Внимание
  • Почта не может быть оправлена, поскольку PHP-функция mail() заблокирована на данном сервере.
  • Почта не может быть оправлена, поскольку PHP-функция mail() заблокирована на данном сервере.
  • Почта не может быть оправлена, поскольку PHP-функция mail() заблокирована на данном сервере.
  • Почта не может быть оправлена, поскольку PHP-функция mail() заблокирована на данном сервере.
  • Почта не может быть оправлена, поскольку PHP-функция mail() заблокирована на данном сервере.
  • Почта не может быть оправлена, поскольку PHP-функция mail() заблокирована на данном сервере.
  • Почта не может быть оправлена, поскольку PHP-функция mail() заблокирована на данном сервере.
  • Почта не может быть оправлена, поскольку PHP-функция mail() заблокирована на данном сервере.
  • Почта не может быть оправлена, поскольку PHP-функция mail() заблокирована на данном сервере.
  • Почта не может быть оправлена, поскольку PHP-функция mail() заблокирована на данном сервере.

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Жұма, 26 қаңтар күні Семей қалалық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, қала әкімі Ермак Сәлімов кеңес мүшелері алдында 2017 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар жайында есеп берді.

Өткен жылды қорытындылау бағытында өрбіген кездесу аясында шаһар басшысы Ермак Сәлімов қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне баса мән берді.

- Былтыр елімізде саяси-экономикалық рухани жаңғыру үдерісі жүрді. Президент алдымызға нақты міндеттер қойды. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен қаланың даму жоспары қабылданып, Премьер-министрдің қолдауына ие болды. Жоспардың орындалуы Даниал Кенжетайұлының тұрақты бақылауында. Қаладағы оң өзгерістер осы жоспар аясында жүріп жатыр. Биылғы Жолдауында Елбасы халықтың тұрмысын жақсарту бойынша негізгі бағыттарды айқындап берді. Біздің келешектегі жұмысымыз соларды орындау аясында жүретін болады,- деген Ермак Бидахметұлы ел дамуының негізгі көрсеткіші өмір сүру сапасымен және халықтың тұрмыстық жай-күйімен өлшенетінін айтып, соңғы үш жылда тұрғындар санының артқанын тілге тиек етті.

- Семейдің әлеуметтік-экономикалық ахуалының жақсаруының бірден-бір дәлелі – тұрғындар санының көбеюі. Қазір Семейде 340 мыңнан аса тұрғын бар. Бұл облыс халқының 4/1 бөлігін құрайды. Соңғы үш жыл ішінде халық саны 9 мың 800 адамға көбейсе, 3 мың 200 адам қоныс аударған. Нәтижесінде 6 мың 600 адамға өсім байқалады. Тұрғындар санымен қоса, жылдан-жылға қаланың әлеуметтік - экономикалық әлеуеті де өсіп келеді. 2017 жылдың қорытындысына сәйкес, экономиканың өсімі өнеркәсіп саласы бойынша 3%-ды, агроөнеркәсіп саласында 7,5%-ды, саудада 2,7%-ды, инвестицияда 34,5%-ды, құрылыс-монтаж саласында 39,5 %-ды құраса, орташа жалақы көлемі 6,1%-ға артып, 110 000 теңгені құрап отыр. Бюджетке келер болсақ, соңғы үш жылда меншікті кірістер 4,5 млрд. теңгеге ұлғайған. 2017 жылы бюджеттің жалпы көлемі 35 млрд. теңгені құрады. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 53%-ға көп. Барлық қаржыландыру көздерінің жиынтық сомасы 44 млрд. теңгеден асады.

Қала әкімінің айтуынша, өткен жылы индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 40-тан аса жұмыс орны ашылған. Сондай-ақ биылғы жылы «АгроПортал» ЖШС ет өңдеуші комбинатымен бірлескен жобаға қол қойылмақ. Аталған жоба қала экономикасына 8 млрд. теңгеден астам қосымша инвестиция тартса, жаңадан 250 жұмыс орны ашылмақ.

Қала әкімі Ермак Сәлімов айтып кеткендей, Еуропа қайта құру және даму банкімен құны 200 млрд. 846 млн. теңгені құрайтын несие шартына қой қойылды. Нәтижесінде қала көшелерін жарықтандыру, сумен және жылумен қамту мәселелері кезеңімен шешіледі. 

- Тұрғын үй құрылысын жандандыру - қала өміріндегі маңызды бағыттардың бірі. 2017 жылы қаржыландырудың барлық көздері бойынша 902 мың 345 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көп қабатты тұрғын үй құрылысы үшін су, электр, жылу жүйелерімен толықтай қамтылған Қарағайлы ықшам ауданы таңдалып алынды. Қазіргі уақытта аталған ауданда өткен жылы бой көтерген 14 тұрғын үйдің ішкі құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бағытта 1 млрд. теңге бөлініп, толықтай игерілді. Барлық жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуға тиіс. Ал «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы құны  4 млрд. 333 млн. теңгені құрайтын 8 көп қабатты тұрғын үй құрылысы басталған болатын. Бұл жұмыстарды да 2018 жылдың соңына аяқтау көзделген. Жеке тұрғын үй құрылысы да біздің назардан тыс қалған емес. Семей қаласы бойынша 10 сотық жер телімін алу үшін 24 184 адам кезекте тұр. Ақсай, Ұшақтар, Комсомол, Суық бұлақ кенті, Бобровка, Жар-қын, Аққайың, Жібек жолы, Степной кенттерінде жеке тұрғын үйлер салынатын болады. Алайда, бір мезетте барлығын қаржыландыру мүмкін болмағандықтан, алдымен Ақсай, Ұшақтар, Комсомол кенттері таңдалып алынды. Ақсай кентінің жобалық-сметалық құжаттары дайын. Аталған кентті электр желісімен қамту жұмыстарын сәуір - мамыр айларына дейін аяқтау көзделген. Әрі қарай кварталішілік сумен қамту және тұрғын үй құрылысы жұмыстары басталады. Алдағы уақытта осы ауданда 320 балаға арналған балабақша мен 1200 орынға арналған мектеп салу жоспарлануда,- деді Е.Сәлімов.

Шаһарды абаттандыру, жылу қазандықтарын жөндеуден өткізу жұмыстарына да екпін берген қала әкімі Ермак Сәлімов бұдан кейін Қоғамдық кеңес мүшелерін толғандырған сауалдарға жауап берді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту

Меншік иесі: «Семей таңы – Вести Семей газеттері» ЖШС

Техникалық директор:Қайрат Жолобаев

Бас редактор: Ерзат Жанатұлы

           

Ескерту! Кез келген

материалды көшіру және жариялау

үшін редакцияның арнайы

рұқсатын алу қажет!

 

Телефон: 8-775-746-46-70,

8-707-372-57-00

Кеңсе тел.: 8-7222-52-36-57