ПРАЙМЕРИЗГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ДЕБАТЫ ӨТТІ

Бүгін "Nur Otan" партиясының праймеризіне қатысу аясында үміткерлермен ұйымдастырылған пікірсайысқа қатыстым. Алғашқы болып сөз алып, еліміз  егемендік алған жылдардан бері  қалалық,облыстық  мәслихаттарға депутат бола жүріп,  тəжірибе жинақтаған халық қалаулысы ретінде атқарған істеріме тоқталдым.

Мəслихаттың  тілі – мемлекеттік тіл  болуы керек  деген сауал  мен көтерген тұрақты тақырыптардың бірі болса, одақтың  қалдырып кеткен атауларынан көшелерімізді тазарту, есімдері  елеусіз  қалып келе жатқан ардақтыларымыздың рухына  құрмет көрсету тұрғысында  да көптеген бастамалар көтердім. Сонымен қоса, менің тарапымнан мəслихат сессиясында  көп балалы жанұяларға, жастарға   баспана беру мəселесі жиі көтеріліп жүр. Нақты айтсам 7-20-25 баспана алу бағдарламасының  тиімсіз жақтарына сараптама жасап, жоғары билікке өз тарапымнан нақты ұсыныстар жасадым. Аталған бағдарлама қарапайым халықтан гөрі  екінші деңгейдегі банктерге пайдалы екендігіне  ешкім қарсы дау айта алмас деп ойлаймын.

Уақыттың тығыздығына, регламенттің шектеулі болғанына байланысты еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы үшін атқарылған істерді толықтай тізбектеп шығудың реті келмеді, әрине.

Бірақ, сайлауалды бағдарламамда көрсетілген «Халық қаласа, хан түйесін сояды», «Семей өмір сүруге жайлы қала болуы керек», «Медициналық қызмет сапасын жақсарту», «Семей қаласы - қазақтың тарихи-рухани орталығы» бөлімдеріне тоқталдым.

Пікірсайыстың екінші бөлімінде әлеуметтік салаға қатысты бірқатар мәселелер қызу талқыға түсті. Өз ойымызды ортаға салып, мәселелердің шешілу жолдарын айқындадық. «Nur Otan» партиясы, еліміздің жетекші саяси күші ретінде, халқымыздың ынтымағын арттырып, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында жұмысын жалғастыратын болады.

Сіздердің  үміттеріңізді ақтау -  біздің басты міндетіміз!

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту

Меншік иесі: «Семей таңы – Вести Семей газеттері» ЖШС

Техникалық директор:Қайрат Жолобаев

Бас редактор: Ерзат Жанатұлы

           

Ескерту! Кез келген

материалды көшіру және жариялау

үшін редакцияның арнайы

рұқсатын алу қажет!

 

Телефон: 8-775-746-46-70,

8-707-372-57-00

Кеңсе тел.: 8-7222-52-36-57