжай тұрғындары аталған саланы  қалалық әкімшілік қарамағына беру керек десе, екінші топ оған қарсылық танытуда.

- Мұндай жағдай Мұрат сайжайында орын алып отыр. Саяжайдағы электр желілерін ұйымның қарамағына өткізейік десек, тұрғындардың біразы қолдап, екінші жағы қарсы болуда. Бұған біреу жауапты болмаса, ұрлық көбейіп, тіпті жарықсыз қалуымыз мүмкін. Қалай десек те ортақ шешім керек. Негізі саяжай ұйымының меншігінде болғаны дұрыс, - дейді «Семей. Мұрат. Сенім» қоғамдық ұйымының төрайымы Светлана Кругляченко.

Қала басшысы жиын соңында жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, саяжай ұйымдарының жетекшілерімен күнделікті бірлесе жұмыс істеуді тапсырды.

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту

Меншік иесі: «Семей таңы – Вести Семей газеттері» ЖШС

Техникалық директор:Қайрат Жолобаев

Бас редактор: Ерзат Жанатұлы

           

Ескерту! Кез келген

материалды көшіру және жариялау

үшін редакцияның арнайы

рұқсатын алу қажет!

 

Телефон: 8-775-746-46-70,

8-707-372-57-00

Кеңсе тел.: 8-7222-52-36-57