ЕЛБАСЫ: ӘКІМ БОЛ, ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫН БОЛ! ОСЫ МІНДЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ ӨҢІРЛЕРДЕ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?

Елбасы әкімдердің халыққа жақын болуы керектігін жиі қайталайды. Жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметтің тізгінін сеніп тапсырған әкімдерге аталған мәселені еліміздің әлеуметтік және экономикалық  дамуының алғышарттарының бірі ретінде қойып келеді. «Елдің мұңын шертіп, жоғын жоқта. Мәселесін шеш. Аймақта жүрген әкімдер мұны білсе керек. Қолында билік бар, қауқары жетерлік. Халыққа жаны ашитын әкім керек. Әкімге жүктелген міндет көп. Ең бастысы - ел сенімін ақтау», – деген  Елбасы әкімдерді қолда бар барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, елдің игілігіне қызмет етуге шақырды.

Барлық аудан әкімдері жыл бойы жарыса жұмыс атқарды. Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойына тарту ретінде көптеген елді мекендерде ел тарихынан хабар беретіндей ескерткіштер қойылып, жаңа әлеуметтік нысандар іске қосылды. Желтоқсан айының ортасында лайықтыларға марапаттар тапсырылды. Бірқатар әкімдердің өздері де мемлекеттік марапаттар алды. Жыл қорытындыланып, келіп қалған жыл бюджеті бекітілді.

2016 жылдың соңында «Семей таңы», «Вести Семей» газеттері және «Бүркіт.кз» сайты бірлесе отырып «Елбасының осы тапсырмасы қалай орындалып жатыр, жергілікті жерлердегі әкімдер халыққа қаншалықты жақын?» деген сұраққа жауап алу мақсатында  сауалнама жолдаған еді. Шығыс Қазақстан облысындағы барлық аудан, қала  тұрғындарына өз әкімдерінің жұмысына  үш сауалға жауап беру арқылы баға беру мүмкіндігі жасалды. Алғашқы сауалнамаға берілген уақыттың  қысқа болғандығына қарамастан,  халықтың белсенділік танытқандығын айта кетуіміз керек. Бұл сауалнама экономикалық көрсеткіштерге емес, қарапайым халықтың өз әкімдеріне қаншалықты көңілі толатындығын білу мақсатын көздеп отырғандығына назарларыңызды аударғымыз келеді.

Бесқарағай ауданының әкімі Нұржан Тлеужанұлы Тоқсеитовтің қызметіне кіріскеніне бір жылдан сәл ғана артық уақыт өткеніне қарамастан, дауыс беру қорытындысы халқының көңілінен жылы орын тапқан басшы деген пікір туғызды. Нұржан Тоқсеитовке дауыс бергендердің 83,9 пайызы «өте жақсы», 4,8 пайызы «қанағаттанарлық» деп бағалап, 11,2 пайызы «нашар» деп белгілесе де сауалнама бойынша көш басынан көрінді.

Өтіп кеткен Мешін жылы Тарбағатай ауданы үшін табысты жыл болған сыңайлы. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, аудан басшысы Ділдабек Тәжібайұлы Оразбаев «Құрмет» орденін төсіне тақты. Аймақ басшысы жұмысына жақсы бағасын берді. Атқарылған істер ауыл тұрғындарының да назарынан тыс қалмаған сияқты. Халықтың берген бағасы бойынша,  Ділдабек Тәжібайұлы екінші орыннан көрінді. «Өте жақсы» деген баға бергендер саны 82,8 пайызды құраса, «қанағаттанарлық»  белгісін басқандар - 4,4 пайыз, ал «нашар» баға жалпы дауыс берушілердің 12,8 пайызынан түскен екен.

Облыстағы жерінің көлемі жағынан да, халқының саны жағынан да ең үлкен Үржар ауданына 2013 жылдан бері Серік Зинабекұлы Зайнулдин басшылық жасайды. Жалпы, аталған ауданның экономикалық – әлеуметтік дамуында соңғы жылдары ілгерілеушілік көп екендігі жайлы жиі айтылып та, жазылып та жүр. Сауалнама барысында дауыс берушілердің 64,1 пайызы Серік Зайнулдиннің жұмысына «өте жақсы», 7,6 пайызы «қанағаттанарлық», ал  28,3 пайызы «нашар» деген баға беріпті.

Зырян ауданының әкімі  Айбек Мүталапханұлы Кәрімовтің жұмысына «өте жақсы» деп баға берушілер 54,4 пайызды, «қанағаттанарлық»  баға 13,2 пайызды, «нашар» белгісін басқандар  32,5 пайызды құраса, Жарма ауданының әкімі Нұрлан Бәтташұлы Сыдықовтың жұмысын дауыс берушілердің 47,7 пайызы «өте жақсы» деп, ал 24,3 пайызы «қанағаттанарлық»,  27, 9 пайызы «нашар» деп бағалапты.

Міне, алғашқы БЕСТІКТІҢ ішінен көрінген аудан басшылары осылар. Әкім жұмысы жалаң бағаланып қоймай, халықтың өз пікірін білдіруге де мүмкіндік  жасалған болатын. Бұл орайда Өскемен қаласының әкіміне Шыңғыс атты азаматтан: «Сіз қалаға басшылық жасаған уақыттарда қар тазаланбайтын болды», - деген өтініш түссе, Зайсан ауданының әкіміне Шынар атты аудан тұрғыны: «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып шығарылған мемлекеттік марапатты беру мәселесі Сіздің қатысуыңызбен шешілді ме? Ауданға еңбегін сіңірген талай адам ескерусіз қалып, лайықты еместердің алып кеткендігінен хабарыңыз бар ма?»- деген сауал жолдапты.

Сауалнама әр айдың 5-нен бастап келесі айдың 5-не дейінгі аралықта жүргізіліп, қорытындысы «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінде және «Бүркіт.кз» сайтында жарияланып тұрады.

Сауалнама қорытындысы төмендегідей:

 1. Нұржан Тлеужанұлы Тоқсеитов, Бесқарағай ауданының әкімі

Өте жақсы - 83.7%

Қанағаттанарлық - 5.1%

Нашар - 11.2%

2. Ділдабек Тәжібайұлы Оразбаев, Тарбағатай ауданының әкімі

Өте жақсы - 82.6%

Қанағаттанарлық - 4.6%

Нашар - 12.8%

3. Серік Зинабекұлы Зайнулдин, Үржар ауданының әкімі

Өте жақсы - 64.2%

Қанағаттанарлық - 7.9%

Нашар - 28%

4. Айбек Мүталапханұлы Кәрімов, Зырян ауданының әкімі

Өте жақсы - 54.8%

Қанағаттанарлық - 13%

Нашар - 32.2%

5. Нұрлан Бәтташұлы Сыдықов, Жарма ауданының әкімі

Өте жақсы - 48.2%

Қанағаттанарлық - 24.1%

Нашар - 27.7%

6. Бақытжан Кәкенқажыұлы Байахметов, Аягөз ауданының әкімі

Өте жақсы - 44.2%

Қанағаттанарлық - 31.9%

Нашар - 23.9%

7. Ермак Бидахметұлы Сәлімов, Семей қаласының әкімі

Өте жақсы - 42.8%

Қанағаттанарлық - 22.8%

Нашар - 34.5%

8. Григорий Иосифович Акулов, Бородулиха ауданының әкімі

Өте жақсы - 39.2%

Қанағаттанарлық - 26.8%

Нашар - 34%

9. Темірбек Жұмақұлұлы Қасымжанов, Зайсан ауданының әкімі

Өте жақсы - 38.5%

Қанағаттанарлық - 26%

Нашар - 35.4%

10.   Нұрбол Жолдаспекұлы Нұрғалиев, Курчатов қаласының әкімі

Өте жақсы - 37.8%

Қанағаттанарлық - 14.3%

Нашар - 48

11.   Ерлан Қапарұлы Аймұқашев, Өскемен қаласының әкімі

Өте жақсы - 33.3%

Қанағаттанарлық - 25.8%

Нашар - 40.9%

11. Дәулет Бахитұлы Батырбаев, Ұлан ауданының әкімі

Өте жақсы - 33.3%

Қанағаттанарлық - 18.3%

Нашар - 48.4%

12.   Тұрсынғазы Жантұяқұлы Мүсәпірбеков, Абай ауданының әкімі

Өте жақсы - 29.4%

Қанағаттанарлық - 34.3%

Нашар - 36.3%

13.   Қалихан Байғозыұлы Байғонысов, Глубокое ауданының әкімі

Өте жақсы - 28.8%

Қанағаттанарлық - 21.2%

Нашар - 50%

14.  Ахметқали Ахашұлы Нұрғожин, Катонқарағай ауданының әкімі

Өте жақсы - 28%

Қанағаттанарлық - 24%

Нашар - 48%

15.  Амангелді Жәмелұлы Тоқтаров, Шемонайха ауданының әкімі

Өте жақсы - 25.6%

Қанағаттанарлық - 23.3%

Нашар - 51.2%

16.  Сейсенғазы Жұмағалиұлы Чукаев, Күршім ауданының әкімі

Өте жақсы - 25%

Қанағаттанарлық - 19.2%

Нашар - 55.8%

17.  Рамиль Нығметжанұлы Сағандықов, Көкпекті ауданының әкімі

Өте жақсы - 22.9%

Қанағаттанарлық - 22.9%

Нашар - 54.2%

18.  Жомарт Хайдарұлы Мұратов, Риддер қаласының әкімі

Өте жақсы - 21.1%

Қанағаттанарлық - 20%

Нашар - 58.9%

burkit.kz

Пікір   

+3 #26 Қаламқас Сүлейменова 18.01.2017 17:46
Бәрін айт та бірін айт,Семейіміз не болып барады? Жол да ,басқа да проблемаларымыз жеткілікті. Қалаға бір дүрыс басшы келсе жақсы болар еді.
+13 #25 Мейрамбек 17.01.2017 19:34
Ауылымызда 25 жылдық қарсаңында Үшбұлақ орта мектебі ашылды. Ауыл тұрғындары Күршім ауданының әкіміне ризашылығын білдіруде.
+15 #24 Қасен 17.01.2017 09:19
Күршім ауылында Барақ батырдың 315 жылдығына орай, ескерткіш ашылып, ғылыми-практикалық конференция, айтыс, спорттық жарыстар облыстық, республикалық деңгейде өткізілді. Осының бәрі әкімнің ұйымдастыруымен өткен шаралар деп білемін.
0 #23 Самат Асқараов 16.01.2017 11:16
Күршім ауданы халқының дауыс беру қарқынына қарағанда әкімді қатты қолдап отырғандығы байқалмайтынын көпшілік байқап отырған шығар. Бір мүгедек адамның жанұясының апат жағдайындағы баспанасын жөндеуге әкім көмектесемін деп уәде беріп орындамағандығы көпшіліктің назарында. Осындай жағдайлар бізде көп. Әкіміміз әлсіз.
+15 #22 Әділбек 15.01.2017 19:08
Ауданда көптеген іс-шаралар атқарылуда. Күршім ауданының әкімі С.Чукаевтың жұмысы жақсы. Әкімді қолдаймын
+14 #21 Гулбаршын 15.01.2017 17:23
Күршім ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ауданда бірқатар игі шаралар атқарылды. Көптеген әлеуметтік, мәдени, спорттық нысандар, маңызды шаралар, жобалар іске асты.
Үшбұлақ ауылында ұзақ жылдар құрылысы тоқтап тұрған мектеп, Күршім, Теректі ауылдарында мешіттер ашылды.
Елді мекендерде көше шамдары жарықтандырылып, көп жылдар бойы жөндеу көрмеген жолдар жөнделді. Оны аудандық, облыстық газеттерден, теледидардан да көріп, біліп жүрміз.
2015 жылғы атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалып, аудан тұрғындары оң баға берген. 2016 жылғы ауданда атқарылған жұмыстың нәтижесін аудандық басылымға жарияланған тезистен оқыдық. Аудандағы саяси және діни ахуал тұрақты. Ол жұмыстардың барлығы аудан әкімі Сейсенғазы Жұмағалиұлының бастауы деп білемін.
Аудан әкімінің жұмысын бағалауға қай тұрғыдан, кімдер қатысқанына бейхабармыз. Әкімнің нағыз жұмысын аудан тұрғындарынан сұрау қажет деп ойлаймын.
+9 #20 Ахмет Шарипов 13.01.2017 12:11
Для жильцов г.Семей сейчас песня "Эх дороги" стал как гимн. Слов нет.Думаю, уже бесполезно вообще что-либо говорить на эту тему акиму и всем представителям власти города.
+9 #19 Асхат Таргынов 12.01.2017 14:16
Интересно кто за Ермака Салимова отл. оценки дает? И за что?
+9 #18 Айсұлу 12.01.2017 11:30
Айбек Кәрімовтың қадірін енді біліп жатырмыз.
+9 #17 Жұмабек 12.01.2017 10:27
Шынымен жоғары жаққа айтпасақ болмайтын сияқты. Семейдің жолдары ғана емес,жалпы қала ұйықтап қалған сияқты .Басшы жоқ. Сәлімов деген ұятсыз адам екен. Жұмыс істемесе кетпей ме?

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту

Меншік иесі: «Семей таңы – Вести Семей газеттері» ЖШС

Техникалық директор:Қайрат Жолобаев

Бас редактор: Ерзат Жанатұлы

           

Ескерту! Кез келген

материалды көшіру және жариялау

үшін редакцияның арнайы

рұқсатын алу қажет!

 

Телефон: 8-775-746-46-70,

8-707-372-57-00

Кеңсе тел.: 8-7222-52-36-57