УНИВЕРСИАДАҒА СЕМЕЙДЕН 3 СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

 

 

 

Алматыда 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтетін  28-ші қысқы студенттік Универсиадаға Семей қаласынан биатлон, конькимен жүгіру және шаңғы жарысы бойынша үш спортшы қатысады. Семей қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Қуаныш Бояубаевтың мәліметінше, бүгінде семейлік спортшылар Универсиадаға қызу дайындық үстінде.  

Қуаныш Бояубаевтың айтуынша, биатлоннан болашағынан зор үміт күттіретін спортшы, көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы Галина Вишневская , конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты Кубогының қатысушысы Эльвира Халикова еліміздің намысын қорғайтын болады. Ал шаңғы жарысы бойынша  халықаралық жарыстардың күміс жүлдегері Әсет Дүйсенов қатыспақ.

Айта кетуіміз керек, тарихта тұңғыш рет Универсиада алауы бірнеше жерде жағылады. Қазақстанның 16 қаласында жағылған алау әлемдік жарыстың ашылу салтанатында біртұтас біріктіріледі. Бұл шаралар республика бойынша қаңтардың 25-де басталады. Әрбір облыс орталығында алауды алғаш тұтату салтанаты өткізіледі. Кейін 16 алау көтеруші алауды Алматыға жеткізіп, Универсиаданың ашылу салтанатында барлық алауды бір жерде біріктіреді. 

Ұйымдастырушылардың ақпаратынша, Алматы қаласында өтетін айтулы жарысқа әлемнің 55 мемлекетінен екі мыңға жуық спортшы қатыспақ. Ал біз байрақты бәсеке қарсаңында жерлес спортшылардың топ жарып, жүлдегер атануына тілектестік білдіреміз.

Асан МЫРЗАХАН.

 

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту

Меншік иесі: «Семей таңы – Вести Семей газеттері» ЖШС

Техникалық директор:Қайрат Жолобаев

Бас редактор: Ерзат Жанатұлы

           

Ескерту! Кез келген

материалды көшіру және жариялау

үшін редакцияның арнайы

рұқсатын алу қажет!

 

Телефон: 8-775-746-46-70,

8-707-372-57-00

Кеңсе тел.: 8-7222-52-36-57