ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА 32 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Семей қаласындағы перинаталдық орталық пен сол жағалаудағы бөлімшесінде 31 желтоқсан түні мен 1 қаңтар аралығында 32 сәби дүниеге келген. Ақ халаттылардың айтуынша, Жаңа жыл түнінде дүние есігін ашқан сәбилер мен аналардың барлығының дерлік денсаулықтары қалыпты және мереке күндері кезекшілік ойдағыдай өткен. Орталықта аналардың босануы мен сәбилердің күтімі үшін барлық жағдай жасалған. Мереке күні туылған 32 сәбидің 15-і ұл, 17-сі қыз бала екен.

- Сәбилердің барлығы аналарымен бірге үйлеріне шығарылды. Нәрестелердің жағдайы қанағаттанарлықтай. Перинаталдық орталық босанған аналарды ертерек  үйлеріне қайтару тәжірибесін игеруде. Сондықтан сәбилердің көпшілігі 2-3 қаңтарда отбасыларына жіберілді. Қаламызда жыл санап бала туу көрсеткіші артып келеді. Мереке күндері барлық аналар аман-есен босанды, жағдайлары жақсы. Бұған біз өте қуаныштымыз,- дейді акушер-гинеколог М.Бексұлтанова.

Айта кетейік, өткен жылы қала бойынша 8 265 сәби дүниеге келген екен. Олардың арасында  91 егіз бен 2 үшем бар. Демек, демографиялық өсім бар. Ол - халықтың әл-ауқатының артуы мен әлеуметтік жағдайының айнасы.

burkit.kz

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту

Меншік иесі: «Семей таңы – Вести Семей газеттері» ЖШС

Техникалық директор:Қайрат Жолобаев

Бас редактор: Ерзат Жанатұлы

           

Ескерту! Кез келген

материалды көшіру және жариялау

үшін редакцияның арнайы

рұқсатын алу қажет!

 

Телефон: 8-775-746-46-70,

8-707-372-57-00

Кеңсе тел.: 8-7222-52-36-57