ОТЫН САУДАСЫНДА КЕДЕРГІ ЖОҚ

Қыстың көзі қырауда Қазақстанның кейбір аймақтарында көмір тапшылығы сезіліп, бұл мәселе Үкімет деңгейінде көтеріліп отыр. Бізде көмір тапшылығы жайында мәселе жоқ. Десе де қала әкімі Ермак Сәлімов шаһардағы көмір сататын жерлерге барып, жұмыстарымен танысып қайтты.

Қала әкімі Семейде көмір сатумен айналысатын үш орында да болды. Семейге күнделікті 2 000 тонна көмір жіберіледі екен. Сондықтан айтарлықтай мәселе жоқ көрінеді. Айта кетсек, қаланы көмірмен қамту бойынша жоспар артығымен орындалыпты. Нақтырақ айтсақ, 229 мың тонна көмір сатып алуға тапсырыс берілсе де, осы уақытқа дейін 256 мың тонна сатылып алыныпты.

Өзге өңірлерге қарағанда Семейден «Қаражыра» кен орны онша алыс емес. Семейліктердің тікелей кен орнының басынан сатып алуға да мүмкіндіктері бар. Бұл бағытта кен орнынан 279 мың тонна көмір сату жоспарланғанымен, іс жүзінде 318 мың тонна қатты отын сатылыпты. 

Көмір сатушылармен тілдесіп, жағдайдың тұрақты екеніне көз жеткізген шаһар басшысы сатып алушыларды да сөзге тартты. Сатып алушылардың сөзіне сүйенсек, олар қатты отынды кезекпен алады. Бірақ кезегін күндеп тосып жатқан ешкім жоқ. Сонымен қоса көмірдің сапасы да барлығының көңілінен шығады екен.

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту

Меншік иесі: «Семей таңы – Вести Семей газеттері» ЖШС

Техникалық директор:Қайрат Жолобаев

Бас редактор: Ерзат Жанатұлы

           

Ескерту! Кез келген

материалды көшіру және жариялау

үшін редакцияның арнайы

рұқсатын алу қажет!

 

Телефон: 8-775-746-46-70,

8-707-372-57-00

Кеңсе тел.: 8-7222-52-36-57