ДІЛДАБЕК ОРАЗБАЕВ:БЕС ЖЫЛҒЫ ТАБЫС ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ЖАРАДЫ

Ділдабек Тәжібайұлы Оразбаев осыдан бес жыл уақыт бұрын «А» корпусының алғашқы аламанынан сүрінбей өтіп, аймағымыздағы үлкен аудандардың бірі Тарбағатайға әкім болып тағайындалды. Аталған уақыт ішінде аудан әкімдері арасында ауыс -түйістер де аз болған жоқ. Алайда Ділдабек Тәжібайұлы - бес жыл уақыт бойы табан аудармай бір ауданға басшылық жасап келе жатқан санаулы әкімдердің бірі. Халқына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан азаматтың еңбегі елеусіз де емес. Мемлекет басшысының Жарлығымен «Құрмет» орденін омырауына тақ-ты. 

Бес жыл бұрынғы ТАРБАҒАТАЙ және бүгінгі ТАРБАҒАТАЙ. Адам танымастай болып өзгерген, гүлденген өңір. Алға қойған айқын мақсаттарды жүйелі жүзеге асыру жолында ауданда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар да аз емес. Көрген адамның көзі сүйсінетін көрікті мекенге айналған Барқытбел баурайындағы бұл өңірдің бүгінгі жетістіктері қай салада болса да ауыз толтырып айтарлықтай.
Біздің Тарбағатай ауданындағы меншікті тілшіміз Хамза Сәтиев Ділдабек Оразбаевпен бірге өткен бес жылға оймен саяхат жасап қайтқан еді.

- Ділдабек Тәжібайұлы, Елбасының алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға белсене кіріскен жаңа тұрпаттағы мемлекеттік қызметкерлер корпусы өкілінің бірі өзіңізсіз. Әкімдік қызметте тәжірибе жинақтап, оң мен солды танитын дәрежеге жеткен басшысыз. Елбасы өз сөзінде «А» корпусы элита емес, олар халық арасынан алынған» дегенді ашық айтып отыр. Жалпы, осы топты іріктеу бізге не берді?

- Бұл іріктеу біздерге, мемлекеттік қызметкерлерге, зор жауапкершілік пен сенім жүгін артты. Бұрынғыдан да жақсырақ, нәтижелі қызмет істеуге ынталандырды. Мемлекеттік қызмет саласын жетілдіруге қатысты қолға алынған жаңа реформа өміршеңдігімен ерекшеленіп отыр. Елбасының тікелей бастамасымен мемлекеттік қызмет сапасын жаңғыртуда кейінгі жылдары нақты шаралардың қолға алынып, жүзеге асырылуы дамуымыздың маңызды қадамы болды. Соның ең бастыларының бірі, елдегі әкімшілік реформалар талаптарына орай, мемлекеттік қызметкерлердің «А» корпусының құрылуы деуге болады. Мұның өзі кадр резервін қадағалау мен конкурстық іріктеудің ерекше тәртібі. Мемлекеттік қызметтегі тұлғаларға қойылатын талап та жоғары. Мемлекеттік қызметке неғұрлым лайықты адамдар келcе, қарапайым халықтың оларға деген сенімі де арта түсетінін күнделікті өмірден көріп те жүрміз.
Мемлекеттік қызметші өзінің жоғары мәртебесіне сай болып, кәсіби тұрғыда қалыптасуы, өз қызметін жақсарту жолдарын табуы үшін ұдайы ізденуі қажет екені айтпаса да түсінікті. Ол өз ісіне жауаптылықпен қарап, өзіне де, қызметтес әріптестеріне де талап қоя білуі қажет. Тәртіптілік және адамгершілік асыл қасиеттер - бірінші орында тұратын мәселелер. Мемлекеттік қызметшіге ең қажет мінез сыпайылық, көптің тілін таба білу деп ойлаймын. Өйткені ол қызмет барысында азаматтармен, әріптестерімен үнемі қарым-қатынаста болады, халықпен араласады. Мен де осындай жоғары талаптарды күнделікті қызметімде бұлжытпай орындап отыруға тырысамын. Осы «А» корпусы сапында қызмет еткеніме де бес жыл мерзім өте шығыпты. Өткен уақытты сарапқа салып қарасам, еңбегім зая кетпегендей. Ауданды дамытудағы бес жылғы жетістігіміз ел игілігіне жарады деп сеніммен айтуға болады.

- Мемлекет басшысы басқарудың «А» корпусына өткендерге меритократия, яғни лауазымды қызметті адамдардың әлеуметтік шығу тегіне немесе қаржылық ауқаттылығына қарап емес, қабілетіне қарап иеленуіне мүмкіндік беретін басқару қағидасын басшылыққа алу, мемлекеттік қызметті ашықтық қағидаттары бойынша жаңғырту қажеттігін жиі қайталайды. Өзіңіз кадр таңдау кезінде қандай ұстанымды басшылыққа аласыз? Елімізде талапты, білімді жастарға барлық жағдай жасалған деген сөз жиі айтылады. Осы сөз қаншалықты шындыққа жақын?

- «А» басқарушылық корпусында қызмет істеу, өзге әріптестерім сияқты, маған да көп нәрсені үйретті. Мысалы, лауазымдарға іріктеудің ерекше өлшемдерін қолдану - әлемдегі дамыған елдердің тәжірибесі. Демек, бұл - халықаралық тәжірибе. Іріктеудің ерекше өлшемдері азаматтардың, мамандардың біліміне, іскерлік қабілет-қарымына, қолынан қандай іс келетініне байланысты болады. Елбасының алға қойған міндеттерінің ең негізгісі – мемлекеттік қызметкерлердің іскерлік қабілетінің жоғары болуы. Қабілетіне қарай жауапты жұмыс тапсыру - бұрыннан қалыптасқан қағида. Әркім өзінің қолынан келетін шаруаны істеуі қажет. «Азат басың болсын құл, қолдан келмес іске ұмтыл» деген Абай данамыздың сөзінде терең мән бар. Мысалы, ерекше қабілеті, жаңашылдық қасиеті байқалып тұрса, ондай азаматтарға қай жерде де жол ашық. Өткен бес жылда біздің ауданымызда бірнеше мемлекеттік қызметкердің лауазымы жоғарылады.
Кадр таңдау да жауапты кезең. Азаматтың да азаматы бар. Лайықты орынға таңдаулысын тауып қоюға жеңіл-желпі қарауға болмайды. Тағы да хакім Абайдың айтқаны ойға оралады. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген қағида әр азаматтың өмірлік ұстанымы болуға тиіс. Кадр таңдауда әр азаматтың шыққан тегі ескерілуге тиіс. Өйткені «Тектіден текті туады» деген даналық бар. Әлеуметтік шығу тегі де, қарым-қабілеті де үйлесім тауып тұрса, ондай жастарды қолдаудан ешкім ұтылмайды деп түсінемін.

- Ділдабек Тәжібайұлы, «Бір кісі хан сайланса, қырық кісі атқа қонады» деген сөз бар ғой. Этнопсихология деген біздің халықтың табиғатына ерекше жақын. Қазақ үшін туыстықтың мәні өте жоғары. Жоғары лауазымдық қызметке туысқандық байланыссыз және жора - жолдастардың көмегінсіз қол жеткізуге бола ма? Өзіңіздің тарапыңыздан қызметке телефон соғып, өтініш жасаған адамдардың сөзін жерге тастай алмай, қабылдаған мамандар бар ма?

- Рақмет. Орынды сауал. Қоғам дамуында өмірлік, елдік мүдде тұрғысында аса маңызды мәселелерді шешуде мемлекеттік қызметкердің алатын орны ерекше. Алда тұрған міндеттерді жүзеге асыруда мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігі мен білімі, кәсіби шеберлігі, өмір тәжірибесінің мол болуы өзекті мәселе болып қала бермек. Сондықтан мемлекеттік қызметшінің мансап жолындағы өсуі оның талантымен, кәсіби дайындығымен тікелей байланысты. Басқадай болуы мүмкін емес. Қазіргі таңда жоғары лауазымдық қызметке туысқандық байланыссыз және жора-жолдастардың көмегінсіз қол жеткізуге болады деп есептейін. «Сөзіне қарай кісі ал, кісіге қарап сөз алма» деген бар ғой. Бұл жерде адамның сөзінің ақылдылығына мән беру қажеттігі айтылған. Демек, сөзінің мәні бар адамды таңда деп тұр. Кадр таңдау кезінде бұл ғибратты сөздің дұрыстығын ескерген жөн ғой деп ойлаймын. Ал телефон шалу арқылы өтініш жасап, қызметке «үлкеннің беделімен» жұмысқа қабылдауды сұраудан ештеңе өнбейтінін қазір көзі қарақты азаматтардың бәрі түсінеді.

- Осыдан біраз жыл бұрын марқұм, жазушы Сәкен Жүнісовтің: «Бір жерге әкім - қара сайланса, топырлатып өз адамдарын алып келеді. Оны «командам» дейді. Сол команда біртіндеп отряд болып шығады»,– дегенін естіген едім. Елбасы командамен қызметке келетін шенеуніктерге тосқауыл қойылды деді. «Командалық көшулер» шынымен тоқтады ма?

- Басқа жақты білмеймін, «командалық көшулер» біздің өңірде тоқтады. Мемлекеттік органдардың басшысы жаңа қызметке тағайындалғанда өзімен бірге мекеменің өзге қызметкерлерін ауыстырып алатын «командалық ауысу» тәжірибесі болғаны белгілі. Елбасының тапсырмасына байланысты заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін, жаңа тағайындаулар кезінде мемлекеттік органдарда «командалық ауысуға» тосқауыл қойылды. Мысалы, осыдан бес жыл бұрын Тарбағатай ауданына әкім болып тағайындалғанда мен өзіммен бірге ешкімді қызметке ертіп келген жоқпын. Осы ауданда бұрын қызмет атқарған азаматтармен ұғысып, тіл табысып, жоспарлы жұмыстарымызды жалғастырып әкеттік.
Бір қуаныштысы - тарбағатайлық мемлекеттік қызметкерлер де білімді десе білімді, іскер десе іскер азаматтар болып шықты. Әрине, алғашқы кезде жылдар бойы қордаланып қалған проблемаларды шешу үшін жатпай-тұрмай жұмыс істеуімізге тура келді. Тарбағатайлық азаматтар мені түсінді, мен оларды түсіндім, қайткен күнде де елдің еңсесін көтеріп, еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартып, ауылдарды дамытсақ деген мақсат-мұратымыз бір жерден шықты. Барлық кадрлар бұрын мен келгенге дейін қай орында жұмыс істесе, сол қызметін жалғастырды. Жергілікті жағдайдың ерекшеліктерін мен солардан үйрендім, кейбір жұмыс тәсілдерін, жаңашылдық талаптарды олар менен үйренді десем, артық айтқандық болмайды. Өзіме қойған талапты барлық қызметкерлеріме де қойдым. Нәтиже жаман болмады. Көріп отырсыздар, ауданымыз әлеуметтік-экономикалық дамудың қай саласынан болмасын облысымызда алдыңғы орында келеді.

- Абылай хан Төле, Қазыбек, Әйтеке билерден төмен отырған, «төр Сіздердікі» деп, үш бидің алдында хан басын иген ғой. Кейде ұлтымыздың осы әдемі дәстүрі бұзылып кеткен сияқты көрінеді... Жиын-тойларда 80 - 90 жастағы ақсақал тұрып, бірінші әкімге сөз беріліп жатады. Батаны жасы үлкен қарияға емес, әкімге бергізгендерді де байқап жүрміз. Төрде отырған ақсақалдың кешігіп келген әкімге орнын беріп, төмен ығысқанын көргенде, қазақтың үлкенді сыйлау дейтін ұлы қасиеті қайда кеткен деген сұрақ ойға жиі оралатынын да жасырмаймын. Өзіңіз осындай жағдайда не істейсіз?

- Мына сұрағыңыз Асан қайғының: «Әй, хан, мен айтпасам, білмейсің»,- деп бастап Жәнібек ханға айтқаны деген сөздерді еске түсіреді. Шындығында, дана билердің сөзін тыңдау ханның да, қараның да міндеті болған. Біздің қазіргі билеріміз – жасы жетпіс-сексенді еңсеріп қалған, өмір көрген, кезінде елі мен жерін гүлдендіруге, халық шаруашылығын дамытуға өлшеусіз үлестерін қосқан, кейінгіге үлгі болған ақ сақалды аталарымыз бен ақ самайлы аналарымыз, аға ұрпақ өкілдері. Қарияларды құрметтеу - басты парыз. Мен осы ауданға қызметке келіп кіріскен алғашқы күндерден бастап үлкен кісілерді, қарияларды іздестіре бастадым. Кімдер бар, олардың ел мен жерге сіңірген қандай істері, өнегелері бар, бәрін кеңірек білуге тырыстым. Өнегелі қариялар әр ауылда бар екен. Барлығымен кездесіп, жағдайларын сұрап, әңгімелесіп шықтым. Бастарын қосып, пікір алмасып, әңгіме-дүкен құрған сәттеріміз де аз болған жоқ. Үлкендермен сөйлескен жақсы. Ел мен жердің тарихын қозғайды. Жер, су, мал шаруашылығы мәселелерінің кейбір сырларын сол кісілерден естіп білдім. Тарбағатай өңірі жайлы түсінігім молайды, ақыл-кеңес алдым. Елдің береке-бірлігі, ынтымақты тірлігі сол қазыналы қарттардың жастарға дұрыс жол көрсетіп, жөн сілтеп отыратын қасиеттерінің арқасы деп түсінемін.

- Ділдабек Тәжібайұлы, зиялылық өз бастауын адамның тамыры тереңнен тартатын тегі мен туған жерінен, өскен ортасынан алатыны сөзсіз. Өзіңіздің туған жеріңіз, өскен ортаңыз жайлы айта отырсаңыз. Елге жиі барып тұрасыз ба?

- Шыққан тегі, туған жері туралы айту - кімге болмасын үлкен мақтаныш. Мен оңтүстіктің тумасы екенімді мақтан етемін. Өйткені ол өңірден талай-талай ел ардақтылары шыққан. Ата-баба өнегесі деген - үлкен тәрбие мектебі. Өз әкем Тәжібай көп жыл партия, кеңес органдарында қызмет істеген, бас бухгалтер, экономист, тоқсан пайыз орыс ұлтының өкілдері тұратын колхозда партия ұйымының хатшысы болды. Анам да текті жердің қызы еді. Мамандық таңдауыма ата-анамның ықпалы болғаны шындық. Алғашқы еңбек жолымды өндірісте еңбек етуден бастадым. Қарапайым шаруалардың арасында жүріп, қай тірліктің қалай атқарылатынын, қандай кемшіліктердің қандай зардаптары болатынын көзбен көріп, қолмен ұстап дегендей, өмір тәжірибесінен үйреніп өсу мен үшін ең маңызды, тағылымы мол өмір мектебі болды. Ауылда жүріп үйренген өмір тәжірибелерім бүгінгі күнде атқарып жүрген қызметімнің табысты болуына жәрдемдесті десем болады. Әкем мені еңбекке баулып, келешегімнен үлкен үміт күтті. Колхоз, тіпті аудан басқарса деп армандайтын. Мен әке арманын орындадым ғой деп ойлаймын.
Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын ғалым - агроном және Алматы экономикалық университетін қаржы мамандықтары бойынша бітірдім, экономика ғылымдарының кандидатымын, «Құрмет» орденінің иегері болдым. Еңбек жолымды колхозда механизатор болып бастадым. Әртүрлі жылдарда колхозда бас агроном, колхоз бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы бойынша салық комитетінде әртүрлі қызметтер атқардым. Бизнес саласында басшылық қызметте болдым. Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары, департамент директорының орынбасары, басқарма бастығы сынды лауазымдарда еңбек еттім. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Шығыссушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметтерін атқардым. Тарбағатай ауданының әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан филиалының директоры, Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты болдым. 2013 жылдың 28 маусымында Тарбағатай ауданының әкімі болып тағайындалдым.
Әрине, туған жер, өскен орта кімге болса да ыстық, жүрекке жақын. Ауылға жиі барып тұрамын. Жай бармаймын, Тарбағатай өңірін жайлаған еңбекші елдің сәлемін ала барамын. Орынбасарларымды, ауыл әкімдерін, белгілі кәсіпкерлерді туған жеріме ерте барамын. Ондағы мақсатым – Шымкентте, оның төңірегіндегі ауылдарда болып жатқан жетістіктерді, тың тірліктерді бұл жақтың азаматтары да көрсін, үлгі алатын тұстары болса, үйренсін деген ниет.
Тарбағатайлық азаматтарға бір таңғалатыным - шеттерінен алғыр, жан-жақты білімді, жаңалыққа, жақсылыққа жаны құштар, еңбекқор, адами қасиеттері өте жоғары келеді. «Оңтүстікте осылай екен» деп, өз ауылдарында жұртты жақсы жетістіктерге бастап жүрген азаматтар көбейді. Бір мысал айтайын. Оңтүстікте мал бордақылау ісі қатты дамыған. Бұл шаруамен екінің бірі шұғылданады. Осы мәселені Тарбағатайға келгеннен бері насихаттап жүрмін. Айту бар да, сол айтқаныңа көптің көзін жеткізу, көрсету бар. Жігіттерді ертіп жүріп айтып жүрген сөзімнің шындығына олардың көзін жеткіздім. Қарапайым ғана нәрсе. Барды, көрді, ауылға келіп сол көргендерін өндірісте жүзеге асырды, жұртты еңбек етуге жұмылдырды. Мен алғаш келгенде бұл жердегі мал бордақылау орындарының саны саусақпен санарлықтай ғана еді. Қазіргі таңда бес-он өгізшені үй ауласындағы қорада семіртуден бастап бірнеше жүз мал басы тұратын бордақы алаңдарының қатары көбейді. Бұл жетістік пе? Жетістік. Демек, ізденісті істеріміздің нәтижелі болғаны.

- Ділдабек Тәжібайұлы, соңғы сауалым. «А» корпусына 5 жыл деп отырмыз. Әрине, осы уақыт ішінде Сіздің тарапыңыздан атқарылған істердің аз емес екенін білеміз. Дегенмен бес жылдың белесіне оймен тағы бір барлау жасап, өзіңіздің тарапыңыздан атқарылған істердің ішінен көңіліңізге қонымды «5» деген баға қоюға лайықты–ау деген ерекше бесеуін атап айтсаңыз.

- Тарбағатай – жанға да, малға да жайлы қасиетті өлке. Осы өлкені мекендеген еңбекшіл халықтың өткен бес жыл ішінде қол жеткізген табыстары ұшан-теңіз. Тарбағатай ауданының алпыс ауылы да бір-бірінен қалмай даму үстінде, гүлденіп, көркейіп келеді. Барлық ауылға баратын жақсы жол бар. Бәрінде жарық пен су, әлеуметтік қызмет орындары бар. Бұл аймақ қарапайым адамдардың көз алдында дамып, өркендеп келеді. Әрине, атқарылған істің шынайы бағасын беріп, төрелігін айтатын - қарапайым халық. «5» деген бағаға лайық бес түрлі жұмысты атап көрсет деп отырсыз. Халықтың көңілінен шыққан жетістіктерді тізбелеп айтып көрейін.
Біріншіден, қарапайым халықтың еңбегі – экономикалық жетістіктерді айтуға болады. Мысалы, өткен бір жылдың ішінде Тарбағатай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 30 млрд. теңгеден асты. Жер мен суды тиімді пайдалануға ұмтылу өз нәтижесін беріп келеді.
Елбасы халыққа арнаған Жолдауында суармалы жерді тиімді пайдалануды маңызды міндеттердің бірі етіп алға қойды. Ауданда Тебіске, Базар өзендеріне су тоспаларын орнатып қойдық. Енді Қарғыба өзенінің тоспасын жөндеп жатырмыз. Осылар арқылы суарылатын егістік көлемін 12 мың гектарға жеткізе аламыз. Мысалы, биыл Тебіске өзенінің бойынан екі мың гектар суармалы жерді игеріп, іске қосудамыз. Мұнда игеріліп жатқан жердің жетпіс пайызын іске жаратып отырған - оңтүстіктен келген азаматтар. Ал жергілікті азаматтар енді-енді жер өңдеуге, жоңышқа егуге кірісе бастады. Өйткені мал бордақылау көбейген сайын, мал азығының қорын жасаудың маңызы артты. Ал жоңышқа - мал семіртуге мүмкіндік беретін құнарлы азық. Осы орайда айта кетуге тура келетін тағы бір маңызды мәселе - бізде суармалы егіске жарамды жер жеткілікті. Сол жерге қызығушылар да көп. Астана мен Алматы жақтың іскер азаматтары да хабарласады, жер алайық, егін салайық деп. Бір қазақ жігіті келді қасына Қытай азаматын ертіп. Бес мың гектар жер сұрады. «Өңдейміз, егін егеміз, жерді менің атыма рәсімдеңіз»,- дейді. Түпкі ойы белгілі. Жер бермедім. Жерді алыстан келген кім көрінгенге беріп жіберсем, жергілікті халықтың жағдайы қалай болады? Мені осы мәселе ойландырды. Тағы бір айта кететін жағдай - біздегі өзендердің суы жаз бойы тұрақты ақпайды. Мысалы, Қарғыба өзенінен мамыр айының бас кезінен егіске су аламыз. Секундына он текше метр су ағады. Шілде айының жиырмасына таман әлгі су үш текше метрге дейін азайып қалады. Ал тамызда су мөлшері бір-ақ текше метр болып қалады. Бұл өсімдік дәнін жетілдіруге судың ең көп керек кезі. Енді не істеу керек? Енді менің жоспарым - су қоймаларын салу керек. Республикалық Су ресурстары комитетінде И.Әбішев мырзамен келісіп отырмын, Қарғыба өзенінің бойынан су қоймасын салу жөнінде техникалық-экономикалық негіздемеге қаражат бөлінді. Қазір ол жұмыс зерттеліп жатыр. 2020 жылы құрылысы басталуы керек. Егер Қарғыбада су қоймасы салынатын болса, 10-15 миллион текше метр су болады. Онда суармалы егіс көлемін сенімді түрде арттыруға мүмкіндік молаяды.
«5» деген баға қоюға лайықты екінші мәселе ретінде ауданда халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды айту орынды шығар. Биыл 11 ауылға таза су береміз деп жоспарлаудамыз. Осыны қоса есептегенде, соңғы төрт жылда 39 ауылға су кіргізіппіз. Сонда халықты таза сумен қамту аудан бойынша 95 пайызға орындалып отыр. Бұл көрсеткішті ауыл санына шаққанда - 65 пайыз. Сол сияқты ауылдарға жол салу мәселесі де ауданда толық шешімін тапты, барлық ауылға жол салынды, ауыл ішіндегі жолдар да жөнделді.
Үшіншіден, біздің ауданда білім беру, мәдениет, спорт саласы жақсы дамып отыр. Мектептеріміздің материалдық-техникалық жағдайы жақсарып, мұғалімдеріміздің кәсіби шеберлік дәрежесі артты. Соңғы жылдары 28 мектеп жөндеуден өтіп, 500 миллион теңге қаржы игерілді. Осыдан 4 жыл бұрын 2 бала мектепті «Алтын белгімен» тамамдаса, өткен оқу жылында «Алтын белгі» алғандардың қатары 57-ге жетті. Биылғы оқу жылында 59 мектеп бітіруші түлек осындай жоғары көрсеткішке қол жеткізуге талпынып отыр. Мұғалімдеріміздің сапалық құрамы осыдан төрт жыл бұрынғы 37 пайыздан қазіргі таңда 67 пайызға артты. Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде былтыр 85,5 балл алсақ, биыл бұл көрсеткіш 90 балл болады деп күтілуде. Әр ауылда балалар бақшасы жұмыс істейді.
Төртіншіден, бізде қалыптасқан жақсы жұмыс ретінде мал шаруашылығын, оның ішінде мал семірту ісін айтуға болады. Мысалы, біз егін шаруашылығымен төрт ай ғана айналысамыз, қалған сегіз айда мал шаруашылығымен шұғылданамыз. Төрт-бес ай егін егіп, жинап, мал азығын дайындасақ, қазан айынан бастап мал бордақылай бастауымыз керек. Біздің ауданымызда мыңнан астам үй бар болса, соның төрт мыңында тұрғындардың мал семірту кәсібімен шұғылдануына мүмкіндік бар деп есептеймін. Әрбір үйдің тұрғыны ауласында шағын ғана, бес-он бастан мал бордақыласа, нұр үстіне нұр. Қазірдің өзінде 600-ден астам аудан тұрғыны мал бордақылауға кірісті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш мыңға жуықтайды деп болжап отырмыз. Өйткені аудан халқының мал бордақылау кәсібінің тиімді екеніне көзі әбден жетті. Енді мынадай жоба қарастырылып отыр. Мысалы, жеке азамат өз үйінің ауласында мал семіртіп, оның салмағын 200 келіге жеткізіп, оны ірі мал семірту орталығына сата алатын болады. Мемлекет оған сол үшін 40 мың теңге субсидия (әр бас малға) төлейді. Демек, мал семіртуде жем-шөп шығынын мемлекет өтейді. Ірі мал семірту орталықтары (3000 бастық) аудан бойынша алты жерде болмақ. Мысалы, Көкжырада Нұрлан Садықов осындай ірі мал семірту кешенін салып жатыр. Міне, халықты жұмыспен қамту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі осы болмақ.
Бесіншіден айтарым - кезінде ел игілігі үшін қажымай-талмай еңбек етіп, қазірде жасы келген зейнеткер еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету бірінші кезектегі міндет болып табылады. Аудан орталығында, әр ауылда қарттар бас қосып, әңгіме-дүкен құратын, кездесулер өткізетін арнайы бөлмелер белгіленіп, жабдықталды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға, күнкөрісі төмен отбасыларға қамқорлық жасау ісі де үнемі ескеріледі. Ақжар мен Ақсуатта Оңалту орталықтары жұмыс істейді.

-Ділдабек Тәжібайұлы, шынайы көңілмен айтқан ашық әңгімеңізге рақмет. Еңбегіңіз жана берсін!

Сұхбаттасқан Хамза СӘТИЕВ.

 

Даниал АХМЕТОВ: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ҰЛТ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ҚАЖЕТ

ЕліміздіңҰлы мерекесі - Тәуелсіздік күні қарсаңында Даниал Кенжетайұлы Ахметовпен аймақтың бүгінгі даму қарқыны мен болашаққа межеленген жоспарлар жайлы сұхбаттасқан болатынбыз. Сұхбат баспаға дайындалып жатқанда, Астанадан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің Мемлекет басшысының Жарлығымен  «Отан» орденімен марапатталғаны жайлы жағымды жаңалық келіп жетті. Оқырмандарға түсінікті болу үшін айта кетейік, 1993 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен белгіленген «Отан» ордені - экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, демократия мен әлеуметтік прогресті дамытуға ерекше еңбегі сіңген азаматтарға берілетін еліміздегі жоғары марапат. «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерініңұжымы Даниал КЕНЖЕТАЙҰЛЫН осы үлкен марапатымен  құттықтап, тәуелсіз қазақ елініңөркендеуі жолында атқарып жатқан жұмыстарына табыс тілейді!

- Даниал Кенжетайұлы, жыл аяқталуға да санаулы уақыт қалды. Әңгімені өтіп бара жатқан жыл қорытындысына аймақ басшысының көңілі тола ма деген сауалдан бастағым келіп тұр.

- Өтіп бара жатқан жылға көңіл тола ма деген сауалға жауап бергенде, аймақтағы жетістіктермен шектелген дұрыс болмас. 2017 жыл еліміз үшін айтулы оқиғаларға толы  болды. Биылғы жылы Қазақстан бүкіл әлем назарын өзіне аударды. Елордада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі болып өтті. Бұл шараны өткізуге ынталы елдер көп болатын. «ЭКСПО – 2017» көрмесінің бізде өтуі еліміздің тағдырына бұйырған бақыт, жас мемлекеттің абыройын барша әлемге паш еткен оқиға деп есептеймін. Сондай-ақ биыл мемлекеттік рәміздерге 25 жыл, тәуелсіз қазақ елінің жаңа Астанасына 20 жыл, Алашорда үкіметініңқұрылғанына 100 жыл толды. Биылғы жылы Қазақстан аймақтық және халықаралық деңгейдегі іс-шаралардың бел ортасында болды. Еліміз БҰҰҚауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелері құрамына енді. 

Ал енді аймағымызға келер болсақ, ағымдағы жылы әлеуметтік тұрғыда да, экономикалық  салада да алға  жылжу көп. Бұл орайда өнеркәсіп өнімдерін өндіруде, ауыл шаруашылығы, тауар айналымында жақсы динамика байқалды. Облысымызда 102%-дықөсіммен 270 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа берілді.

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі, мыс кенін өндіру, тас көмір өндірісі ұлғайды. «Азия Авто» АҚ-ның автокөліктерін өндіру көлемі 4 есе өсті. 

Негізгі капиталға инвестиция тарту көлемі ақшалай есептегенде көбейді. Нақты сектордың тұрақты өсімі мемлекетке түсетін кірістіңұлғаюына септігін тигізді. Жағымды үрдіс кәсіпкерлік саласында да сақталды. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны артты.

Экономиканың нақты секторының оң динамикасы әлеуметтік салаға да жағымды әсер етті. Тұрғындардың ақшалай табысы, орташа айлық еңбекақы көбейді. Жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан жоғарылаған жоқ.

Әлемдегі геосаяси ахуал көптеген мемлекеттерге салқынын тигізіп жатқанын байқап отырсыздар. Ал біздің еліміздегі ең басты құндылық тыныштық пен тұрақтылықтың сақталуы деп білемін.

- Шығыс Қазақстан облысында Сіздің басшылығыңызбен атқарылып жатқан Мәңгілік Ел болу жолындағы мақсатты істер жетерлік. Әсіресе шалғайдағы елді мекендердің жағдайына көп көңіл бөлетініңізді байқаймыз. Тауарлы-сүт фермаларын көбейту арқылы халықты табиғи азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауыз су мәселесін шешу сияқты игілікті істер өзіңіз басшылыққа келгелі белсенді жүргізіліп жатыр. Сол істердің арасында ең дұрыс жолға қойылғаны деп өзіңіз нені ерекше атар едіңіз? 

- Қандай істі қолға алсақ та, ол ең бірінші халықтың, аймақ тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға, экономикамызды дамытуға бағытталып отыр. Бұл ретте экономикалықөсімнің драйвері ретінде ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын айтқан жөн болар.                                                                   

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа Жолдауында отбасылық кәсіпкерлікті дамыту қажеттігін айтып, атқарушы билікке нақты тапсырма бергені естеріңізде болар. Біз осы тапсырманы орындау барысында аймағымыздағы табиғаттың ерекшеліктері мен жергілікті халықтың бейімделген кәсіп түрін ескере отырып, тұтынуға қажетті тауарды өндіруге баса мән бере бастадық. ШҚО-да ірі қара шаруашылығын жекеніңқолындағы мал есебінен дамытуға басымдық беріп келеміз. Кооперативтендіру жұмыстары да белсенді жүргізіле бастады. Нәтижесінде жоспарланған 15700 құрылымның орнына 16 040 шаруашылық нысан біріктірілді. Олардың негізінде 44 қанатқақты кооперативтер құрылып, олардың 32-сі сүт бағытындағы, 12-сі ет бағытындағы жұмысқа жұмылдырылды. Қажетті құралдармен жабдықтауға 3,1 млрд. теңге қаржы жұмсалды. Оның басым бөлігі «Аграрлық несиелік корпорация» мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы бөлінді.

Облыстағы 54 тауарлы-сүт фермасында 17400 бас сиыр сауылады да, шикізат өңдеуші кәсіпорындарға өткізіледі (жылдық жоспар - 68 мың тонна). Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сүт өндіру көлемі артты. Қабылдау бекеттерінде халықтан  жиналған сүт көлемі де өткен жылдағыдан 2,5 есе көп болды. Сүт өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесі де көбейді. Жалпы, Шығыс Қазақстан республика бойынша сүт өндірісінен үздіктер сапында тұр.

Агроөнеркәсіп кешеніне салынған инвестицияның жалпы көлемі 30 млрд. теңгені құрап, өткен жылдан 600 млн. теңгеге артық орындалды. Оның 12,2 млрд. теңгесі - негізгі капитал, ал қалғаны - субсидиялар.

Салада 9,4 млрд. теңгенің 56 инвестициялық жобасы жүзеге асуда. Экспорттық әлеуетті көтеру бағытында екі бірдей ет комбинатын салу жобасын қолға алу жоспарланып отыр, оның ішінде Аягөз ауданында - «Евразия Холдингі» ЖШС, Семей қаласында - «Агропортал» ЖШС.

Семей өңірінде екі сүт-тауарлы фермасы - «Көпежан» ФҚ пен «Нұр» ШҚ-да «200 бас сиырға арналған СТФ реконструкциялау» жобалары іске асырылуда. «Көпежан» фермерлік қожалығы дайындаған жоба нәтижесінде 2016 жылдың 14 қазанында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалы қаражаты есебінен 49,0 млн. теңге көлемінде, 200  мүйізді ірі қара басына арналған СТФ пайдалануға беріліп, сүт жабдығы мен техникасы сатылып алынды, Зырян ауданының «Средигорненский» шаруашылығы тарапынан 94 бас асыл тұқымды симментал құнажындары сатылып алынды.

«Нұр» ШҚ «КазАгроҚаржы» АҚ филиалыныңқаражаты есебінен 228,9 млн. теңге көлеміндегі жобаны іске асыруда. Қожалық бірнеше жыл бұрын лизинг әдісімен көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге арналған техникалар сатып алған болатын. Ал өткен жылы  өз қаражаты есебінен 9,5 млн. теңге сомасына алғашқы 100 бас сиырға арналған СТФ үй-жайын жабдықтау жұмысын аяқтады. «КазАгроҚаржы» АҚ филиалы тарапынан аталған қожалыққа 20 млн. теңге көлемінде несие беру жобасы мақұлданды. Ресейдің Новосібір облысының «Партнер» ЖШБ қаржылай қаражат түскеннен кейін, шартқа сәйкес, таяу уақытта жабдықты жеткізу жұмысы басталады. Ал «Нұр» ШҚ бойынша 100 бас сиырға арналған сүт-тауарлы фермасын пайдалануға беру мерзімі 2018 жылдың 1-ші тоқсанына  жоспарланған. Жобаны іске асыруды аяқтау алдағы жылдың 4-ші тоқсанына белгіленіп отыр. Сүт-тауарлы фермалары тарапынан қыстамаға шөп, сүрлем жеткілікті дайындалды.

- Даниал Кенжетайұлы, облысымызға әкім болып тағайындалған алғашқы күні-ақ «Семейге айына бір рет келіп тұрамын» дегеніңіз есімізде. Семейге ай сайын емес, апта сайын келіп, қалаға ерекше көңіл бөлетініңізді байқап жүрміз. 2014 жылдары Семей қаласының жеке табыс салығының 13 пайыз кірісі облыстық бюджетке алынып, біраз қиындықтар тудырғаны да есімізде. Сіз басшылыққа келгелі, жергілікті салық толығымен қаланыңөзінде қалдырылатын болды... Семейде биыл ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмеген көшелер жөнделді. Жаңа ғимараттар салынып, облыс пен республикадан бөлінетін қаржы көлемі көбейтілді. Бүгін қаланың екінші тынысы ашылды деп  айтуға болады. Алдағы жылы семейліктерді немен қуантасыз?

- Семей - ұлылар мекені. Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды халқымыздың текті ұлдары  өсіп-өнген топырақ. Ендеше, қазақтың рухани - мәдени астанасына біз жай ғана құрметпен қарап қоймаймыз, өсіп-өркендеуіне, уақыт көшінен қалмай дамуына қолдан келген барлық жағдайды жасаймыз.

Семейдің даму жоспарын жасау кезінде таяу үш жыл ішінде қаржыландырудың барлық көздерінен 113 млрд. теңге жұмсау межеленсе, бұл орайда ағымдағы жылдыңөзінде бірқатар жұмыстар атқарылды да.

Әсіресе білім саласында жақсы жаңалықтар көп. Бобровка кентінде 600 оқушыға арналған, Ұшақтар шағын ауданында 1200 орындық мектеп пайдалануға берілсе, Степной кентінде 300 орындық мектеп құрылысын салуға арналған жобалау-сметалыққұжаттама әзірленіп жатыр.

Биылғы жылы қала жолдарын жөндеу үшін 1,2 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Семейдің 8 орталық көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 929 млн. теңге; күрделі жөндеуге 65 млн. теңге; ағымдағы жөндеуге 206 млн. теңге бағытталды. Жалпы алғанда, қала көшелерінің 23 шақырым жолдары жөнделді.

Сондай-ақ Семейдің орталық бөлігін, Ертіс өзені жағалауын көркейту және каскадты субұрқақты реконструкциялау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Вокзал маңындағы алаң, М.Әуезов атындағы алаң, «Семей қаласына 250 жыл» деп аталатын стелла, Невзоровтар атындағы музей алдындағы саябақ, Революция және азамат соғысы қаһармандары құрметіне арналған мемориалды (Еске алу саябағын) көркейту жұмыстары жүргізілуде. Балаларға арналған ойын алаңдары орнатылуда. Бұл мақсатқа 1 млрд. теңгеден астам қаражат бағытталған, немесе 2015 жылмен салыстырғанда 3 есе көп.

Жалпы құны 10 млрд. 197 млн. теңгені құрайтын Семей қаласыныңұшу-қону жолағын, жермен жүру жолдарын және әуежай вокзалын жөндеу, қауіпсіздік жанама жолақтарын және жарық белгілері құрылғыларын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында Комсомол, Ақсай және Ұшақтар тұрғын аудандарында 33 млн. 150 мың теңге көлемінде су және электрмен қамтудың магистралды және кварталішілік желілерін құруға жобалау-сметалыққұжаттамалар әзірленуде. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жоғары тұрған бюджеттерден жыл сайын қаражаттардың бөлінуі мүмкін болған жағдайда, жобаларды 2018-2021 жылдар аралығында іске асыру қарастырылады. 

Ағымдағы жылы қалада барлыққаржыландыру көздері есебінен тұрғын үйлер іске қосылды. Атап айтқанда, 120 орынға арналған Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатын корпусы, Мелькомбинат, 1 г көшесіндегі, Жас Алаш көшесіндегі, Иртышская - Победа көшесіндегі тұрғын үйлер, Мұздыбай ауылындағы 10 жер  бар. Пайдалануға берілген жеке тұрғын үй құрылысы 14,2 мың шаршы метр көлемінде болды.

Жаңа Қарағайлы шағын ауданында жалпы аумағы 36,4 мың шаршы метрді құрайтын 6 тұрғын үй құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жалпы көлемі 37,7 мың шаршы метр 8 көп қабатты тұрғын үй құрылысын бастау үшін облигациялыққарыздардыңқаражаты есебінен 1 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.

Семейдегі бұл жаңа аудан инженерлік желілермен (жылу, су құбыры, электр, телекоммуникация желілері) толыққамтамасыз етілген. Қарағайлы шағын ауданының жолдарын салу үшін жобалау-сметалыққұжаттаманы әзірлеуге конкурс жариялау жұмысы жоспарлануда.

Бюджеттік қаражаттар есебінен жеке тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік коммуникацияларды тарту  жұмыстары жүргізіліп жатыр. Комсомол кентінде 77 тұрғын үйге электр желілері тартылды.

Степной, Жас Алаш кенттерінде 180 тұрғын үйге және Ақсай кентінде магистралдық электрлік желілерді салу жұмыстары аяқталуға таяу. Контрольный кентінің халқы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етілді. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жұмысқа 2,6 млрд.теңге қаражат қарастырылып отыр. Затонның су тоғанын, Қайнар ауылындағы су құбыры желілерін, Шүлбі кентінің су тарту жүйесін жөндеу, Новобаженово ауылында су құбырын және Ұшақтар кентінде кәріздік коллекторды құру жұмыстары басталды.

ЖЭО-1, АҚ-1 кеңейту және жөндеу жобаларын қаржыландыру ісі бойынша қолға алынған мәселе де өз шешімін тапты. Келесі жылы жоғары тұрған бюджеттерден 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлу жұмысы да қарастырылып отыр.

Ертіс өзені арқылы кәріздік дюкерді және су құбыры желілерін реконструкциялау бойынша 4 жобаны іске асыру республикалық бюджеттік комиссия тарапынан қолдау тапты.

ЕҚҚБ-мен серіктестік шеңберінде ағымдағы жылы «Көшені жарықтандыру жүйелерін жаңарту» жобасы бойынша 1 млрд. 900 млн. теңге көлемінде несиелік келісім жасалынды. Бұл 7 296 көше шамдарын энергия үнемдеуші жарықтарға ауыстыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ағымдағы жылдыңқазан айында «Қоғамдық көлікті жаңарту» жобасы бойынша 4,5 млрд. теңге көлемінде несиелік келісімге қол қою жоспарлануда. Жоба 85 жаңа автобус сатып алуға мүмкіндік береді.

 Семейде келер жылы 5000 орындық «Абай - Арена» атты қазіргі заман талабына сай мәдени-спорттық кешен салу жұмысы жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарын бастауға облыстық бюджеттен бастапқы қаражат бөлінді. Бүгінгі күні ТЭН және жобалау-сметалыққұжаттама әзірленіп, қараша айында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін мердігерлерге арналған конкурс жарияланды. Конкурс нәтижесі таяу уақытта белгілі болады.

Байқап отырған боларсыздар, атқарылған іс аз емес. Ал алдағы жоспар тіпті ауқымды. Семейдің заман талабына сай болуы қашанда назарымызда. Бұл орайдағы жұмыс тоқтамайды. Таяу үш жылдағы Семей көшелері жөнделген, әлеуметтік нысандары талапқа сай, білім беру және денсаулық сақтау жүйесі халыққа ғылымның жаңа жетістіктерімен қызмет көрсете алатын қала болады деп ойлаймын. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру жұмысы алдағы жылдары жалғаса береді.

- Өзіңіз басшылыққа келгелі Қазақстанның шығысы индустриялы-инновациялық жобалар орталығына, жаңалықтардың жанды қозғалысы мекеніне айналып кеткендей...

- Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан - қоғам дамуының барлық саласында оңөзгерістерге бағыт алып, экономикасы, білім мен мәдениеті күн өткен сайын нығайып келе жатқан еңселі ел.

Біздің Шығыс Қазақстан бүгінгі таңда интеграциялық, инновациялық жобаларды жүйелі түрде іске асыру арқылы дамудың даңғылына қарышты қадам басуда. Елбасы өз Жолдауында: «Біздің мақсатымыз – жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу»,- дей келе, Үкіметке болашағы зор ұлттық кластерлер қалыптастыруды тапсырды. Осы тапсырмаға орай аймағымызда индустриалды-инновациялық бағдарламалар бойынша көптеген жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Жолдау аясында инфрақұрылымды дамыту мен әлеуметтік салаға жеке және бюджеттен тыс инвестициялар тарту жұмыстарыныңқарқыны белсенді. Еуропа қайта құру және даму банкінің пакетінде 229,5 млрд. теңгенің 93 жобасы жатыр.

Ағымдағы жылы кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша жалпы құны 381,4 млрд. теңге болатын, 1,8 мың жұмыс орнымен 6 жоба іске асырылды. Оның ішінде әлемдік деңгейдегі ірі тау-кен байыту комбинаттарының бірі саналатын Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты құрылысы, «Өскемен арматура зауыты» АҚ-ныңөндірісін жаңғырту, «Қазэлектромаш» ЖШС-ніңқондырғылар паркін жаңалау, Зайсан ауданындағы «Нұр» шаруа қожалығындағы шағын ет комбинаты, Өскеменде «ТАГ-ТИН» ЖШС (тәулігіне 200 тонна өнімділігімен жаңа жабдықтарды енгізе отырып майлы дақылдарды (қабыл, күнбағыс) қайта өңдеу  зауытыныңқұрылысы) және Глубокое ауданында «Алтай Кен-Байыту» ЖШС кенді қайта өңдеу көлемін және алтын шығару фабрикасында өнім шығару көлемін ұлғайту жұмысына бағытталған.

Облыстық кәсіпкерлікті қолдау картасында тіркелген жалпы құны 932,6 млрд. теңге тұратын, 16,8 мың тұрақты жұмыс орны бар 71 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. 2010 жылдан 2016 жылға дейінгі аралықта және ағымдағы жылдың  11 айында жалпы құны 589,2 млрд. тг. құрайтын 7,5 мың тұрақты жұмыс орнымен 43 жоба іске қосылды.

Аталған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында Семей қаласы бойынша 2010-2017 жылдар аралығында Өңірлік карта аясында жалпы құны 9 млрд. теңге тұратын 7 жоба іске асырылды (бұл облыс бойынша  атқарылған  43 жобаның жалпы көлемінің 16,3%), 600-ден астам қосымша жұмыс орындары ашылды.

Бағдарламаның бірінші бесжылдығында жалпы көлемі 4,9 млрд. теңгені құрайтын  5 жоба іске қосылды. 2015-2019 жылдарға  жалпы көлемі  4,6 млрд. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба енгізілді, бұл жобалар есебінен қосымша 265 жұмыс орны ашылмақ.

2018-2019 жылдарға арналған инвестициялық жобалардыңқатарында «ет өнімін қайта өңдейтін  комбинат құрылысын» іске асыру жоспарланып отыр.

Инвестиция игілігі деген осындай жобалардың сәтті жүзеге асуы деп ойлаймын.

- Даниал Кенжетайұлы, облысымыздың шалғайдағы аудандарында инвесторлар тарту ісі қандай деңгейде? Бұл бағытта жергілікті билік органдары тарапынан қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

- Өзіңіз де білесіз, Елбасы Жолдауында инфрақұрылымдарды дамыту мен әлеуметтік салаға бюджеттен тыс инвестициялар тарту жұмысына басымдық берілген. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстанда бұл бағыттағы істіңқарқыны ауыз толтырып айтарлықтай дей аламыз.

Инвестициялар тарту және инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі Өңірлік кеңес құрылды. Облыстағы Халыққа қызмет көрсету орталығында инвесторларға қызмет көрсету секторы жұмыс істейді. Инвестициялар тарту мақсатында Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық порталы ашылып, онда 560,2 млрд. теңгенің 85 жобасы орналастырылды және шетелдік инвесторларды тарту мақсатында индустриялық аймақтар жайлы ақпараттар берілді. Инвесторлардыңқұқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін инвестициялық омбудсмен институты құрылды. Шығыс Қазақстан аумағында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов  омбудсмен болып табылады. Инвесторлар мен мемлекеттіңөзара іс-қимыл мәселелері, осы орайдағы ағымдағы проблемалардың шешілуі Нұрымбет Аманұлының бақылауында.

Ағымдағы жылдың маусым айында облыста «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының аймақтықөкілдігі ашылды. Шығыс Қазақстан облысынан «Kazakh Invest» ҰК АҚ-да шамамен 226 млрд. теңгеге 26 жоба қаралды. Оның ішінде одан әрі мәселені пысықтау, инвесторларды іздеу үшін жалпы құны 45 млрд. теңгеге 12 жоба іріктелген. Жыл соңына дейін «Kazakh Invest» ҰК АҚ CRM (ЦРМ) ақпараттық-мониторингтік жүйесін іске қосуды жоспарлап отыр, ол online режімінде әр жобаның іске асырылу барысының мониторингісін қамтамасыз етеді. Облыстағы инвестициялық белсенділікті арттыру жөнінде үйлестірілген және тиімді жұмысты арттыру мақсатында қазіргі уақытта (қалалар мен аудандар әкімдіктерініңқатысуымен) әлеуетті инвестициялық жобалар базасы құрылды (www.spkertis.kz), оныңқұрамына жалпы құны 188,3 млрд. теңгеге 130 жоба және бизнес-идеялар кірді.

Қазақстан - Қытай өзара іс-қимыл шеңберіндегі Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы мен Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен ынтымақтастық бойынша Жол картасы жүзеге асырылады. 1,5 млрд. АҚШ долларына  8 инвестициялық жобаны қамтитын ауыл шаруашылығы, энергетика, өнеркәсіп және орман өнімдерін өңдеу, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, туризм, мәдениет және спорт салаларында бірлескен ынтымақтастық жоспарлары негізгі сегіз бағыт бойынша  жүргізіледі.  

Сонымен қатар халықаралыққаржы институттарынан қаражат тарту мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін пайдалану жолымен де белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұл орайда 40,5 млрд. теңгеге 9 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Сонымен қатар ЕҚДБ есебінен қаржыландыру үшін 16,4 млрд. теңгеге 2 жоба қосымша пысықталуда.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері арқылы 168 млрд. теңгенің 168 жобасы дайындалу үстінде. Биылдыңөзінде жекеменшік балабақшалардың жұмысына қатысты 64 келісімшартқа қол қойылды. Мұндағы мемлекеттік тапсырыстың көлемі – 7,8 млрд. теңге.

Дәл бүгінге дейін екі ірі концессиялық жобаға конкурс жарияланды. Аталмыш жобаның бірі – «Өскемен қаласында 300 орындық көпсалалы аурухана салу». Құны – 21 млрд. теңге. (Конкурс нәтижесі 12 желтоқсанда жарияланды. «Сарыдаглар Иншаат Ве Тиджарет Ананим Ширкети» АҚ-мен ғана конкурстықөтінім ұсынылды). Екінші жоба – «Зырян қаласының орталық жылу қазандығын реконструкциялау». Құны – 2,6 млрд. теңге. (Конкурс нәтижесі 11 желтоқсанда жарияланды. «Перспективная технология» ЖШС-мен ғана конкурстықөтінім ұсынылды).

Жақын арада «Семей қаласындағы 200 орындық балалар ауруханасын салу және пайдалану» жобасына конкурс жарияланбақ. Қазіргі таңда құны 16,2 млрд. теңге тұратын бұл жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

Семей қаласы бойынша Знаменка орта мектебінің түлектері материалдық базаны нығайтуға 3, 677 млн. теңге, Ертіс ауылдық орта мектебінің түлектері 1 млн. теңге көлемінде жәрдем көрсеткен. Бүгінгі күні 6 мектепте «Мәңгілік Ел» кабинеттері ашылған. «Менің мектебім» акциясы аясында 6 жалпы білім беретін мектепті (Шүлбі, Озерки, Приречный, Шақаман, сондай-ақ Бегалин және Ибраев атындағы орта мектептер) жаңа үлгідегі кабинеттермен жабдықтау жоспарланған.

Бүгінгі күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Менің мектебім» атты ауқымды акция іске асырылуда. Акция мақсаты – мектептерді жаңа үлгідегі кабинеттермен - химия, физика және биология кабинеттерімен, сондай-ақ робот техникасымен қамтамасыз ету. Аталған іс-шара барысында қала мектептері бойынша 83 кабинетті қамту жоспарланған.

- Иә, облыс халқы өзіңіздің «Менің мектебім» атты бастамаңызды жас ұрпақтың болашағына жол ашатын ерекше жоба деп бағалады. Осы игілікті іс алдағы жылдары жалғасын таба ма?

- Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Патриотизм кiндiк қаның тамған жерiңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңiрiңе, яғни туған жерiңе деген сүйiспеншiлiктен басталады. Сол себептi мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы iзiнше оп-оңай кеңейiп, «Туған елге» ұласады»,- дедi. Бұл жай ғана айтыла салған науқандық мәселе емес, тамыры тереңде жатқан, ел болашағына алаңдаушылықтан туған, жүректен шыққан сөздер дер едім. «Туған жер» деген ұғым ешқашан ескірмейді десек, соны жүрегіне тұмар етіп ұстайтын ұрпақ тәрбиелеу - бүгінгінің парызы. Ұлт Көшбасшысының бұл бастамасы парасат-пайымы жоғары әр азаматтың кіндік қаны тамған ауылының гүлденуіне, оған іңкәр сезіммен қарауына жол ашып, серпін беретін бағдарлама боларына сенімім мол.

Біздің аймағымызда қолға алынған «Менің мектебім» жобасы - Елбасының игі бастамасын қолдау мақсатында дүниеге келген бастама. Еліміздің болашағы жастарды мектеп қабырғасынан бастап ғылымның жаңа жетістіктерін үйренуге баулу қажет. Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер форумы аймағымызда ел болашағына алаңдайтын азаматтардың аз еместігін байқатты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында дүниеге келген «Менің мектебім» жобасы шеңберінде кәсіпкерлерді игілікті іске тарта отырып, бюджеттен тыс қаржы есебінен Назарбаев Зияткерлік мектебініңүлгісі бойынша облыстың толыққамтылған 277 орта мектебін 425 жаңа модификация және роботты техника кабинеттерімен қамту жоспарланып отыр.

Аталған жобаның келесі кезеңінде облыстағы толыққамтылған орта мектептердің 587 химия, физика және биология кабинеттерінің жиһазы жаңартылатын болады. Жиһазды облысымыздың жергілікті тауар өндірушілерінің колдауы аясында жаңарту жоспарланған. «Менің мектебім» жобасын жүзеге асыру алдағы жылдары да жалғасын табады. 

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы елімізде қоғамдық сананы жаңғыртудың идеологиялық тұғырнамасы болып отырғаны белгілі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аймағымызда бірнеше бағытта жұмыстар жүргізіліп жатқанын білеміз.

- Рухани жаңғыру - ел болашағының кепілі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қазақ халқыныңұмытылып бара жатқан ұлттыққұндылықтарын түгендеу мақсатын көздеген, қажет уақытта, қажет жерде шыққан құнды еңбек, маңызды құжат деп есептеймін. Аймағымызда бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да сан ал-уан. Өңірде «Рухани жаңғыру» бес жылдық кешенді бағдарламасы әзірленді. Оған 28 млрд. теңгеге 61 жоба кіріп отыр. Атап айтар болсақ, тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауға, мұражайлар ашуға, «Абай әлемі» кітабының сериясын шығаруға, классикалық музыка фестивальдарын өткізуге, театрлар мен шығармашылықұжымдардың гас-трольдерін ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Тәуелсіздік күніне орай, қазақстандық суретшілер картиналарының ауқымды көрмесі ұйымдастырылды, көрмеге қылқалам шеберлерінің шығармаларымен қатар, облыстық мұражай қол жеткізген таптырмас мұра М.Аманжолов пен Б.Табиевтің туындыларының түпнұсқасы қойылды. Келесі жылдың жазында Суретшілердің халықаралық пленэрі өтеді.

Археология және заманауи өнер мұражайының концепциясы мен құрылымы жасалып, сәулетші  А.Шадьяров музей құрылысының жобасымен халықты таныстырды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен, табысқа жету тарихының мысалы арқылы тәрбиелеуді мақсат еткен  «100 жаңа есім» арнайы жобасы қолға алынды. Өнегелі өмірлері ерлік пен табыстың, шығармашылық жетістіктердіңүлгісіне айналған  жерлестерімізді ұсыну жұмыстарының нәтижесінде 11 шығысқазақстандық «Қазақстанның 100 жаңа есімінің» қатарына енді. Олардыңқатарында 5 ғалым, 2 ауылшаруашылыққызметкері, кәсіпкер, ұстаз, ақын, ұста бар. Атап айтқанда, Семей қаласынан  төрт, Шемонайха ауданынан екі, Өскемен қаласынан екі, Курчатов қаласынан бір, Жарма ауданынан екі адам республика бойынша 100 адамныңқатарына кірді.

- Елбасы мақаласындағы ерекше тапсырмалардың бірі – Қазақстанның киелі жерлерінің картасын жасау. Ата-бабамыз найзаныңұшымен, білектің күшімен қорғап қалған қазақ даласының әр өңірі киелі. Әсіресе біздің Шығыс Қазақстанда олардың саны аз емес. Қазақстанның киелі жерлерінің картасы жасалғанда нені ескеру керек деп ойлайсыз?

- Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған тағы бір маңызды мәселе - еліміздегі киелі жерлерді анықтап, олардың тізбесі мен картасын жасау. Қазақстан аумағында орналасқан тарихи ескерткіштер мен киелі орындар халыққа біршама танымал. Біздің жеріміздегі елді мекендер мен жер-су атауларына байланысты  сонау көне заманнан бүгінге жеткен аңыз-әңгімелер көп. Халық көп барып, мінәжат ететін сол киелі жерлер жайлы аңыздардың бірқатарының негізінде тарихи шындық жатыр деп ойлаймын. Жасыратыны жоқ, тарихи жерлер бұрыннан зерттеліп келе жатса да, бірізділікке түспеген. Елбасының тапсырмасынан кейін еліміздегі киелі жерлердің географиясы анықталып, картасын жасау жұмысы қолға алына бастады.

Біздің Шығыс Қазақстан облысы да тарихы тереңде жатқан киелі жерлерге бай өңір. Бұл жобаларды жүзеге асыруда аймақтық жетекші университеттердің атқаратын жұмысы үлкен екенін атап өткен орынды. Олар барлық бағыттар бойынша кешенді жұмыстар жүргізу мақсатындағы ғылыми негіздемені дайындап қана қоймай, серіктес ретінде бірлескен жобалар бойынша шығындардың бір бөлігін де өздері көтеріп отыр.

Ғалымдармен бірлесіп «Шығыс Қазақстанныңөркениеттер құбылысы» ғылыми тұғырнамасы жасалады. Аталған тұғырнама аясында Қазақстанның шығыс бөлігінің бірегей тарихи-мәдени мұрасын кешенді зерттеу жұмысы қолға алынбақ және ол іс «Шығыс Қазақстанның көне қазыналары» және «Шығыс Қазақстанның маржандары» атты негізгі екі бағытта жүргізіледі.

«Көне қазыналар» жобасының шеңберінде аймақтағы 5 археологиялық нысан зерттелді (Катонқарағай ауданындағы Берел, Зайсан ауданындағы Шілікті қорғандары, Ұлан ауданындағы Абылайкит қорған-монастырі, Тарбағатай ауданындағы Елеке сазы, Абай ауданындағы Қырықүңгір ескерткіші).

Жыл сайын Шығыс Қазақстан облысында архео-логия саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту жоспарын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 100 млн. теңге бөлінеді. Бұл қадам өзінің оң нәтижелерін беріп келеді. Тек 2016 жылы ғана 5500-ге тарта, ал 2017 жылы 1500 жоғары ғылыми-танымдық және көркемдік құндылықтарға ие облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жинақтамасын толтырған артефакт табылған. Аталған жетістіктердің барлығы да әлемнің жетекші ғалымдары мен археологтерініңқатысуымен өңірде жыл сайын өткізілетін «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралықғылыми-тәжірибелік конференциясына ұсынылып жүр. Аймақтың тарихи-мәдени мұрасын әйгілеуге және танымдық туризмді дамытуға бағытталған «Шығыс Қазақстанның маржандары» аймақтық жобасы да дайындалуда. Аталмыш жобаны жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстанның киелі орындарының картасы жасалды. ШҚО-дағы 10 нысан республикалық Сараптау комиссиясыныңқарауынан кейін «Қазақстанның киелі жерлері» тізімін толықтырды.

Облысымыздағы мектеп оқушыларының киелі орындарға баруы үшін 23 бағыттағы тақырыптық тур және оқу ұйымдастыру бағдарламасы дайындалды. Киелі нысандардағы туристік инфрақұрылымдарды дамыту мақсатындағы шаралар да кезең-кезеңімен қабылдануда. Атап айтқанда, ағымдағы жылы 20 млн. теңгеге Абай ауданындағы Қоңыр Әулие үңгірінің туристік инфрақұрылымы жақсартылды, Тарбағатай ауданындағы Ырғызбай Әулие кесенесінің аумағы 50 млн. теңгеге абаттандырылып, электр желісін тарту жұмысы жүргізілді. Қазір аймағымыздағы басқа да киелі нысандарда туристік инфрақұрылымды дамыту жұмысы бойынша ұсыныстар қабылдануда. Бұл бағыттағы игілікті істер алдағы уақытта жалғасын табады. Жалпы, аталған жобаның бес жылға жоспарланып отырғанын көпшілік біледі. Әр өңірдегі киелі жерлердің тізімі анықталып, республикалық картаға кірмей қалған нысандар облыстық картаға енеді. Киелі орындардың тізімі жасалған соң, арнайы альбомдар шығарылып, фильмдер де түсірілмекші. Бұл - өзінің туған жерін қадірлеп, ардақ тұтатын әр азаматтыңқатысуын қажет ететін шара.

- Мемлекет басшысы аса маңыз беріп, өркендетуді тапсырып отырған бағыттардың бірі - отандық туризм. Шығыс Қазақстан - туризм саласында әлеуеті өте зор аймақтардың бірі.  Осы бағыттағы атқарылған істер мен алдағы жоспарларға тоқтала кетсеңіз...

- Президент кенді Алтайға келген бір сапарында: «Шығыс Қазақстан – еліміздің інжу-маржаны. Тек қана табиғатымен емес. Мұнда өз өлкелерін мақтан тұтатын, оның гүлденуі үшін бар күш-жігерін жұмсайтын тамаша, еңбекқор және дарынды адамдар өмір сүреді»,- деген болатын. Шынында да, Қазақстанның шығысы - Абай, Шәкәрім, Мұхтар дүниеге келген ұлылар мекені. Руханият пен өнердің бесігі. Қазақ халқының елінің болашағын ойлаған ардақты ұлдарының озық ойлары қанат қаққан киелі жер. Бұл өңірде өндіріс те, ауыл шаруашылығы да, туризм саласы да ежелден өркен жайған.

Қазақстан Республикасында туризм саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, аймағымызда «Алтай інжуі» кластерін құру бағытында жұмыс жүргізілуде. Туристер көп келетін бағыттарға көліктіңқолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында соңғы 2 жылда жалпы көлемі 4,3 млрд. теңгеге автомобиль жолдары жөнделді (Алакөл, Сібе, Марқакөл көлдеріне, «Нұртау», «Алтай Альпісі» тау-шаңғы базаларына). Жағажай туризмін дамыту аясында Алакөл, Сібе көлдерінің жағалауларын абаттандыруға 550 млн. теңге қаржы жұмсалды.

Келер жылы облыстық бюджет есебінен 1,3 млрд. теңгеге Жалаңашкөл станциясы – Қабанбай ауылы автожолының жөндеу жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар келесі  маусымда турис-терді қабылдау жұмысын жақсарту үшін Алакөлдің жағалауына Өскемен қаласы – Жалаңашкөл станциясы, Семей қаласы - Жалаңашкөл станциясы бағында темір жол қатынастары ретке келтіріледі деген жоспар бар.

Рекреациялық аймақтарды дамыту бойынша қосымша резервтерді анықтау мен ары қарай инвесторларды тарту үшін облыстағы көлдер мен Бұқтырма су қоймасының жағалауында жер телімдерін ауқымды инвентаризациялау жұмыстары жүргізілді. Пайдаланылмай жатқан жер телімдері инвесторларды тарту арқылы туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатына жұмсалады.

Ағымдағы жылы облыстағы  8 көл мен 2 бұлақтың су құрамына (химиялық, бактериологиялық, радондық) ғылыми зерттеу жүргізіліп, балнеологиялыққорытынды алынады. Жалпы, 2015-2017 жылдары облыста туризм саласында 925 млн. теңгеге 23 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.

Шекара маңындағы Катонқарағай ауданы мен Марқакөлге шетелдік туристерді тарту үшін көші-қон полициясы органдарының келісімінсіз барып-келу туралы бастамамызды Үкімет қолдады. Осы уақытқа дейін міндетті болған арнайы рұқсат талабы туристердің емін-еркін келіп-кетуі үшін елеулі қиындықтар туғызып келген еді. Сол шектеулердің алынуы нәтижесінде Катонқарағай ұлттық паркі мен Марқакөл табиғи қорығының базасында экологиялық туризмніңқарқынды өсуіне мүмкіндік молаяды деген үміттеміз.

Сондай-ақ Алакөлдің жағалауында ҚХP-мен арада шекаралық туристік серіктестіктік құру жұмысы да көші-қон визалық режімі арқылы қолға алынып, қажетті жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен, шетелдік тиісті орындармен бірлесе әзірлену үстінде.

Жалпы алғанда, облыстың туризм бағытындағы бүгінгі дамуын экономикалық тұрғыдан оңды нәтижелермен сипаттауға болады. Елбасының стратегиялық жоспарларын, мемлекеттік бағдарламаларды табысты орындау үшін мүмкіндіктер жеткілікті. Қазақстандық және шетелдік туристер үшін, әсіресе Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Батыс Алтай қорығы, Мұзтау, Бұқтырма су қоймасы, Алакөл, Марқакөл, Сібе, Тайынты көлдері, Қызыл керіш шатқалы, Ақбауыр табиғи-тарихи ескерткіші, «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайы, Қоңыр әулие үңгірі, Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Еңлік-Кебек кесенелері, Ырғызбай ата кесенелері сияқты жерлерге сапар шегу аса қызықты болатыны анық. Бұл нысандардыңөңірге келетін турис-тер санын арттыруға ықпалы аз болмасы анық.

- Даниал Кенжетайұлы, қымбат уақытыңызды бөліп «Семей таңы» газетіне арнайы сұхбат бергеніңізге рақмет!

Келе жатқан 2018 жыл, Шығыс күнтізбесіне сәйкес, ит жылы. Жұлдызшылар  бұл жыл қол қусырып қарап отырмай, еңбек еткендер үшін қаржылық тұрғыдан тұрақты жыл болады, ал Егіздер белгісінде туғандарға сәттілік серік болады деген жорамал айтады. Табалдырықты аттауға аз ғана уақыт қалған Жаңа жыл өзіңізден, жанұяңыздан жақсылығын аямасын, еліңіз үшін атқарып жатқан жұмыстарыңыз табысты болсын деген тілек білдіргім келеді.

Сұхбатты жүргізген Риза МОЛДАШЕВА.

СЕРІК ЗАЙНУЛДИН: ҮРЖАР - БАҚ ҚОНҒАН МЕКЕН

Үржар – Шығыс Қазақстан облысындағы ірі аудандардың бірі һәм бірегейі. Әлеуметтік - экономикалық дамуы да көңіл қуантады. Таңдай қағатын, таңырқай қарайтын тұмса табиғатымен, айдынды Алакөлімен, Барлық Арасанымен мақтанса, апорт алмасы мен балы брендке айналғалы қашан. Жуырда Алакөл көліне «Үздік туристік нысан - 2017» аталымы берілді. Осыдан – ақ Үржарда туризмнің дамып келе жатқанын анық аңғарамыз. Биыл Үржарда өткен ауқымды шаралардың бірі - Әсет Найманбайұлының 150 жылдығы, ел көлемінде өткен Әсет тойының дүбірі әлі де ел есінде.
Үкілі Үржардың биылғы жетістігімен бөлісу мақсатында аудан әкімі Серік Зинабекұлы Зайнулдинмен сұхбаттасқан едік.

- Серік Зинабекұлы, Шығыс Қазақстан облысындағы тәжірибесі ең көп әкімдердің бірісіз. Әкімдік қызметіңіздің соңғы 5 жылға жуық уақытын аймағымыздағы ең үлкен өңір Үржар ауданында жалғастырып жатырсыз. Бүгінгі Үржардың хал-ахуалы қалай?

- Сауалыңызға рақмет. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жылдан-жылға қарқынды түрде дамып келе жатқанын негізге ала отырып, ауданның бүгінгі жағдайы жақсы деп айтуға болады. Өздеріңіз білетіндей, Үржар – ауыл шаруашылығы саласына басымдық беретін аудан. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, 29516 млн. теңге көлемінде ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, 2016 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда өндіріс көлемі артып, 103,7 %-ды құрады. Облыс көлемінде өндірілген ауылшаруашылық өнімдерінің 9 пайызы Үржар ауданының үлесінде.
Ауылдағы ағайынның ата кәсібі төрт түлік қой. Мал шаруашылығы саласындағы көрсеткіштер де көңіл қуантады. Мысалы, сойылып сатылған ет көлемі – 9 401 тонна, сүт – 54 803 тонна. Қазір аудан бойынша ірі қара мал саны - 104 480 бас. Жыл санап мал басы да артып, асылдандыру жұмыстары кеңінен жүргізілуде.
Ал өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі - 2787 млн. теңге. Ауданы-мыздағы ірі кәсіпорындардың бірі «Мадина» серіктестігі есептік кезеңде 86,8 мың тонна тас көмір өндірді. «Швабские колбаски» ЖШС есепті кезеңде 197 тонна шұжық өнімдерін дайындап, 2016 жылдың тиісті кезеңіндегі өндіріс деңгейі сақталды.
Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінде де алға басушылық бар. 1298 тонна өсімдік майы, 65 тонна сүт өнімдері, 157 тонна нан және 45 тонна кондитерлік өнімдер өндірілді. Капиталға жұмсалған инвестиция көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 56,2 пайызға артты. Бұл - жақсы көрсеткіш.
Құрылыс саласында да қарқын бар. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, ауданда жүргізілген құрылыс жұмыстарының көлемі 3685 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 29,2 пайызға артты.
Шағын бизнес те дамудың оң көрсеткішіне ие. Биыл 190 шағын және орта бизнес кәсіпорны тіркелсе, ол өткен жылмен салыстырғанда 50 кәсіпорынға артық.
Бюджет жайлы айтар болсақ, осы жылдың бірінші қазанына аудан бюджетінің ішкі табысы 906 млн. теңгені құрап, есептік кезеңдегі жоспар 100,1 %-ға орындалды. Қазіргі таңда бөлінген қаржының 99,9 пайызы игерілді.
Аудан халқын әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту мәселесі өзіндік маңызға ие. 2017 жылдың 1 қазанындағы дерек бойынша, 173 адам ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркеліп, жаңадан 806 жұмыс орны құрылып, атаулы әлеуметтік көмек алушылар 23,1 %-ға азайды.

- Үржар жері құнарлы, экономикасы табысты өңірлердің қатарында саналады. Ауданда кәсіпкерліктің дамуы қандай деңгейде?

- Дұрыс айтасыз. Жер құнарын біздің диқаншылар қауымы жақсы біледі. Сондықтан Жер – Ананың берген ризығын пайдалану жағы дұрыс жолға қойылған. Ал кәсіпкерліктің дамуы ойдағыдай. Әсіресе шағын бизнес қарқынды түрде даму үстінде. Мемлекет басшысының шағын және орта бизнесті ата кәсіпке айналдыру керек деген тапсырмасы бар ғой. Аудан тұрғындарының төрттен бірі шағын бизнеске бет бұрған деп айтуға болады. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, 4946 шағын кәсіпкерлік тіркелген. Ауданның ішкі табысының 24,7 пайызын шағын кәсіпкерлік құрайды.
Үржар ауданында бір ет комбинаты, үш диірмен, 28 наубайхана, екі сүт қабылдау және оны өңдеу цехы, 548 сауда дүкені, 30 дәріхана, 3 кондитерлік, 1 қымыз өндіру цехы, 11 қонақ үй, 2 базар, 10 қоғамдық монша, 32 техникалық қызмет көрсету станциясы, 18 жанар-жағармай станциясы, 77 қоғамдық тамақтандыру орны және 110-ға жуық кәсіпкерлік нысан тұрғындар игілігіне қызмет етуде.
Аудандағы шағын бизнестің қарқынды дамып келе жатқанын жаңадан іске қосылған кәсіпкерлік нысандары санының жылдан-жылға артып отырғанынан-ақ байқауға болады. Мысалы, жыл басынан бері екі қонақ үй, тоғыз сауда дүкені, екі дәріхана, бес дәмхана, бір наубайхана, екі тігін цехы, бір автобекет іске қосылып, 55 адамға жаңа жұмыс орындары ашылды.
Сонымен бірге Үржар ауданы бойынша Индустрияландыру картасына «AK-Минералс» ЖШС-нің 2017-2020 жылдарға арналған құны 8 млн. 200 мың теңге болатын катодты мыс өндіру гидрометаллургиялық зауытының құрылысын салу инвестициялық жобасы енгізілді. Жобаның қуаттылығы жылына орта есеппен 5000 тонна мыс өндіруге және 350 адамға жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда зауытқа қажетті инфрақұрылым жүйесін тарту мақсатында құжаттар әзірленуде. Сондай-ақ «Eurotransit Terminal» ЖШС-нің (иесі - Е.Диханбаев) «Бахты» кедені өткелінде көлік-логистикалық орталық салу жөніндегі инвестициялық жоба да Индустрияландыру картасына енгізілді. 2017 - 2022 жылдар аралығында жүзеге асырылады деп жоспарланған жобаның жалпы құны 10 308,7 млн. теңге. Бүгінгі күні жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидияландыру құжаттары облыстық үйлестіру кеңесіне жолданған. Айта кетейін, осы бағдарлама бойынша кәсіпкерлікті өркендету, Алакөлдің жағалауында туризмді дамыту бағытында жыл басынан бүгінгі күнге дейін 305,5 млн. теңгені құрайтын 10 жоба субсидияландырылды. Ол да аталмыш саланың дамуына сеп болары сөзсіз.

- Серік Зинабекұлы, Сіз басқаратын ауданның кәсібі көп салалы екенін білеміз. Шаруашылықтың қай саласына басымдық беріледі?

- Үржар ауданының экономикасын дамытуда агроөнеркәсіп кешені маңызды рөл атқарады. Ауданның ауыл шаруашылығы саласы өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығына негізделген.
Мал шаруашылығы, оның ішінде сүт бағытындағы шаруашылықты дамытуға, өсімдік шаруашылығында сапалы сортты тұқымдарды, минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтерді пайдалануға және ауылшаруашылық тауарын өндірушілердің техникаларын жаңартуға көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, осы жылы шаруа қожалықтары 4650 тонна минералдық тыңайтқыш пайдаланды. Ол өткен жылмен салыстырғанда 3,4 есеге артық. Сол секілді пайдаланылған гербицидтердің көлемі 18151 тоннаға жетіп, 2,2 есеге көбейді.
Шаруа қожалықтары жаңа техникалар алуда белсенді. Бүгінгі күнге дейін ауданның 44 ауылшаруашылық құрылымдары 531,3 млн. теңгеге 111 бірлік жаңа ауылшаруашылық техникаларын сатып алды. Соның ішінде «КазАгроФинанс» АҚ арқылы лизингке 25 шаруашылық 46 бірлік, өз қаражаттарына 19 шаруашылық 65 бірлік жаңа техникаға қол жеткізді.

- Осы ретте ауданда ауыл шаруашылығы бағытындағы жұмыстарға, мал өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының жай-күйіне тоқталсаңыз. Қожалықтарды кооперативтерге біріктіріп, ірілендіру жағы қалай жүзеге асып жатыр?

- Үржар ауданы бойынша өсімдік және мал шаруашылығымен айналысатын 2184 шаруа қожалығы тіркелген. Президент тапсырмасына сәйкес, аудан бойынша жеке және қосалқы шаруашылықпен айналысушыларды, ұсақ шаруа қожалықтар мен жеке кәсіпкерлерді ауыл шаруашылығы кооперативтері құрамына тартып, ірілендіру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда 51 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, олардың құрамына 1710 адам тартылды. Ашылған ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдау мақсатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы жеңілдетілген пайызбен несиелендіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні аталған мекемеге үржарлық еңбеккерлер тарапынан 46 өтінім берілді.

- Енді туризм жағына ойыссақ. Серік Зинабекұлы, Үржардың ғана емес, еліміздің мақтанышына айналған айдынды Алакөл жайлы жиі жазылып жүр. Биылғы жылы Алакөлге ерекше көңіл бөлініп, жағалауды жақсарту бағытында көп істер атқарылды. Басталған жұмыс әлі де жалғасын табатын болар?

- Әрине. Ішкі туризмді дамыту үшін Алакөлдің жағасын абаттандыру жұмысы жыл сайын жалғаса береді. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Алакөл отандық туризмнің алдыңғы легінде болуы керектігін үнемі айтып, қолдау танытып, тың тапсырмалар жүктеп отырады. Осы мақсатта аймақ басшысы 2016 жылы Алакөлді абаттандырудың жоспарын жасатты. Облыстық бюджеттен 500 млн. 580 мың теңге қаражат бөлінді. Оған біз ең бірінші жол мәселесін шештік. 4,7 шақырым жолға құмтастар төктік, асфальттап, жарықтандырдық. Арбат жасалып, 8 мың шаршы метр жерге тас төсеніштер төселді. Киіз үй, жүйесіз дүңгіршектер алынып, 10 жылға жерді жалға беру арқылы 22 заманауи шағын дүкен салғыздық. Жағалау абаттандырылып, жарықтандырылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 80 бейнебақылау камерасы, 4 полиция бекеті орналастырылды. Екі медициналық пункт ашылды. Балалар ойнайтын алаңқай, субұрқағы бар саябақ ашылып, автобекет пен автотұрақ салынды. 760 метр аумақтағы гүлзарларға гүлдер, бірінші рет көлдің басына 3000 түп ағаш көшеттері егіліп, тамшылатып суару мәселесі шешілді. 147 демалыс орнының 123-і талапқа сай қызмет көрсетті. Биыл қосымша 15 нысанның құрылысы жүргізілуде. Осы жұмыстарға облыс басшысы жоғары баға берді.
Алакөлді абаттандыруға облыс әкімінің қолдауымен келесі жылы қосымша 800 млн. теңге қаражат бөлінбек. Жоғарыда атап өткенімдей, абаттандыру жұмыстары жалғасын табады. Арбат 410 метрге ұзарып, ені 50 метрге кеңейтіледі, жарықтандырылып, субұрқақ орнатылады. Сонымен қатар мерекелік шаралар өтетін арнайы орын жасау да жоспарда бар. Қосымша 5 шақырым айналмалы жол салынады. Балалар жағажайы дайындалып, «Үржарайым» балалар лагері абаттандырылады. Қайықтар үшін төрт айлақ та жасалынады.

- Серік Зинабекұлы, осы жерде көкейде жүрген сауалдарды қойсақ. Алакөл демалыс аймағының аудан бюджетіне қосып отырған үлесі қанша? Жағалауды кәсіптің көзіне айналдырған кәсіпкерлік нысандардың иелері ауданның салық төлеушілері есебіне тіркелген бе?

- Ағымдағы жылы Алакөл көлі жазғы демалыс аймағында барлығы 226 кәсіпкерлік нысан демалушыларға қызмет көрсетті. Биылғы қаңтар - шілде айларында Алакөл көлі жағалауындағы кәсіпкерлік нысандардан түскен инвестиция көлемі 1 млрд. 549 теңгені, немесе ауданның негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемінің 46,2 пайызын құрады.

- Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы бүгінгі таңда еліміздің жарқын болашағына бағытталған басты құжаттың біріне айналып отыр. Үржар ауданында да бұл орайда атқарылып жатқан игі істердің аз емес екенін білеміз. Осы жұмыстарға өзіңіз тоқталып өтсеңіз.

- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өткен болатын. Ол - бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы. Сонымен қатар таяу жылдардағы міндеттерімізге де тоқталған.
Бағдарламалық мақала аясында ауданымызда бірқатар игілікті істер қолға алынуда. Атап айтсам, тамыз - қыркүйек айларында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы шеңберінде аудан кәсіпкерлері, мекеме мен ұйым ұжымдары тарапынан 3 млн. 794 мың теңге көлемінде жетім, жартылай жетім, көп балалы және аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 714 балаға көмек көрсетілді. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан бойынша мектептердің материалдық-техникалық базалары нығайтылуда. Жергілікті бюджеттен үш мектепке (Б.Момышұлы, Көкөзек, Абылайхан орта мектептеріне) компьютерлік техника алуға және «Үржарайым» лагеріне, 18 шағын жинақталған мектепке интерактивті жабдықтар алуға, 3 мектепке (Төлеубеков, Тұрлыханов, Әуезов атындағы мектептер) балаларды тасымалдауға автобус алынды. Биылғы жылы аталған бағдарлама аясында оқушыларды тегін оқулықпен және 2, 5, 7 сынып оқушыларын жаңартылған оқулықтармен қамтамасыз ету үшін тиісті қаражат бөлініп, 103599 дана оқулық сатылып алынды.
Латын әліпбиіне көшу, ұлттық кодты сақтау мәселелері талқыланып, «Туған жер» тұжырымдамасын жүзеге асыру қолға алынуда. «Туған жер» тұжырымдамасы аясында ауданнан шыққан азаматтар туған өлкелерінің өркендеуіне үлес қосуда. Науалы ауылында спорт мектебі күрделі жөндеуден өтіп, жақында пайдалануға берілді. Сол сияқты Қызылту ауылында мешіт салынды.
Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының «Ұлттық бірегейлікті сақтау» тарауы бойынша да жұмыстар жалғасын табуда. Ағымдағы жылы ақын, әнші-сазгер Әсет Найманбайұлының 150 жылдық мерейтойы ел көлемінде ұйымдастырылды. Республикалық деңгейдегі ғылыми конференция, ақындар айтысы, аламан бәйге, қазақ күресі сияқты кешенді іс-шаралар өтіп, аталған шараға еліміздің түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етіп жатқан белгілі жерлестеріміз шақырылды.
Мемлекет басшысының мақаласынан туындаған негізгі міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік мерекелер мен халықтық мейрамдарға арналған мәдени көпшілік іс-шаралар, мәдени бағдарламалар кешенді түрде жүргізіле беретін болады.

- Адам басты құндылық дейміз. «Атқарылатын жұмыстардың барлығы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жасалуы керек»,- деп Елбасымыздың тарапынан жиі айтылады. Аудан басшысы ретінде тұрғындардың бүгінгі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына өзіңіз қандай баға берер едіңіз? Аудан бойынша орташа еңбекақы көлемі қанша?

- Аудан тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін еңбек етіп жатырмыз. Еңбекке қабілетті халықтың жұмыс істеуіне мейлінше жағдай жасалуда.
Әлеуметтік - еңбек саласын дамытудағы негізгі бағыттардың бірі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына сапалы әлеуметтік көмек көрсету, өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуметтік қолдаудың түрлері мен әдістерін жетілдіру болып табылады. Өткен жылмен салыстырғанда әлеуметтік көмек алушылар санының 23 пайызға азаюы халықтың әл-ауқатының артқанын аңғартады. Кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары тарапынан жыл басынан бері көмекке мұқтаж 2259 адамға қаржылай және азық-түлікпен қолдау көрсетілді. Жұмыссыздыққа келсек, ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша, 173 адам рес-ми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген. Жыл басынан бері 2189 адам жұмыспен қамтылса, соның 11-і мемлекеттен шағын несие алған.

- Серік Зинабекұлы, соңғы са-уалым. Атқаруға тиісті, ойға алған, бірақ шешімін таппай келе жатқан шаруалар көп пе?

- Әрине, көп. Біріншіден, жол мәселесі. Аудан мен ауылдар арасындағы жолдарды асфальттауға 677 млн. теңгеге жобалық – сметалық құжат жасалып, тиісті мекемелерге жіберілді. Екіншіден, таза ауыз сумен халықты қамтамасыз ету. Бұл көрсеткіш Үржар ауданы бойынша 48 пайызды құрайды. Ақшоқы, Көкөзек, Мақаншы, Қаратұма ауылдарына осы мақсатқа қаржы бөлінді. Қалған ауылдар үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда. Бұл мәселе 2018-2020 жылдарға дейін шешіледі деп есептеймін. Үшіншіден, тұрғын үй салу мәселесі толық шешілген жоқ. Бұл мәселе 2018 жылы шешімін табады деп күтілуде. Төртіншіден, Үржар ауылында кәріз суын шығаруға жоба жасалуда, алдағы жылдары шешілетін болады. Бесіншіден, 30 мың тонна құс етін өндіретін фабрика салу жоспарда бар. Оған инвестор іздестірілуде. Алтыншы, суармалы жерлерді игеру мақсатында Қарабұта, Көктерек, Қарақол су қоймаларын салу жобалары бар. Оған қажетті қаражат 2018 жылы республикалық бюджеттен бөлінеді деп отырмыз.

- Сұхбатыңызға рақмет. Үржар ауданы көркейе берсін!

Сұхбаттасқан
Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ.

НҰРЛАН СЫДЫҚОВ: ИНВЕСТОРЛАРДЫ ҚЫЗЫҚТЫРА БІЛУІМІЗ КЕРЕК

Бүгінде Жарма ауданы облысымыздағы жаңашыл қадамдарымен, жасампаз істерімен ерекшеленген. Әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштері бойынша аймақта көш бастап тұр. Өнеркәсібі өрге басқан, ауыл шаруашылығы өркендеген өңірдің бүгіні һәм болашағымен танысу мақсатында аудан әкімі Нұрлан Бәтташұлы Сыдықовпен сұхбаттастық. Айта кетерлігі, Нұрлан Бәтташұлының Жарма ауданына басшылыққа келгеніне тура екі жыл болыпты. Жасыратыны жоқ, жаңа басшыдан жармалықтар тың идея, жаңа бағыт күткен еді. Осы уақыт ішінде аудан әкіміне артылған сенім мен халықтың үміті ақталып, Жарма жаңалықтың жаршысына айналып үлгерді.

- Нұрлан Бәтташұлы, Шығыс Қазақстан облысында ұзақ жыл басшылық қызметтер атқарып келесіз. Әкімдік тәжірибеңізді Бесқарағай ауданынан кейін Жармада жалғастырып жатырсыз. Экономикалық тұрғыдан екі ауданның мүмкіндіктерінде айырмашылық бар ма?

- Шығыс Қазақстанның әр өңірінің табиғи-географиялық, тарихи-мәдени, демографиялық, сондай-ақ экономикалық өзгешеліктері бар.

Бесқарағай ең алдымен көк желекті орманымен ерекшеленеді. Аудан аумағының 50 пайызын орман алқабы алып жатыр, тиісінше, тұрғындардың басым бөлігі осы салада еңбек етеді. Жер көлемінің 120 шақырымы Ресеймен шектеседі. Көптеген жергілікті тұрғындар шекаралық мекемелерде жұмыс істейді.

«Балапан» даласындағы 100 мың гектарға жуық егістік алқабы, Ертіс өзенінің аудан ішімен 170 шақырым аумақтан өтуі астық, картоп пен көкөніс өсіруге қолайлы жағдай туғызады. Сондай-ақ қалаға жақын орналасуы аудан шаруаларының өнім өткізуіне, кәсіпкерлікті дамытуына оң ықпалын тигізеді. Бірде «Если есть на земле рай – это наш Бескарагай» деп айтқаным бар. Осы сөз бүгінде бесқарағайлықтардың ұранына айналған. Олай деуімнің түпкі мәні 28 ұлттың өкілдері өмір сүретін ауданда халықтың береке-бірлігі мен достығы берік, татулық пен жарастықта тіршілік етуде.

Жарма ауданы болса тоғыз жолдың торабында орналасқан, өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы қатар дамыған аймақ. Жарма өңірінде пайдалы қазбалардың қоры мол, өндірістік әлеуеті жеткілікті. Сонымен қатар бүгінгі таңда шикізат қорының көптігі емес, оны игере білу, инновацияны, жаңа технологияларды қолдану ерекше маңызға ие. Яғни, экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы қай өңірде де табысқа қол жеткізуге болады. Бұған, табиғи байлықтары мүлде аз болса да, экономикада қомақты жетістіктерге қол жеткізіп отырған елдердің тәжірибесі дәлел. Яғни, қай аймақта қызмет етсек те, ілгері басудың кепілі істің көзін табу деп білемін.

- Шынымен де, Жарма ежелден жер асты байлығы мол өңірлердің қатарында саналады. Табиғаттың осы сыйының аудан бюджетіне қосар үлесі көп пе?

- Жоғарыда айтқанымдай, табиғат байлығы оны тиімді игере білгенде ғана қайтарым береді. Бүгінгі таңда 20-ға тарта кен орындарында геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде.

«Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС тарапынан құрамына «Бақыршық» және «Большевик» кен орындары енетін «Қызыл» жобасы бойынша өнімділігі жылына 1,8 млн. тонна кенді өңдеуге есептелген кен байыту кешенінің құрылысын салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 2018 жылдың ІІ жарты жылдығынан бастап оның алғашқы кезеңі іске қосылмақ.

«ГМК Васильевское» ЖШС Бөке ауылында «Васильевское» кен орнынан алтын өңдеу зауытын салу» жобасын аяқтап, алғашқы өнімдерін шығарды. «Шұғыла Голд» ЖШС биылғы жылы кенді шаю арқылы алтын өндіруді қолға алса, келесі жылы фабрика құрылысын салуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ «Қазақцемент» серіктестігі, «Асар Инвест», «АС Инком», «Семей жолдары» серіктестіктерінің бөлімшелері өнім өндіру деңгейін арттыруда. 

2020 жылға дейін ауданда 4 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы 29 млрд. теңгенің инвестициясын тарту жоспарлануда. Барлық жобалар ауданның Үдемелі индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы бойынша үйлестіру кеңесінде қаралып, екі жоба облысты Индустриялық картасына енгізілді. Олар «Артель Старателей Горняк» ЖШС-нің Ақжал ауылында «Жылына 250 мың тонна руда өндіретін зауыт салу» жобасы және «Жангиз Солар» ЖШС-нің Жаңғызтөбе кентінде қуаттылығы жылына 30 МВт-тық күн электр станциясын салу жобасы.

Аудан бюджетінің меншікті түсімдерінің негізгі бөлігі «Бақыршық тау-кен кәсіпорны», «Казахцемент», «Казинтерэтнос» сияқты өндірістік кәсіпорындарға тиесілі.

- Нұрлан Бәтташұлы, ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қандай деңгейде?

- Мемлекеттік қолдау нәтижесінде кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Ауданда 2123 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Оның ішінде 121 шағын және орта кәсіпорын, патент негізінде жұмыс істейтін 693 кәсіпкер, оңайлатылған декларация арқылы 749 кәсіпкер, жалпы режімде жұмыс істейтін 80 кәсіпкер және 480 шаруа қожалығы бар. Бұл салада 4092 адам жұмыспен қамтылған, немесе экономикалық белсенді тұрғындардың 17 пайызы. 

287 дүкен, 13 дәріхана, 9 жанар-жағармай құю станциясы, 8 мейрамхана, 71 кафе және асхана, 12 техникалық қызмет көрсету станциясы, 18 наубайхана, 12 қонақ үй, 1 сауықтыру орталығы жұмыс істейді. Нарық ырығына қарай кәсіпкерлермен жұмыстарын дамыту және жетілдіру істері жақсы жанданып келеді.

Ағымдағы жылы сауда үйі, бизнес орталығы, дизельдік техникаларға қызмет көрсету орталығы, 4 дүкен сияқты кәсіпкерлік нысандары ашылды. Аудан бюджетінің кіріс бөлігінде шағын және орта кәсіпкерліктің үлес салмағы ағымдағы жылдың 6 айында 80 486,6 млн. теңгені, немесе 10%-ды құрады.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 8 айда 6 774,4 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 857,9. Теңгеге, немесе 14,9 пайызға артты.

2017-2021 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту картасы бекітілген. Оған 786,8 млн. теңгенің 172 жобасы енгізілді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017– 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында облыстық «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на 46 өтінім және 5 жоба «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ-на жолданды. Бүгінгі күнге 100,2 млн. теңгенің 35 жобасы қаржыландырылды. Басым бағыт - қызмет көрсету, шағын мал бордақылау алаңын ашу, ірі қара мал басын сатып алу жұмыстары. 

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде екінші деңгейлі банктер арқылы барлығы 696,3 млн. теңгеге 11 жобаның пайыздық мөлшері субсидияланды.

Туристік аймақ саналмағанмен, ауданның географиялық орналасуы туризмді дамытуға біршама қолайлы.

Ауданда біржолғы сыйымдылығы 362 орынды құрайтын 13 қонақ үйі бар. Келушілер саны өткен жылмен салыстырғанда 12 есеге артып отыр. Ішкі туризм бойынша келушiлердiң саны өткен жылмен салыстырғанда 26%-ға өсіп, 13 019 адамды құрады. Сәйкесінше, олардың қызмет көлемі де едәуір артып отыр.

- Сіз басқаратын ауданның кәсібі көп салалы екенін білеміз. Шаруашылықтың қай саласына басымдық беріледі?

- Әлеуметтік-экономикалық дамуда тиісті көрсеткіштерге қол жеткізу үшін, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті қатар дамытуымыз қажет. Себебі бұл екі саланың да экономиканың өсіміне, бюджет түсіміне, тұрғындарды жұмыспен қамтуға қосар үлесі аз емес. Осы салаларға инвестиция тартып, ауқымды жобаларды жүзеге асыру ілгері дамудың бірден-бір тетігі болып табылады.

- Нұрлан Бәтташұлы, аудан-дағы ауыл шаруашылығы бағытындағы жұмыс, мал өсірумен айналысатын шаруа қожалық-тарының жай-күйі қалай? Қанша шаруа қожалықтары бар? Қожа-лықтарды кооперативтерге біріктіріп, ірілендіру жағына тоқталып өтсеңіз.

- Ауданның агроөнеркәсіп секторында мал шаруашылығы басымдыққа ие. Бұл салада асылдандыру, өнімділікті арттыру жұмыстарына үлкен көңіл бөлінуде.

«КазАгро» ұлттық холдингінің көмегімен ауданда жалпы құны 654,0 млн. теңгенің 2 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Оның ішінде «Сембелл» серіктестігі тарапынан құны 580,0 млн. теңгені құрайтын 3 000 бас ірі қара малға арналған мал бордақылау алаңының құрылысы аяқталып, 1350 бас ірі қара мал бордақылануда.

«Сүлеймен» шаруа қожалығымен құны 74,0 млн. теңгені құрайтын 100 басқа арналған сүт-тауарлы фермасының құрылысы жүргізілуде. Оны іске асыруға 44 млн. теңге меншікті қаражаттан және 30 млн. теңге қаржы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы тартылған. Қажетті құрал-жабдықтар толығымен сатылып алынып, енді оларды орнату жұмыстары жүргізілмек.

11 елді мекенді қамтитын 4 сүт қабылдау пункті іске қосылды (Қалбатау, Қаратөбе, Салқынтөбе және Сұлусары ауылдарында). «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша ірі қара, жылқы, қой басын сатып алу, асылдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Аудан бойынша жалпы 549 ауыл шаруашылығы құрылымдары тіркелген болса, оның 173-і ірі қара, жылқы және қой малдарының тұқымдық түрлену бағдарламасына қатысып отыр. Бұл барлық шаруашылықтардың 31,8%-ын  құрайды. Ірі қара малы бойынша 152 шаруашылық 12667 бас және қой малынан 34 шаруашылық 32586 бас аналық малмен бағдарламаға қатысуда.

2017 жылы 103 шаруашылықта 420 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатылып алынып, субсидиялау қағидасының талаптары негізінде әр басқа 150 мың теңге төленуіне байланысты, 73,6 млн.теңгеге субсидия алуға өтінімдер тапсырылды. Тұқымдық түрлену бағдарламасына қатысып отырған 152 шаруашылық 126,7 млн. теңгеге және 99 шаруашылық, 6518 бас бұзау алғаны үшін 69,5 млн.теңгеге субсидиялау үшін құжаттар тапсырды.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша биыл ауданда 34 ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері құрылып, жоспар толығымен орындалды. Кооперативтер құра-мында 949 мүше бар. Олардың басым бөлігі мал шаруашылығына бағытталған.

- Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы бүгінгі таңда еліміздің болашағына арналған басты құжаттың біріне айналып отыр. Жарма ауданында да бұл орайда атқарылып жатқан игі істердің аз емес екенін жақсы білеміз. Осы бағыттағы жұмыстарға өзіңіз тоқталып өтсеңіз.

- Егемен еліміздің әлемдегі алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына қосылуы үшін, экономикалық, саяси реформалармен қоса, рухани жаңғыру аса қажет. Сондықтан Елбасы бұл мәселені дер кезінде алға тартып отыр. Ұлттық бітім-болмысымыз, мәдениетіміз, дәстүріміз, төл тарихымыз, атадан жалғасқан ұрпақтар сабақтастығы сақталмаса, тәуелсіз ел ретінде ілгері басуымыз, бәсекелестікке төтеп беруіміз қиынға соғады.

Жарма ауданы - таланттарға бай өңірдің бірі. Ақын-жазушылар, ғылым, өнер, спорт қайраткерлері, әр салада табысқа жеткен танымал жандар – кейінгі буын үшін үлкен мақтаныш.

Аудан көлемінде рухани құндылықтарды, тарихи орындар мен танымал тұлғаларды дәріптеу, жас ұрпаққа барынша жақынырақ таныс-тыру мақсатында бірқатар шараларды қолға алудамыз. Былтырғы жылы Қалбатау ауылында Зере апамызға ескерткіш орнаттық. Бұл, бір жағынан, ұлы Абайдың әдебиетке құштарлығын оятқан, Құнанбайдай сұңғыла қайраткерге ақылшы болған ел анасының есімін ардақтау болса, екіншіден, Зере Бектемірқызының Жарма өңірінің тумасы екенін көпшілікке таныту болып табылады. 

Шар қаласында ұлы Абайдың бюсті ашылды. Бұл орайда ұлы Абайдың ізі қалған өлкедегі қасиетті мекеннің бірі Қарамола Шар қаласы мен Семей қаласының арасында, Суықбұлақ кентіне жақын жерде орналасқанын айта кеткім келеді. Дәл осы орында ертеде аймақтағы ірі жәрмеңкелердің бірі өтсе, 1885 жылы, бес дуанның билерінің басы қосылған төтенше съезде Абай төбе би болып сайланып, ол дайындаған Билер ережесі осы алқалы басқосуда қабылданған.

Сонымен қатар осы жердегі қорымда Батыс Түрік қағанатын VII ғасырда басқарған қаған Байдұлы баба (Бахадыр Дулу хан) жерленген. Келешекте бұл жерде қасиетті мекен ретінде  абаттандыру шараларын жүргізу ойымызда бар.

Өз туындыларына махаббатты, ерлікті, достық пен бауырмалдықты өзек еткен Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасына арналып, аудан орталығында Махаббат аллеясы ашылды.

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі партизан жазушы, әдебиеттанушы Әди Шәріповтің есімі өзі дүниеге келген Былқылдақ (бұрынғы Мариновка) ауылына берілген. Биылғы жылы, жазушының туғанына 105 жыл толуына орай, «Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция болып өтті.

Жарма ауданының әкімдігі, Қазақстан Жазушылар одағы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті бірлесіп ұйымдастырған бұл шараға Ә.Шәріпұлының жұбайы филология ғылымдарының кандидаты Клара Жағыпарқызы Мыңжасарова және Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, драматург, көрнекті қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин, бірқатар әдебиетші ғалымдар қатысты.

Айтыстың ақиығы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығына орай ескерткіш ашылып, Айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерманның қатысуымен  республикалық ақындар айтысы өткізіліп, бұрын жыр додасын теледидардан ғана тамашалап жүрген аудан жұртшылығы әр өңірден келген жүйріктердің өнеріне куә болып, сөз маржанынан сусындады.

Таяуда ғана Әуезов кентінде, ұлы жазушының 120 жылдығына орай, әлем әдебиеті классигіне ескерткіш орнатылды. Оның ашылу рәсіміне жазушының ұлы, мәдениеттанушы, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, абайтанушы ғалымдар Ғарифолла Есім, Арап Еспенбетов, басқа да мәдениет, өнер қайраткерлері қатысты. «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде бой көтерген бұл нысанның демеушісі – Бақыршық орта мектебінің түлегі, Ресейдің Ханты-Мансы автономиялық округіндегі «ЮганСтройТранс» жауапкершілігі шектеулі қоғамының бас директоры Оразхан Аманханұлы Қалиев. Бұрын да ізгі істерімен танылып жүрген жомарт жүрек азаматқа Жарма ауданының Құрметті азаматы атағын табыс еттік.

Әуезов кентінде О.Қалиевтың демеушілігімен ашылған мешіт ғимараты 10 жыл бойы тұрғындарға рухани қызмет көрсетіп келеді. Мешіт аумағын абаттандыру жұмыстарымен таныстыру, имандылыққа баулу мәселелерін ортаға салып, пікір алмасу мақсатында кентте «Рухани - адамгершілік құндылықтардың бүгінгі қоғамдағы орны» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды.

Аудан көлемінде рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған басқа да мәдени-көпшілік шаралар өткізілуде. Мамыр айында ардагерлердің Ырғызбай әулие басына сапары ұйымдастырылса, маусым айында ардагерлер арасында «Шебердің қолы ортақ» сайысы  өткізілді. Тамыз айында жаңадан ашылған субұрқақ жанында «Рухани жаңғыру» тақырыбымен ауыл көркемөнерпаздарының байқауы болып өтті.

Жастарды отансүйгіштікке баулу – бағдарламаның басты бағыттарының бірі. Бұл ретте соғыс жылдарында ерлікпен шайқасқан ата-бабаларға құрмет таныту – кейінгі толқын үшін асыл парыз. Сұрапыл соғыстың аяқталғанына 70 жылдан аса уақыт өтсе де, оның беймәлім тұстары әлі де анықталуда. Тамыз айында Қарасу ауылында осы елді мекеннің тумасы Мұсабай Толымғожиновтң сүйегін қайта жерлеу рәсімі өтті. Жауынгердің мүрдесін Ресейдің Смоленск облысы Угри ауданындағы «Набат» ізшілер отряды тапқан болатын.

Сондай-ақ Ұлы Отан соғысының шежіресінен өз орнын алған әйгілі мерген, жаудың 397 әскерін жойған Төлеуғали Әбдібековтің біздің ауданның тумасы екенін көпшілік біле бермейді. Қалбатау ауылында батыр туралы «Сұрмерген» деректі фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылып, фильмнің авторы, қоюшы-режиссері, республикаға еңбек сіңірген өнер қайраткері Ғазизхан Әділхановпен кездесу өтті. Мұндай шаралардың тәрбиелік-танымдық мәні зор деп білеміз.

- Адам басты құндылық дейміз. «Атқарылатын жұмыстар-дың барлығы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жасалуы керек» деген  - Мемлекет басшысы тарапынан жиі айтылатын қағида. Аудан басшысы ретінде жармалықтардың ұсыныс-тілектерін, мәселелерін шешу жайын қалай бағалайсыз?

- Тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының деңгейі әлеуметтік мәселелердің шешілуіне байланысты. Бұл орайда аудан әкімдігі халықпен кездесулерде, есепті жиындарда, жеке қабылдаулар кезінде айтылған ұсыныс-тілектерді бақылауға алып, шаралар белгілеп, жоспарлы жұмыстар жүргізіп отырады. Яғни өмір сапасын жақсартуға ықпал ететін сан салалы мәселелер басты назарымызда. Биылғы жылы халықтың бірнеше жыл көтеріп жүрген мәселесі бойынша республикалық бюджет есебінен Бірлік - Қалбатау арасындағы автокөлік жолын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы жылы Қалбатау - Өскемен бағытындағы жолдың қайта жарақталуы жоспарланған.

Аудан орталығын абаттандыру жайы да жиындарда басым көтеріліп, осының негізінде субұрқақ іске қосылып, жаяу жүргіншілер жолы салынды. Жастардың демалысына, спортпен айналысуына қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында Қызылағаш ауылы мен Жарма кентінде футбол алаңдары салынды. Бұл жұмыстар да көпшілік тарапынан көтерілген мәселе болатын.

Жаз уақытында жастарды жұмыспен қамту ісі - көпті толғандыратын мәселе. Осы негізде биыл екінші жыл «Жасыл ел» еңбек жасақтары жұмыс істеп, әр жылы 150 адамнан қамтылды. 

Бір сөзбен айтқанда, айтылған ұсыныстар мен пікірлер ескерусіз қалмайды.

- Нұрлан Бәтташұлы, аудандағы ірі елді мекеннің бірі Шар қаласының дамуы бойынша қандай шаралар атқарылуда?

- Шар қаласының дамуы, абаттандырылуы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Былтырғы жылы орталық алаңға субұрқақ, екі бағдаршам, қалаға кіреберісте арка орнатылды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсету бөлімшесі кең әрі қолайлы жаңа қонысқа көшірілді. Вокзал айналасын асфальттау, басқа да жұмыстар атқарылды.

Биылғы жылы бұл жұмыстар жалғасын тауып, қаланың 5,5 шақырымды құрайтын көшелері асфальтталды. Коммуналдық шаруа-шылықтың материалдық базасын нығайту мақсатында қаладағы «Горводхоз» мекемесіне қар тазалайтын арнаулы қондырғысы бар МТЗ-82 тракторы сатылып алынды.

Тұрсынов атындағы мектеп жанындағы интернат ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілуде.

Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 17 көшені асфальттау жұмыстары жоспарланып отыр.

- Атқарылуға тиісті, ойға алған, бірақ шешімін таппай келе жатқан мәселелер көп пе?

- Атқарушы органдардың басты міндеті – экономиканы дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын жақсарту. Бұл тұрғыда тұрғындардың өмір сапасын жақсарту бағытында атқарар істер аз емес деп білемін. Уақыт ағымына қарай сұраныстың да артуы заңдылық. Әрине, жоспарланған шаруаның бәрі бірден іске аса қоймайды. Мысалы, қандай да бір жобаны жүзеге асыру үшін оның алдымен құжаттамасы әзірленіп, келісілуі, сараптамадан өтуі керек. Тұрғын үй құрылысы, ауыз сумен қамту, коммуналдық шаруашылық, жол жөндеу мәселелерінде кезегін күтіп тұрған жұмыстар жетерлік. Күрмеуі қиын келелі мәселелерді кезеңімен жүзеге асыру жоспары бекітіліп, тиісті шаралар қолға алынып жатыр.

- Рақмет! Жармадағы жарқын істер жалғасын тапсын! 

Сұхбаттасқан Риза МОЛДАШЕВА.

ТЕМІРБЕК ҚАСЫМЖАНОВ: ЗАЙСАН ӨҢІРІ ҚАРЫШТЫ ДАМУ КЕЗЕҢІНДЕ

Жер-су атаулары қашанда сол жердің тарихына, табиғи ерекшелігіне, сол аймақта болып өткен тарихи оқиғаларға байланысты қойылып жататыны анық. Белгілі топонимист ғалым Ғ.Қоңқашбаев қалың қар мен үскірік аязы қатар келген «жұт жылы тігерге тұяқтары қалмаған қалмақтар көлдің мұзын ойып балығын жеп, аштықтан қырылудан аман қалуларына «мейірімділік» танытқан көлдің атын «Зайсан нор» атапты» деген пікір айтады. Осы пікір шындыққа жанасатындай. Зайсандағы Шілікті жазығынан көне сақ дәуірінің көзі «Алтын адамның» табылуының өзі бұл топырақтың тектілігін аңғартса керек.

Қазақстанның қиыр шығысындағы бүгінгі Зайсан  - экономикасы жыл өткен сайын өркендеп, дамудың даңғыл жолына түсіп келе жатқан аудан.  Зайсан ауданына бүгін осы өңірдің өз тумасы Темірбек Жұмақұлұлы Қасымжанов басшылық жасап отыр.

Зайсан – өркендеген өңір. Экономикалық өсімі артып, халқының әл–ауқаты жақсарған аудан шығыста даму қарқыны бойынша алдыңғы лекте. Оған ауданның жағрапиялық жағдайы да септігін тигізуде. Жер қойнауы қара алтынға толы өңір көгілдір отынның да қызығын көре бастады. Бүгінгі заман талабына сай кәсіптің барлық түрлерін тең алып жүріп, атадан мұра болған мал шаруашылығын да дөңгелетіп отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың алға қойған міндеттері мен  тапсырмаларын мүлтіксіз орындап отырған зайсандықтар өңірлік даму бағдарламаларының орындалуында да көш бастап тұр. Өткен 9 айды толайым табыстармен аяқтаған ауданның бүгінгі тыныс – тіршілігін білу үшін Зайсан ауданына жасаған сапарымызда аудан әкімі Темірбек Қасымжановпен сұхбаттасқан едік.  

- Темірбек Жұмақұлұлы, кейінгі ақпараттарға сүйенсек, өңірдегі басты жаңалықтардың бірі - үстіміздегі жылы көне шаһар – Зайсан қаласын газдандыру ісі қарқынды жүргізіліп келеді екен. Аудан орталығын газдандыру ісі қашан толығымен аяқталады?

- Шынымен де, соңғы екі жылдың ішінде Зайсан қаласын жергілікті көгілдір отынмен қамту ісі кезең-кезеңге бөлініп, жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Нәтижесі жаман емес. Көше бойларына газ құбырларын тарту жұмыстарын аудандағы танымал кәсіпкер Қуат Абжанов басқаратын «СМУ-Шығыс» компаниясы» ЖШС-нің арнайы бригадалары атқарды. Жобаның жалпы құны 1 067 706, 041 теңге болатын болса, қазан айына дейін  соның 985 339,0 мың теңгесі игерілді. Биылғы жылы қаланы толығымен газдандыру мәселесі түбегейлі шешімін табуға тиіс. Осы уақытқа дейін қаланың «Мөлтек аудан», «Маңғыстау» деп аталатын бөліктерінде орналасқан көп қабатты үйлер, сауда нысандары, бюджеттік мекемелер толығымен газға қосылды. Бұған дейін көп қабатты үйлердің тұрғындары пәтерлерін жеке пештермен қатты отынды пайдалану арқылы жылытып келсе, енді орталықтандырылған газ арқылы көгілдір отынға қол жеткізді. Ең бастысы, екінші, үшінші қабаттарға көмір тасып, күл шығару секілді ауыр жұмыстардан қолдары босады. Маңғыстау мөлтек ауданын газдандыру ісі толығымен  аяқталды. Ендігі жұмыстар қаланың Сауыр және Заречный мөлтек аудандарында жалғасады.

2014 жылы Зайсан өңіріндегі тоғыз елді мекенге газ құбырларының кентішілік, орамшілік желілерін салу бойынша жұмыстар басталған. Атап айтқанда, бұл ауылдардың қатарына Қарабұлақ, Кеңсай, Қайнар, Айнабұлақ, Жамбыл, Көгедай, Шалқар, Қаратал, Үлкен Қаратал ауылдары кіреді. Мердігер мекеме - «Строитель» ЖШС. Жобаның жалпы құны – 1224 467979 мың теңге. Қазан айына дейін игерілген қаражат - 986 762,0 мың теңге. Осы уақытқа дейін аудандағы тоғыз елді мекен бойынша тұрғын үйлерді газға қосу үшін жер құбырлары жүргізіліп, жоғары қысымды тексеру жұмыстары аяқталды.

- Ауданда ауыл шаруашылығы саласы  экономиканың негізгі драйверіне айналған екен. Сол туралы нақтырақ тоқталып өтсеңіз. 

- Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы оң көрсеткіштерге ие. Аудан экономикасының негізгі саласын ауыл шаруашылығы құрайды. Өткен сегіз айдың қорытындысына тоқталар болсам, жалпы өнімнің көлемі 9405, 5 млн. теңгені құрап, өндірілген өнім көлемі 113,2 пайызға орындалды. Бұл көрсеткіш өткен 2016 жылы 8311,9 теңге болған. Ет, сүт өнімдерін өндіру 101,1 пайызға орындалған. Өткен сегіз айдың ішінде тірі салмақта 6960,2  тонна ет, 30778,7 тонна сүт өндірілді. Жыл сайын асыл тұқымды малдың саны артып келеді. Жыл басынан бергі уақытта асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар 350-ге тарта асыл тұқымды ірі қара сатып әкелді. Өңірде 29 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, өз тіршіліктерін жалғастыруда. Солардың 28-і мал және егін шаруашылығымен айналысса, 1-уі тек егін саласын дамытуға ынталы. Пилоттық жоба талғамына сай «Аю» кооперативі сүт өнімдерін өндіру бағытында жұмыс істеуге кіріскен. Аудандағы кооперативтердің меншігінде  2223 бас ірі қара, 21 әртүрлі ауыл шаруашылығы техникасы бар. Солардың ішінде 13 кооператив субсидияға өтінім беріп, Дайырда - 2, Кеңсайда - 2, Қарабұлақта - 4 , Шіліктіде - 1, Зайсан қала округі бойынша 2 кооператив құрылып, мақсатты жұмыстарын жүргізуде. Солардың ішінен «Жәнібек», «Аю» кооперативтері сүт қабылдау модульдерін жабдықтауды, сүт таситын автокөлік алуды, мал соятын нысан құрылыстарын салуды жоспарлауда.

2015-2019 жылдарға арналған индустриялық –инновациялық даму бағдарламасы аясында  аймақтық Индустрияландыру картасына жалпы құны 150 млн. теңгені құрайтын «Нұр» шаруа қожалығының ет комбинаты жобасын іске асырудың алғашқы кезеңі өткен жылы басталған. Ол толық іске қосылғанда, жылына 2200 басқа дейін ірі қара сойылып, 330 тоннаға дейінгі еттен шұжық, консерві өнімдерін әзірлеуге мүмкіндік туады.

Биылғы жылы ауданда егістік көлемі 17940 гектарды құрады. Соның ішінде 7,0145 гектар жерге дәнді дақылдар өсірілді. Бүгінгі күнге дейін дәнді дақылдың орташа түсімі гектарынан 20,9 центнерден, шабылған 120 гектар жүгерінің орташа өнімі 30 центнерден айналды.

- Темірбек Жұмақұлұлы, өзіңіздің туған жеріңіз құт дарыған Зайсан өңірінің сан қырлы саласының бірі құрылыста атқарылып жатқан қыруар шаруаны көргенде көңілге ерекше бір жылылық орнады. Сіздердегі жас мамандарды баспанамен қамту ісі өзгелерге үлгі боларлықтай екен.

- Өткен жылғы желтоқсан айында, дәлірек айтсам, Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығы мерекесі қарсаңында Зайсан қаласындағы Боқажанов көшесінің бойында салынған көп қабатты алпыс пәтерлі жаңадан пайдалануға берілген екі үйдің барлық пәтерлері 29 жасқа дейінгі жас мамандарға, жас отбасыларға берілді. Сөйтіп, жастардың баспана мәселесі біртіндеп шешімін табуда. Ол аумақ қазір «Жастар қалашығы» деген атауға ие болды. Баспаналы болған жастардың басым бөлігі білім, денсаулық саласында, мемлекеттік қызметте істейді.

2017-2031 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасының негізгі мақсаты - тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысын  дамыту мәселелерін кешенді шешу. Ауданда жыл сайын құрылыс салу ісі қарқынды дамып келеді. Үстіміздегі жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қаладағы Кондюрин көшесінің бойынан жалпы аумағы 7,5 мың шаршы метрді құрайтын алпыс пәтерлі екі үйдің құрылысы басталған. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының шамамен 60-70 пайызы атқарылды. №1 коммуналдық тұрғын үй құрылысын мердігер мекеме «Buildup Gompanу», №2 үйдің құрылысын «СМУ-Шығыс» ЖШС атқаруда. Бұл жобаның жалпы құны - 473  878, 219 мың теңге. Бұл үйлер пайдалануға берілгенде, 120 отбасы қоныс тойын тойлайды. Сонымен бірге биылғы жылы 70 пәтерлік жатақхана құрылысының жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар да құрылыс саласын дамытуға өз үлестерін қосуда. Биылғы жылы пайдалануға берілген жаңа құрылыстың көлемі 1324 шаршы метрді құрады. Соңғы жылдары аудан орталығында, ауылдық округтерде сәулетті, өзіндік ерекшелікпен салынған жаңа ғимараттар қатары көбейіп келе жатқаны қуантады. Жыл соңына дейін инвестициялық жобалар мен жекеменшік негізде құрылыс жұмысының көлемін межеленген деңгейге жеткізу жоспарлануда. Көптеген құрылысқа қажетті материалдар «СМУ-Шығыс» ЖШС–нің италиялық технологиямен жабдықталған зауытында өндіріледі.

- «Жол қадірін жолаушы біледі» деген сөз бар. Тоғыз жолдың торабында орналасқан  Зайсан өңірінде жол жөндеу мәселесінде қандай жаңалықтар бар? Сыртқы сауда қатынасы бойынша қандай игілікті істер атқарылуда?

 - Ағымдағы жылы аудандық маңыздағы Омбы – Майқапшағай – Жамбыл – Дайыр - Көкжыра автомобиль жолының 4,6 шақырымының орташа жөндеу жұмыстарына  облыстық бюджеттен 85 352,958 мың теңге бөлінді. Оған аудандағы «Зайсан құрылыс компаниясы» ЖШС мердігер болып танылды. Жоспарға сәйкес бұл жұмыстар биылғы жылы аяқталады.

Аудан экономикасының дамуына, көршілес Қытай мемлекетімен сыртқы сауда қарым-қатынасы көлемінің артуына негіз болатын ең қомақты инвестициялық жобаның бірі - «Майқапшағай» кеден бекетінің аумағында салынатын транспорттық логистикалық орталықтың құрылысы. Оның жалпы құны - 6 млрд. 888 млн. теңге.

- Қазақ «Кәсіптің көзін тапқан байлықтың өзін табады» дейді. Өңірде  кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді. Бұл бағытта атқарылған істерге тоқталсаңыз?

- Өңірде 101 шағын бизнес субъектілері жұмыс атқарса, жаңадан ашылған жұмыс орны  - 330. Кәсіпкерлердің үлесімен есепті мерзімде 1 млрд. 936 млн–нан астам теңгенің өнім түрлері өндіріліп, қызмет көрсетілді. Ауданда «Рахат», «Марал» секілді кондитерлік цехтар, көптеген қала және ауылдық округтердің аумағындағы наубайханалар нан өнімдерінің түр - түрін пісіріп, аудан тұрғындарын қамтамасыз етіп келеді.

Облыстық мәслихаттың депутаты Болат Нұрасыл басқаратын «Зайсан құрылыс компаниясы» ЖШС-не қарасты егін шаруашылығымен шұғылданатын «Икеп» шаруа қожалығы бидайдың сапалы сортын өсіріп, ұн кластерімен айналысып келеді. Ондағы ұн зауытында өндірілген өнімге сұраныс жоғары. Аудан кәсіпкерлері арасында сауда саласында өнімді еңбек етіп жүрген жерлестеріміздің еңбегін де атап айтқан жөн. Ауданда жүздеген дүкен, сауда орталықтары, бірнеше базар, шаштараздар, тігін цехтары, жөндеу шеберханалары, қоғамдық тамақтандыру орындары  зайсандықтарға мінсіз қызмет көрсетіп келеді. Бірнеше мейрамхана мен дәмханалар бар.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен сегіз айдың қорытындысы бойынша 6164,1 млн. теңге болып, 117,4 пайызға орындалды. 

- Темірбек Жұмақұлұлы, аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мәселесі түбегейлі шешімін табуда. Осыған байланысты өңірде нақты атқарылып жатқан  жұмыстарды шолып өтелік.

- Зайсан қаласын таза ауыз сумен қамтамасыз ету желілерінің бірінші кезеңі бойынша құрылыс жұмыстары үстіміздегі жылы басталған. Мердігер мекеме - «НұрСтройТас» ЖШС. Жобаның жалпы құны - 2848131,154 мың теңге. Нысанға республикалық бюджеттен қосымша 620 000,0 мың теңге бөлінген. Осы уақытқа дейін 5,7 шақырым  су құбыры тартылып, 67 құбыр монтаждалды. Қазан айына дейін 100 000,0 мың теңге қаражат игерілді. Кесте бойынша, құрылыс жұмыстары 2019 жылы аяқталады. Сол секілді көп жылдардан бері осындағы халықтың өзекті мәселесінің бірі болған ауыз су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстары биылғы көктем айында басталған болатын. Жобаның жалпы құны - 418246,108 мың теңге. Мердігер мекеме - «СМУ - Шығыс» ЖШС.  Сондай-ақ ағымдағы жылы Шілікті ауылдық округіне қарасты Шілікті ауылын сапалы ауыз сумен қамту үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілді.

Ал аудан аумағындағы Көкжыра, Жамбыл, Қуаныш, Көгедай, Сарши секілді шағын ауылдардағы тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауыз су құбырларын жөндеу жұмыстарына аудандық бюджет есебінен 22,0 млн. теңге қаражат қарастырылып, жоспар бойынша жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде елді мекендердегі таза ауыз сумен қамтылған халық саны 31502, немесе бұл көрсеткіш 100,6 пайызды құрайды.

Зайсан қаласы бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында өткен жылдың шілде айынан бастап тұрғын үй ғимараттарын және әлеуметтік маңызы бар нысандарды қалалық кәріз коллекторына қосу үшін  кәріз желілері нысанының құрылыс жұмыстары басталған. Бұл шаруа бойынша мердігер мекеме - «Востоквзрывпром» ЖШС. Жобаның жалпы құны - 1332698,0 мың теңге. Кәріз желісінің жалпы ұзындығы - 435 шақырым. Осы уақытқа дейін 40,9 шақырым кәріз желісінің құрылыс жұмыстары атқарылды. 1170 дана кәріз құдықтары монтаждалды. Бұл жоба биылғы қазан айының соңына дейін толығымен аяқталады.

- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан  Назар-баевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаң-ғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылғандай, рухани жаңғыру мен заманауи ілгерілеудің шылбырын ұстап, жүгін көтеретін азаматты қалыптастыру мектеп партасынан басталады ғой...

- Биылғы жаңа оқу жылын аудан мектептері жан-жақты дайындықпен, ерекше әзірлікпен бастады. Өңірдегі он мектепке облыстық және жергілікті бюджеттен жиыны 104 млн. 800 мың теңге бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, ал білім ордаларының материалдық-техникалық базаларын нығайту үшін 76 млн. 803 мың теңге, оқушыларды жаңа оқулықтармен қамтуға 80 млн. 481 мың теңге бөлінді.

Жас жеткіншектерге жан-жақты білім беруді дамытудың бір саласы - қосымша білім беру мекемелері. Біздің өңірде қазіргі ақпарат бойынша 3000-нан астам бала қосымша білім алуға тартылған. Қалада музыкалық дәріс беретін арнайы мектептер жұмыс істесе, Дайыр, Қаратал ауылдық округтерінің орталығында арнайы филиалдар ұйымдастырылып, бірнеше жылдан бері балғындарды өнерге баулып келеді. Спорт мектебінде жүздеген шәкірттер әртүрлі спорт түрлерімен шұғылданса, аудан мектептерінде 70-тен астам спорт секциялары мен үйірмелер жас жеткіншектерді салауатты өмір салтына тәрбиелеуде. Қаладағы Жекпе-жек сарайында, суға жүзу бассейні мен спорт модулінде жас жеткіншектер өздерінің қалауы бойынша спорт түрлерімен шұғылданып, денсаулықтарын нығайтуына барлық мүмкіндіктер жасалған. Соның нәтижесінде спортта республика мен облыс деңгейінде биік шыңдарды бағындырған жеткіншектер қатары жыл санап артып келеді. Олар біздің мақтанышымыз.

Тәрбие алдымен отбасынан басталады десек, одан кейін балабақшада жалғасатыны ақиқат. Зайсан өңірінде мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді қамтыған балабақшалар саны жекеменшік балабақшалар есебінен көбейіп, бұл тұрғыда мәселе шешімін тапқан. Мәселен, биылға дейін қалада екі жекеменшік балабақша болса, өткен қыркүйек айында аудан орталығының Заречный мөлтек ауданында жас кәсіпкер Қайсар Жұманов «HAPPY BABY» атты балабақша ашып, кезек күтіп жүрген отбасылардың мәселесін шешіп берді. Ауданымызға іссапармен келген аймақ басшысы Даниал Ахметов бұл балабақшада болып, ондағы жарқын бастамаға өзінің оң бағасын бергені жас кәсіпкерді жігерлендіре түскенін атап айтқанды жөн санаймын. Сол секілді Зайсан қаласында, Дайыр ауылында жекеменшік балабақша ашқан өзге кәсіпкерлердің де басты мақсаты - бүлдіршіндерге мінсіз қызмет көрсету арқылы жан-жақты, заманауи талғамға сай тәрбие үрдісін қалыптастыру.

- Әңгімеңізге рақмет! Зайсан өңірі өсіп–өркендей берсін, еңбегіңізге табыс тілеймін!

Сұхбаттасқан Риза МОЛДАШЕВА.

Меншік иесі: «Семей таңы – Вести Семей газеттері» ЖШС

Техникалық директор:Қайрат Жолобаев

Бас редактор: Ерзат Жанатұлы

           

Ескерту! Кез келген

материалды көшіру және жариялау

үшін редакцияның арнайы

рұқсатын алу қажет!

 

Телефон: 8-775-746-46-70,

8-707-372-57-00

Кеңсе тел.: 8-7222-52-36-57