Аталған екі көшенің атауын өзгерту жайындағы сіздің пікіріңіздің  маңызды екенін ұмытпаңыз!

АБАЙДЫ ТАҒЫ ДА АЯҚҚА ТАПТАТТЫҚAdministrator

Төрт жыл бұрын қазақтың Бас ақынын ергежейлі етіп жасап, халықтың намысын таптаған мүсіншінің ұрпақтары бізді тағы мазақ етті

Велосипед пен мотоцикл сүйікті көлігі екенін көпшілікке білдіріп, грейдерге отырып қар тазалап, көптің назарын өзіне тәуір-ақ аударған бұрынғы әкім Қуат Тұмабаев қызметінен кетті. Қайда кеткенін білмейміз, ал не үшін кеткені оқырмандарға белгілі болғандықтан, қайталап айтып жатпаймыз...

Ал бүгінгі әңгіме бұрынғы емес, бүгінгі әкім жайлы болмақ. Сонымен, үстіміздегі жылдың тамыз айының соңында сол уақытқа дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған  Жақсылық Омар Өскемен қаласына басшылыққа тағайындалды.

Жаңа әкімді Қазақстанның шығысындағы халыққа бейтаныс азамат деп айтуға келмес. Жақсылық Омарды халық Шығыс Қазақстан облысын басқарып тұрған шақта Өскеменге қазақылықтың қаймағын ұйытып, ұлттың рухын асқақтатқан, өз елінде өгей баладай күй кешкен бауырларымыздың еңсесін Абайдың рухымен көтеріп, шығыстың қақпасын Қабанбайға күзеттіріп кеткен Бердібек Сапарбаевтың тәрбиесін көрген шәкірті деп біледі. Жақсылық Омар Өскеменге келеді дегенді ұзынқұлақтан естіген көпшілік шәкірті ұстазынан аса тумаса да үйренгені бар шығар деген үмітпен қарсы алған.

Жақсылық Мұқашұлы Омар 1980 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. Жас болса да бас болып, біраз лауазымды қызмет атқарғанын өмірбаян деректерінен байқау қиын емес. Шығыс Қазақстанды Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев басқарып тұрған шақта, 2009-2010 жылдары облыс әкімінің көмекшісі, 2010-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы болып, 2011-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы, 2013 жылдан бастап біраз уақыт Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарғанын көпшілік ұмыта қойған жоқ.

Сонымен, Өскемен қаласының жаңа тағайындалған әкімі Жасылық Омар қызметін неден бастады? «15 қыркүйек 13 қазан аралығында, күзгі тазалық айлығы аясында сенбілік өткізіп, қала сыртындағы Аблакетка, Меновное, Согра, Мирный кенттерінің тұрғындары өз аулаларын тазалау жұмысына қатысты» дей келіп, колледж студенттерімен бірге, қала әкімі Жақсылық Омардың да сенбіліктегі суреті әлеуметтік желіде жарқ ете қалды. Бірлі-жарым, Жақсылыққа жақсы көрінгісі келгендер «желпініп» қолпаштап жатса, басым көпшіліктің үнсіз қалғанын байқау қиын емес еді... Ешкім таң қалған жоқ. (Қуат Тұмабаевтан кейін өскемендіктерді таң қалдыру қиын да сияқты...)

Көп кешікпей Өскеменнің жаңа әкімі Жақсылық Омардың қоқыста жатқан Абайдың кеуде мүсінін 500 мың теңгеге сатып алғаны жайлы ALTAYNEWS сайтының ақпараты көпшілік назарын тағы бір аударды. Жаңа әкімге жаққысы келген бірлі-жарым топ мұны жағымды жаңалық, Жақсылықты «ұлтжанды азамат» деп тағы бір мәрте жаһанға жар салды. Аталған ескерткішті жасауға осыдан төрт жыл уақыт бұрын, яғни Жақсылық Омар облыстың бас идеологі болып тұрған шақта Шемонайха ауданының әкімдігі тапсырыс беріп, билік ауысқан кезде сұраныс болмай қалған көрінеді. Айтпақшы, сол жылы болған тағы бір елді дүр сілкіндірген аты шулы жағдай Өскеменде тәулікке жетпейтін уақыт қана тұрып, халықтың наразылығынан кейін алынып тасталған, ғұмыры ең қысқа ескерткіш ретінде Гиннестер кітабына тіркеуге лайықты Абай мен Михаэлистің бейнесі болатын. Аталған мүсінді жасаған да бүгін қоқыста жатқан жұмыстың авторы екен.

Сонымен, төрт жыл бойы қоқыста жатқан ескерткіштің Жақсылық Мұқашұлы келген бетте көзге түсуі кездейсоқтық па, әлде ұлтжанды әкім ретінде танылу үшін арнайы іздеп тауып жасалған кезекті пиар ма? (Соңғысы ақиқатқа жақындау сияқты...)

Марқұм болған мүсін авторының кіші ұлы Владимир Самойловтың қоқысынан Ұлы ақынның тастан қашалған бейнесін Жақсылық Омар сатып алуға тапсырма берген көрінеді...???

Төрт жыл бұрын қазақтың Бас ақынын ергежейлі етіп жасап, халықтың намысын таптаған мүсінші және оның ұрпақтары бізді тағы мазақ етті. Олай демеске амал жоқ. Неге Абайды қоқысқа тастайды? «Қазақтың бойтұмары» болып отырған ақын бабаны аяқ асты етіп, күлтөкпеге тастағандарға не үшін ақша беріп мүсінді сатып алу қажет болды? Жерімізді басып, суымызды ішіп, ардақтыларымызды қоқысқа тастау қазақ деген ұлтты аяққа таптау емес пе? Ендеше оларға «қазақ» деген халықты мазақ еткені үшін айыппұл төлету керек.

Өсу үшін бөсуді әдетке айналдырған жас шенеуніктердің қоқыста жатқан Абай емес, қазақтың намысы екенін ұқпай отырғаны өкінішті. Сырт көзге бірі велосипедке, екіншісі атқа бұт артып, өндірістік қаланы ойыншық дүкеніне айналдырып жатқан жастарға үлкен сенім жүктелді-ау.. Ал намыс деген ұғымды, бойында жоқ болса, ешқандай кітап санаға сіңіре алмайтыны анық...

Жақсылық бауырым, Өскеменде білекті сыбанып шыққан сенбілікпен де, атпен де, велосипедпен де, мотоцикл, грейдермен де көзге түскенмен, алысқа бара алмайсың. Сізге дейін болған әкім халыққа ол «өнерді» сан қырынан көрсетіп қойған. Халық өзіңді Бердібек Сапарбаев сияқты ұлтжанды әкімнің шәкірті деп біледі.   Жас болса да бас болуға лайықты деп сеніп тапсырылған бұл үмітті қаншалықты ақтай аласың - оны уақыттың төрелігіне тапсырдық. Әлі де ұлтқа қызмет етеді деген үміт көп. 

Риза МОЛДАШЕВА

(188)

6News

ТАРИХТЫҢ ЖАҢА ПАРАҒЫ ТАРБАҒАТАЙДА АШЫЛДЫ

Алтай мен Алатауды жалғастырған бабамыздың барқыт белі - таңғажайып Тарбағатай. Алтайдың шалғынды, орманды саялы белдері солтүстігін алып жатса, оңтүстігі - Алатаудың миуалы бақтарындай алмасы төгіліп, жеміс-жидекте

МАРАПАТҚА КІМ ЛАЙЫҚ ЕДІ?

Өтіп кеткен жылдың соңында Тәуелсіздік мерекесіне орай ШҚО Алтай ауданы (бұрынғы Зырян) әкімінің орынбасары Жанна Асқарова көктемгі тасқын кезінде танытқан батылдығы үшін «Құрмет» орденімен марапатталды. Оқырмандар

АЩЫ... БІРАҚ АҚИҚАТ...

Бесқарағай ауданының әкімі Дәулет Батырбаевтың назарына! Жаңа жылдың демалыс күндерін пайдаланып, ел жаққа бет алдық. Бағытымыз - Бесқарағай ауданының орталығы. Көлік терезесінен ақ мамыққа малынған бойшаң да сымбат

Қарт Алтай, қадірлі Алтай, АРМАН Алтай!

  Атасы асқарлардың аялы Алтай, Саясын Сарыарқаға жаяды Алтай. Қырмызы қызыл гүлді жер жаннаты, Қарт Алтай, қадірлі Алтай, баяғы Алтай. Осынау өлең жолдарының авторы белгісіз. Теңіздің дәмі тамшыдан. Кім болса да, Алтай

ЗЫРЯН АУДАНЫНДА ЖАҢА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ЗЫРЯН АУДАНЫНДА ЖАҢА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Шығыс Қазақстан облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында әлеуметтік нысандардың саны тағы біреуге артты. Зырян ауданында ашылған 80 орындық оңалту орталығы аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға медициналық қызмет көрсетіп, психофизикалық тұрақтылық қалыптастыруда...

КҮРШІМ АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

КҮРШІМ АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Үшбұлақ ауылында жаңа мектеп ашылды. Мереке қарсаңында қолданысқа берілген 80 орындық мектеп заманауи техникамен жабдықталып, оқушыға барлық жағдай жасалған. Әсіресе биология, химия, физика пәндеріне арналған...

СЕМЕЙДЕГІ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

СЕМЕЙДЕГІ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Семей қаласындағы Көлік көлледжінің абыройы асқақ. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 88 жылдық тарихы бар колледждің 2 курс студенті Мирас Тынысбеков самбодан жасөспірімдер арасында Кипр мемлекетінің Лимоссол қаласында өткен Әлем чемпионатында қола...

«АЙЫМ» БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ЕСІК АШТЫ

«АЙЫМ» БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ЕСІК АШТЫ

Семей қаласында соңғы жылдары мемлекеттік – жекеменшік әріптестік негізінде салынған балабақшалардың көптеп ашылып жатқанын анық аңғаруға болады. Тәуелсіздік мерекесінен бері шаһарда үшінші балабақша есігін айқара ашты. Заманауи үлгідегі балабақшалардың бірі...

ҚЫЗ ЗОРЛАМАҚ БОЛҒАН - ҚЫТАЙ ЕМЕС, ҚАНДАСЫҢ

ҚЫЗ ЗОРЛАМАҚ БОЛҒАН - ҚЫТАЙ ЕМЕС, ҚАНДАСЫҢ

Осыдан бір аптадай уақыт бұрын Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданы Мақаншы ауылында 11 жасар қыз баланы зорламақ болды деген күдікпен Қытай Халық Республикасының азаматы ұсталды деген ақпарат ғаламторда тез тарады....

ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА 32 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА 32 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Семей қаласындағы перинаталдық орталық пен сол жағалаудағы бөлімшесінде 31 желтоқсан түні мен 1 қаңтар аралығында 32 сәби дүниеге келген. Ақ халаттылардың айтуынша, Жаңа жыл түнінде дүние есігін ашқан сәбилер мен...

СЕМЕЙДЕ МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ 80-НЕН АСТАМ ҚЫЛМЫСТЫҢ  ІЗІ СУЫМАЙ АШЫЛДЫ

СЕМЕЙДЕ МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ 80-НЕН АСТАМ ҚЫЛМЫСТЫҢ ІЗІ СУЫМАЙ АШЫЛДЫ

Семей қаласында тәртіп сақшылары мереке күндері күшейтілген режімде жұмыс істеді. Демалыс күндері тәртіп сақшылары үш ауысымда қызмет атқарып, қоғамдық қауіпсіздікті жіті қадағалады. «Күн сайын көңіл көтеретін орындарда кезекшілік ұйымдастырылды. Мереке...

УНИВЕРСИАДАҒА СЕМЕЙДЕН 3 СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

УНИВЕРСИАДАҒА СЕМЕЙДЕН 3 СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Алматыда 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтетін 28-ші қысқы студенттік Универсиадаға Семей қаласынан биатлон, конькимен жүгіру және шаңғы жарысы бойынша үш спортшы қатысады. Семей қалалық дене шынықтыру және спорт...

ИІС ТИІП УЛАНҒАН ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ИІС ТИІП УЛАНҒАН ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Семейден 90 шақырым жердегі Знаменка ауылының тұрғындары, бүтіндей бір отбасы, түтіннен уланып қалды. Жедел жәрдем стансасының ақпаратына сәйкес, 8 қаңтар күні Знаменка ауылының тұрғындары ауылдан 10 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа...

ДАНИАЛ АХМЕТОВ: ЕНДІ СЕМЕЙЛІКТЕР АЛЫС ЖЕРЛЕРГЕ ҚИНАЛМАЙ ЖЕТЕТІН БОЛАДЫ

Әр  жылдың  өз  ерекшелігі, артықшылығы бар.  Өтіп кеткен 2018, яғни жеті қазынаның бірі болып саналатын саналы жануар жылы жайлы сәуегейлер жағымды жорамал жасаған еді. Айтса айтқандай, өткен жыл еліміз үшін де, аймағымыз үшін де жақсы жыл болды. Ең бастысы, елімізде бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрып, кездейсоқ келеңсіздіктер байқалған жоқ.

Өткен жылдың соңғы аптасында, 28 желтоқсан күні облыс әкімі Даниал Ахметов Семейде болды. Аймақ басшысы бұл сапарында көптен күткен бірқатар нысандардың аяқталуын өз көзімен көріп, тұсауын кесті. Жақсы істерді көріп, халықпен бірге қуанды. Жылды қорытындылай отырып, алдағы атқарылар істерді белгіледі. Жергілікті биліктің жұмысына баға беріп, болашаққа жоспар жасады.

Бұл күні аймақ басшысының қатысуымен іске қосылған алғашқы нысан - Семей қаласының халықаралық әуежайы. Сондай–ақ Даниал Кенжетайұлы жаңа балабақшаның ашылуында болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Семей әуежайы рейстер қабылдауға дайын

Қалаға келген жолаушылардың алғашқы пікірін қалыптастыратын әуежай - әр қаланың бетке ұстар қақпасы. 40 жылдай уақыттан бері жұтаң тартып, тозып тұрған Семейдің әуежайы соңғы екі жылдан бері жөндеуге жабылған болатын. Алматы мен Астанаға қатынайтын екі ұшақ та көзден бұлбұл ұшып, Өскеменге тәуелді болып қалған семейліктерге қолайсыздық туғызып жүрген осы мәселенің шешілгені өткен жылды аяқтар сәттегі жағымды жаңалықтардың бірі болды.

Сонымен, сүйінші, ағайын! Семей қаласының халықаралық әуежайының жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, әуежай өз аэродромында рейстер қабылдауға дайын. Жаңа әуежайдың қызметімен танысқан аймақ басшысы атқарылған жұмысқа оң бағасын берді.

- Қайырлы күн, құрметті қонақтар, жерлестер! Әуежайдағы жөндеу жұмысын қалай бастағанымыз есімде. Осыдан екі жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын іске асыру мақсатында Семей қаласының халықаралық әуежайын қайта жөндеу жұмыстарынан өткізуге қомақты қаржы бөлінген болатын. Жарықтың көмегімен белгі беретін жаңа құрылғы орнату арқылы әуежайды халықаралық дәрежеге лайықтадық. Жөндеудің арқасында бұл нысан 400 тоннаға дейінгі жүк ұшақтарын да қабылдайтын болды.   Әуежайдың ұшу-қону жолағы жаңартылып қана қоймай, жаңа күту аэробекеті бой көтерді.  Бұл кешен сағатына 200 жолаушыны өткізе алады.  Оның 80 пайызын ішкі рейс жолаушылары құраса, 20 пайызы сыртқы рейстерге тиесілі. Міне, еңбек өз нәтижесін беріп, жоспарланған жұмыстар мәресіне жетті. Енді семейліктер айшылық алыс жерлерге 1-2 сағатта ғана жететін болады. Әуежайымыз құтты болсын! Барлықтарыңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін,- деді Даниал Кенжетайұлы.

Семейдің әуе айлағы «Боинг» және «Эйрбас» сынды лайнерлерді қабылдауға қауқарлы. Мұнда ішкі және сыртқы рейстерге арналған күту залдары, сол секілді жүк терминалы қарастырылыпты. Жылыту әрі су құбырлары түгелдей жаңартылыпты. Әуежайдың ашылуынан Қазақстан және шетел авиакомпаниялары хабардар.

Әуежайға күрделі жөндеу жұмысын жүргізген мердігер кәсіпорын - «Терезе» ЖШС. Әуежай ғимараты заманауи үлгіге сай жөнделіп, ұшып-қону жолағы тұтастай жаңартылған. Қос қабатты бетоннан тұратын жаңа алаңның ұзындығы үш мың метрден асады. Күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен әуежай ендігі кезекте халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Ол жолаушылар және жүк әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдай алады.

Сөзіміздің басында айтып кеткендей, бұрын Алматы мен Астана бағытында ғана ұшақтар қатынайтын әуежайда алдағы уақытта, Қазақстан аймақтарынан бөлек, Ресейдің қалалары мен алыс-жақын шетелдерге де сапарлауға мүмкіндік туады деген жоспар бар. Сол секілді әуе қақпасының логистикалық әлеуеті де зор. Семей шаһары Ресей Федерациясы және Қытай Халық Республикасының арасындағы дәлізде орналасқанын ескерсек, аталмыш нысан жүк тасымалының ілгерілеуіне сеп болары даусыз.

Әлемге Абайымен атақты, ядролық сынақ алаңымен танымал Семейдің әуежайының жаңартылуы Елбасы ерекше назарында ұстап отырған мәселелердің бірі туризмді дамытуға да мол мүмкіндік берері сөзсіз. Айтпақшы, әлеуметтік желілерде әуежайға ат беру жайлы да әртүрлі ұсыныс, пікірлер айтылып жатқанынан көпшілік хабардар болар. Облыс әкімі  еліміздің рухани, мәдени астанасы Семейдің әуежайына қазақтың Бас ақынының атын беру жайлы халықтың ұсынысын қолдайды деген үміттеміз.

«Өрлеу» балабақшасы ашылды

«Тәрбие тал бесіктен басталады» десек, балалар бақшасы - білімді ұрпақтың санасын қалыптастыратын алғашқы баспалдақ. Елімізде балалар бақшаларының көптеп салынуы, олардың талапқа сай болуы мемлекет бақылауында тұрған маңызды мәселелердің қатарында.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Семейде болған осы сапарында Ұшақтар кентінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде 280 орынға арналып салынған «Өрлеу» балабақшасының ашылу салтанатына қатысты. Балабақшада мемлекеттік тілде оқытатын 12 топ жұмыс істейді. Мекеме бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытатын ойындарға арналған заманауи құралдармен жабдықталып, балалар көркем әдебиеттерімен қамтылған. Бүлдіршіндердің тәрбиесі мен білімін дамыту бағытында әдіскер, психолог, хореограф, орыс және ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, логопед, дене тәрбиесі бойынша нұсқаушы, музыкалық жетекші, сурет мұғалімі жұмыс істейді.

Балабақша жұмысында «Step by step» тәрбиелік білім беру технологиясы қолданылады. Күніне төрт уақыт тамақтану, түрлі ойындар мен іс-шаралар өткізу, серуендеу, күндізгі ұйқы, балаларға арналған бос уақыт қарастырылған.

Мекеменің құрылыс жұмыстарымен “Сəт - Транс” ЖШС айналысқан. Аймақ басшысы бұл нысан мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде салынған екінші балабақша екенін атап өтті.

- Бұған дейін дәл осындай балабақша Қарағайлы шағын ауданында бой көтеріп, пайдалануға берілген болатын. Бүгін тағы бір балабақша есігін айқара ашып отыр. Осылайша, біз семейлік бүлдіршіндерді мектепке дейінгі біліммен толық қамту мақсатында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Семей қаласының кəсіпкерлері мемлекеттік-жекеменшік əріптестіктің мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады,- деді облыс басшысы Даниал Ахметов.

Жедел медициналық жәрдем ауруханасы

Денсаулық  сақтау  саласын  дамыту қашанда маңызды саналған. Елбасы өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында да денсаулық сақтау жұмысына ерекше тоқталған болатын.

Облыс әкімінің Семейге іссапары Жедел медициналық жәрдем ауруханасында жалғасты. Жедел медициналық жәрдем ауруханасындағы гибридті ота залын жабдықтау жұмыстары 2019 жылдың наурыз айында аяқталмақ. Сондай-ақ мұнда травматология институтының филиалы да ашылады.

- Еуразиялық экономикалық кеңістіктегі алғашқы гибридті ота залы Семейде болады. Травматология институтының филиалы да осында ашылады. Жуырда ғана мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынған заманауи офтальмологиялық орталықтың ашылуына қатыстым. Семейде медициналық қызмет көрсету сапасы жақсарып келеді,- деді Д.Ахметов.

Жедел медициналық жәрдем ауруханасының басшысы Ерлан Бүркітовтің айтуынша, ауруханаға 1 млрд. 235 млн. теңгеге құрал-жабдықтар алыныпты.

- 330 млн. теңгеге политравма және ортохирургия орталығының құрал-жабдықтары орнатылды және толығымен жұмыс істеп тұр. 10 маманымыз - 3 травматолог, 2 невролог, 2 кардиолог, 1 сәуле диагностикасы дәрігері, 1 функционал дәрігер және менеджер Англияда 3 айлық курстан өтті. Бірқатар дәрігерлер Астана қаласындағы медициналық орталықтардан біліктілігін шыңдап қайтты,- дейді аурухана басшысы Ерлан Бүркітов.

Соңғы үш жылда Жедел медициналық жәрдем ауруханасына, Ана мен бала орталығына және онкология орталығына жалпы құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын құрал-жабдықтар сатылып алынған.

«Абай Арена» кешенінде

Аймақ басшысы Даниал Ахметов осы жолғы сапарында Қарағайлыға да соқпай кетпеді. «Абай Арена» кешенінің құрылыс жұмыстарын және ауданды абаттандыру жұмыстарын тағы бір мәрте пысықтады. Атқарылған жұмыстар туралы мердігер мекеме «Азия» фирмасы» ЖШС директоры Сәуле Досқұжанова баяндады.

Естеріңізге сала кетейік, 5 мың адамға арналған «Абай Арена» мәдени спорт кешенінің құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталған болатын. Бүгінде үш блоктан тұратын кешеннің ғимаратына жылу жүйесі тартылған.

- Мен мұнда бір ай бұрын ғана болдым. Сол аралықта көп жұмыстар атқарылыпты. Ғимаратқа жылу берілді. Бір жылдан кейін Семей қаласында тамаша мәдени-спорттық кешен есігін айқара ашады. Бұл семейліктерге үлкен сыйлық болғалы тұр. «Абай Арена» барлық қазақстандықтарды қызықтыратыны сөзсіз. Семейлік тұрғындар бос уақыттарын өткізу үшін осында ағылатын болады,- деді Даниал Ахметов.

Газетіміздің өткен санында осы ауданнан қысқы Спорт сарайының салынатыны туралы оқырмандарды хабардар еткен едік. Бұл Мұз сарайы да облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен бой көтермек. Семейде қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында салынатын нысанда хоккей, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, керлинг, коньки және басқа да сайыс түрлері өтеді деп жоспарлануда. Сонымен қатар жылдың төрт мезгілінде де мұндағы қосымша залдарда қысқы спорт түрлерінен жаттығулар өткізуге болады.

Аймақ басшысы айтқандай, нысан мемлекеттік–жекеменшік әріптестік негізінде тұрғызылады. Жобаны астаналық «Medeo Invest» жүзеге асырмақ. Мұз сарайы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанында орналасады деп күтілуде.

Спорт академиясы

Аймақ басшысы Даниал Ахметов қаламыздағы Спорт академиясына барып, Жапония мемлекетінен келген маман Саэ Ишид баптайтын «Алтай-4» волейболшылар командасымен кездесті. Команда 14-17 жас аралығындағы 30 қыздан құралған.

- Біз әлемдік аренада мықты командалардың бірі «Алтай» волейболшылар клубын құрдық.

Осыдан 3 жыл бұрын әлемдегі мықты клубтардың бірін құруды жоспарлағанда, кейбір кәсіпқой спортшылар күмәнмен қараған болатын. Биылғы жылы қыздар құрамасы Әлем чемпионатында 5-ші орынға ие болды. Мұнда волейболшыларды Жапония, Сербия, Ресей мемлекетінен келген білікті бапкерлер жаттықтырады. Келешекте негізгі ұлттық құрама болуды және 2020 жылғы Олимпиада ойындарында жоғары нәтиже көрсетуді мақсат етіп отырмыз, - деді Даниал Ахметов.

Спортшылар құрамының дайындық қарқынын көрген Даниал Ахметов бапкерге алғысын білдіріп, тек жоғары нәтиже күтетінін айтты.

- Келесі жылдан бастап сіздер автоматты түрде «Алтай-3» кәсіби клубының мүшесі боласыздар. Сондықтан көп жұмыс істеу керек. Бапкерлеріңіз - өз ісінің шебері. Осы тамаша мүмкіндікті жібермей, көп нәрсені үйреніп, көп жаттығып, жақсы нәтиже көрсету қажет. «Алтай» Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысатын негізгі ұлттық волейбол командасы болатынына сенімдімін,- деді Даниал Ахметов.

«Алтай» волейболшылар клубы» ЖШС 2017 жылы 1 қаңтарда құрылған. Клубтың басты бағыты - спортшыларды іріктеу және Қазақстан Республикасы құрама командасының лайықты резервін дайындау. «Алтай» волейболшылар клубында 6 команда бар. Оның ішіндегі «Алтай - 4» командасы осы жылдың қыркүйек айында құрылған болатын.

Міне, облыс әкімі Даниал Ахметов жыл соңында Семейде болған сапарын осылай қорытындылады. Атқарылған істер аз емес. Алдағы жылға жасалған жоспар да ауқымды. Аймақ басшысының Семейді көркейтуге ынтасы зор екендігі қала тұрғындарының назарында. 2019 жылы да жоспарлы жұмыстар жүйемен іске асып, ел игілігіне қызмет етсін деп тілейік.

Қуандық НӘДІРБЕКҰЛЫ,

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту

Меншік иесі: «Семей таңы – Вести Семей газеттері» ЖШС

Техникалық директор:Қайрат Жолобаев

Бас редактор: Ерзат Жанатұлы

           

Ескерту! Кез келген

материалды көшіру және жариялау

үшін редакцияның арнайы

рұқсатын алу қажет!

 

Телефон: 8-775-746-46-70,

8-707-372-57-00

Кеңсе тел.: 8-7222-52-36-57