ИІС ТИІП УЛАНҒАН ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Семейден 90 шақырым жердегі Знаменка ауылының тұрғындары, бүтіндей бір отбасы, түтіннен уланып қалды. Жедел жәрдем стансасының ақпаратына сәйкес, 8 қаңтар күні Знаменка ауылының тұрғындары ауылдан 10 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалығында бес адамға жедел көмек қажеттігін айтып, қоңырау шалған.

Қоңырау бойынша бірден екі жедел жәрдем бригадасы және төтенше жағдайлар басқармасының арнайы көлігі айтылған мекенжайға аттанған. Знаменка ауылынан ары қарай апаратын жол қардан тазартылмағандықтан, ақ халаттылар төтенше жағдайлар басқармасының құтқару көлігіне ауысып, қожалыққа бет алған.  

- Шаруа қожалығына 600 метр қалғанда, арнайы құтқару машинасы қарға батып қалды. Медициналық көмекке мұқтаж жандарға жету үшін біздің дәрігерлерге ары қарай қар құрсауындағы жолмен жаяу жүруге тура келді,- дейді стансадағылар.

Белгілі болғандай, бүтіндей бір жанұя ыстан уланған. Тоңып қалмау қамына кіріскен әйел адам ұйықтар алдында от жаққан. Түнгі 2 шамасында оянған ол өте әлсіреп қалғанын сезген. Үйде екі ересек адамнан басқа, 12, 7 және 5 жасар балалар болған. Дәрігерлердің айтуынша, жергілікті әкімдік жолды қардан тазартып, зардап шеккендер орта дәрежедегі уланумен Семей қаласына жеткізіліп, оларға алғашқы көмек көрсетілген.  

Бүркіт.кз

Пікір   

0 #1 Serj82 09.01.2017 14:12
Шишага рулит :lol:

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту

Меншік иесі: «Семей таңы – Вести Семей газеттері» ЖШС

Техникалық директор:Қайрат Жолобаев

Бас редактор: Ерзат Жанатұлы

           

Ескерту! Кез келген

материалды көшіру және жариялау

үшін редакцияның арнайы

рұқсатын алу қажет!

 

Телефон: 8-775-746-46-70,

8-707-372-57-00

Кеңсе тел.: 8-7222-52-36-57